Тәрбие кілті- білімде

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Оспанова Балғаным Дүйсенқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ

«ИТжҒЖГПОӘ» кафедрасының аға оқытушысы

Қоныспаева Нұргүл Қорғанбайқызы

СҚО, Мамлют ауданы

С.Г.Гуденко атындағы Дубровное орта мектебі, қазақ тілі пәні мұғалімі

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".

«Тәрбие – тәртіптің құлы» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай

тәрбиенің ерте кезден бері келе жатқан ізгілікті қасиеттерін болашақ жас ұрпақтың тұла бойына сіңіру, өмір заңдылығына сай заманауи өмірге деген көзқарасын қалыптастыру ұстаздардың міндеті.

Шоқан Уәлиханов 

           Бүгінгі таңда Қазақстандағы іске асырылып жатқан реформалар барлық білім беру мазмұнының жаңа сапалық тұрғыдан дамуы мен жетілуіне кең тұрғыдан көңіл бөліп отыр. Өйткені дамудағы нарықтық қатынастарға еркін араласуға дайын бүгінгінің және болашақтың азаматтары мен азаматшаларын интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару басты назарға алынған. Аталған мәселелер осы білім мен тәрбие мазмұнының сапасына тікелей байланысты болып отыр. Тәлім- тәрбие қашанда қоғамның дамуы мен жетілуінің аса маңызды фактілерінің бірі. Осыған орай мемлекетімізде білім жүйесінің жаңа тарихында оң өзгерістер белең алып, қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда.

Trava Mista Cano Alto

 

        Бала тәрбиесінің алғашқы қадамы – ол өзінің туған және ұшқан ұясы, өз отбасының басындағы тәрбиесі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған. Баланы алдымен байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулитын ата-анасы.

Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі өте жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата- ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Бала әр нәрсеге сенгіш , тез қабылдағыш, еліктегіш келеді. Ата- аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен , жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді. Ата- ананың тіршілігіндегі көрген қызығы , жақсылығының ең бағалысы ол- перзенті. Отбасы- адам баласының өсіп – өнер алатын ұясы. Отбасының негізгі міндеті- баланы еңбек етуге, жарқын сезімдермен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлікпен шыдамдылықты талап етеді. Бала ата- анасын, ата- ана баласын танымайынша, сенімді тірек болса, тәрбиеші де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана, барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Бала балабақшаға келген күннен бастап, тәрбиеші мен ата- ана арасында тығыз қарым қатынас орын алуы тиіс. Өйткені, әр отбасының өзіндік әдет ғұрпы, қалыптасқан тәртібі болады.

Тәрбие- білім өзегі болғандықтан, тәрбиеші мен отбасы байланысы тығыз болуы керек. Баланы дамыту, ой өрісін жетілдіру үшін тәрбиеші де, ата- ана да баланың жан дүниесін білуі керек,оны жеке тұлға ретінде тануы қажет. Отбасындағы берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десеңіз, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер деп, ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Бала – отбасының бақыты. Баламен сөйлесе отырып қуаныңыз, себебі бала сіздің жаныңыздағы мереке.

       Жазушы педагог Ж. Аймауытов «баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек. Себебі, балаға айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек » - деген. Осы бір ұлағатты ойдың астарында отбасында ата- анасынан, мектепте- ұстаздардан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Оқушыларға тәрбие сағаттарында төмендегідей кеңес беру әдетке айналса, артықшылық етпейді.

  1. 1)Адамды жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. 
  2. 2)Әдепсіз сөз, дөрекі айқай-тәрбиедегі жаман әдіс. Адам оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
  3. 3)Өзің сыйламай тұрып, өзіңе ілтипат, құрмет талап етудің өзі ұят.
  4. 4)Адамның айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін тыңдап, ақыл-кеңе беру керек.
  5. 5)Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап кұрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала сондай болуға ұмтылады.

           Мейірімділік-адамның бет әлпетінен, іс-әрекетінен көрініп тұратын шынайы қасиет. Сондықтан кімде-кім басқа адамның ақыл-ойы, мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенінше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе ол мейірімділікке  жатады.

                       Жақсыдан жаман туады

                       Бір аяқ асқа алғысыз.

                       Жаманнан жақсы туады

          Адам айтса нанғысыз - дегендей, бала тәрбиесін жіберіп алмай дер кезінде айналысу қажет. Сонымен қатар әр баланың әдепті, сауатты, саналы, Отанының патриот азаматы болып жетілуіне маңызды ықпал ететін білім беру жүйесі мен білім ордасы. 

          Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы» -делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелерін сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» – делініп, балалардың тағдыры айтылады. Ендеше,  бала –  өмірдегі игі істерді жалғастырушы және оның болашағы болып табылады. Сондықтан ата-ана да, ұстаз да баланың болашағы үшін бар қызметті аянбай жасауы керек. «Балам деген жұрты болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» деп әдеби зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, еліміздің болашағы жастарды тәрбиелеуде аса мұқияттылық пен қажырлы еңбек ету керек деп түсінеміз. Ұлттың тәрбиесі –ұлтымыздың болашағы екені айқын. Білімді және денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, ең алдымен берілетін тәрбиенің дұрыс болуы абзал. Мектепте балаларды жан-жақты білім алуына, озық технологиялармен жұмыс істеуіне бар жағдайлар жасалып отыр. Оның барлығы елімізде жасалып отырған білім беру жүйесіне деген оң көзқарас екенін түсінуге болады.

            Көк тудың астында жүз отыздан астам ұлт өкілдері тату, бірлікте, ынтымақтастықта, достықта өмір сүріп жатыр. Бұл біздің басқа ұлттармен тереземіз тең, ортақ шаңырақтың астында өмір сүріп жатқанымызды көрсетеді.  

         Кез-келген елдің болашағы сол елдің өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты. Сол себепті, білім саласында болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер  уақытылы деп айтуға болады. Бұл өсіп келе жатқан жастардың алда тұрған үлкен және жауапты істің барын аңғартады. Осының барлығын түйіндеп, бір жүйеге ортақтастыра келе, елімізде білім беру жүйесі күрделі кезеңге бет бұрды деп есептейміз.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу - аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ басқарғанда ғана өркениет алға дамымақ. Ендеше, жас ұрпаққа білім беру, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа нені оқытатыны, қалай оқытатыны туралы қайта қаралуда. Біздің елімізде де осы мәселе бойынша соңғы жылдар ішінде өтіп жатқан мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары осы өзекті мәселелердің шешімін қарастыруда.

Шындығындa мұғaлімнің aлдындa oқушылapғa білім мен тәpбие беpуде үлкен жaуaпкеpшілік тұp. Әpбіp oқушыны oқытып тәpбиелеуге бaйлaныcты мәcелелеpді өздігімен және шығapмaшылық ынтaмен шешуге қaбілетті жaңaшыл мұғaлім кеpек. «Мұғaлім көп әдіcті білуге тыpыcуы кеpек. Oны өзіне cүйеніш, қoлғaбыc нәpcе еcебінде қoлдaнуы кеpек»,-деп Aхмет Бaйтұpcынoв aйтқaндaй, қaзіpгі зaмaн тaлaбынa caй білім беpу мәcелеcі coл қoғaм мүддеcіне caй бoлуы кеpек.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика