Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Мектеп жасына дейінгі балалардың полимәдени тәрбиесі он екі жылдық білім беруге көшу кезеңінде табысты оқыту факторы ретінде

Рейтинг:   / 4
ПлохоОтлично 

Сейітова А.Т.,

«Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы КМҚК басшысы

Полимәдени тәрбие көкейкестілігі уақыт талабымен байланысты. Бәсекеге қабілетті  әлемде адам тілдер білмеуінсіз жетістіктерге жетуі мүмкін емес. Бүгінде  еркін, дамыған және білімді,  өзгермелі әлемде  жұмыс жасай алатын   тұлға  бағаланады,  бұл өз алдына  тұлғада  жан-жақты дамуын,  әлемдік қауымдастыққа кіру  және онда табысты қызмет ету мүмкіндігін  беретін коммуникативтік қабілеттер болуын талап етеді.

 

Полимәдени кеңістікте тәрбиеленіп, дамитын адам қазіргі заманның білім  беру  жүйесінің  өзегі болып табылады. Ұлттық сана-сезімнің дамуы, этникалық және этномәдениетте  өзін тануға  талпыныс халықтардың өзінің ұлттық мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағы халықтар мәдениетіне қызығушылықтан туындайды. Полимәдени ынтымақтастыққа көшу өзімен  жер жүзінде   көршілес халықтарды түсіну тілегі ғана емес, оның тілін меңгеру тілегі болады. Қазіргі әлемдік өркениет пен   мәдениет  диалогында тілді  қолдануға байаланысты сұрақтарға соңғы уақытта көп көңіл бөлінеді.

Президент Н.Ә. Назарабев өзінің Қазақстан халқына  Жолдауында «...осы замандағы қазақстандық үшін үш тілді меңгеру – өзінің игілігінің міндетті шарты» делінген. Әлем билингвизм дәуіріне келіп жетті,  әр адамға кемінде екі тіл жүйесін қамту қажеттілікке айналған қос тіл кезеңіне аяқ басты, үшінші мыңжылдықта адамзат түрлі елдер, халықтар мен мәдениеттердің өзара байланысы мен тәулділігін кеңейту жолы бойынша  дамуда.

Балалардың коммуникативтік құзыреттілігін меңгеруді көздейтін қазіргі мектептің 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін мектепке дейінгі жастан басталатын  жалпы білім берудің ажырамас бөлігі  болып табылады. Тілді қатынас құралы ретінде  үйрену  осы тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін  зерделеусіз мүмкін емес.

Осындай өзара байланыс және  мәдениет пен тілдің өзара негізделуі мектеп жасына дейінгі балалардың көп мәдени тәрбиесі мәселесіне назар аударуды талап етеді.

Полимәдени тәрбие – балалардың мектепте табысты оқуының кепілі, өйткені мектепке дейінгі жас – ол тұлғалық мәдениет негізі қалыптасатын кезең. Бүгінде  балаларымызда өздерін бір ұлт өкілі ретінде сезінуі  мектеп табалдырығын аттауға дейін қалыптасады. Балалардың полимәдени тәрбиесін зерттеуші Э.К. Суслованың «Балалар ұлттық факторды сезгіш болады» деген тұжырымымен мектепке дейінгі жастағы балаларда  ұлтаралық қатынас этикасын қалыптастыру өзектілігі негізделеді. Бұл кезең балада туған мәдениетіне қызығушылық пен құрмет сезімдерін  дамыту, этникалық мәдениеттер әралуандығы мен ерекшеліктерін қабылдау,  адамдарға ұлтына қарамай мейірімділік танытудың  ең жағымды уақыты.

Полимәдени тәрбиесімен өскелең  ұрпаққа адам тұлғасын құрметтеуге дағдыландырумен байланысты мәселелерді шешу де мүмкін болып жатады.

Полимәдени тәрбие  жаңа құбылыстардың бірі. Бүгінгі күнде  полимәдени тәрбиенің ғылыми-теориялық негіздері қалануда (Г.Д. Дмитриев, В.В. Макаев және т.б.).

Зерттеулердің басым бөлігі мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттар  мәдениеттерімен таныстыруға арналған (Е.С.Бабунова, Т.Ф.Бабынина, Т.В. Черник).

Полимәдениеттілік пен толеранттылық  педагогикасының ғылыми-әдістемелік негіздеріне сүйену мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін неғұрлым тиімді жүзеге асырады, егер мынадай педагогикалық талаптар сақталатын болса:

Полимәдени тәрбиенің ғылыми-негізделген мазмұнына ұлттық мәдениеттер: халық ауыз шығармашылығы, халық әні шығармашылығы, декоративті-қолданбалы өнер, ойын, дәстүр компоненттері  кіруі тиіс;

Балаларда ұлттық мәдениеттер туралы білімі мен ұғымдарын қалыптастыруға, патриоттық және төзімділік сезімдерін тәрбиелеуге атсалысатын концептуалды  модель болуы талап етіледі.

Полимәдени тәрбие технологиясында біртіндеп «жақыннан алысқа» қағидасы қолданылуы маңызды.

Мектепке  дейінгі білім ұйымындағы полимәдени тәрбие  үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Ақпараттық  қанықтыру (түрлі халықтар дәстүрлері, әдет-ғұрып туралы білім, мәдениет  ерекшеліктері мен құндылықтары және т.б. хабарлау)

Эмоционалдық ықпал (бірінші «ақпараттық қанықтыру»  бағытын іске асыру барысында  балада қабылдауын мақсат ету, оның «сезімдерін» қозғау)

Мінез-құлық нормалары (халықтар арасындағы өзара қатынас нормалары, этикет ережесі  туралы баланың  білімі оның мінез-құлқында  көрініс табуы  тиіс)

Мектеп жасына дейінгі баланың полимәдени тәрбиесінде осы үш бағытты іске асыру үшін түрлі құралдар қолданылуы қажет:

Басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау;

Халық ауыз шығармашылығы;

Көркем әдебиет;

Ойын, ұлттық ойыншық пен ұлттық қуыршақ;

Декоративті-қолданбалы өнер, кескіндеме;

Музыка;

Этникалық шағын мұражайлар;

Ұлттық тағам.

Жоғарыда аталған құралдардың бәрін пайдалану тиімділігі көбіне педагогке, оның  адамгершілік мәдениеті мен кәсіби этикасына байланысты.  Балалардың полимәдени және ұлттық тәрбиесіндегі мектепке дейінгі балалар ұйымы мен мектеп арасындағы сабақтастықты сақтау өте маңызды

Басқа халық  әдет-ғұрпы, мәдени құндылықтары, мінез-құлқының әдетті нормалары туралы хабарланатын білім негізі  өз мәдениетінің этникалық ерекшеліктерін толық меңгеруі – өз халқының ерекшелігін құрметтейтін  және түсінетін адам басқа этникалық топтардың мәдени құндылықтары ерекшеліктерін түсіне алады.

Полимәдени тәрбиеде мынадай бірізділік мақсатқа лайық:

Өз халқына деген сүйіспеншілік пен құрмет, оның мәдени-тарихи жетістіктерін мақтаныш етуді дағдыландыру деп түсінілетін ұлттық тәрбие;

Адамдарды айналасындағы ұлттармен таныстыру, көршілес халықтардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері негізінде көршілес ұлттар құрдастары мен ересектерге мейірімді қатынас қалыптастыру;

Алыстағы  халықтардың этникалық ерекшелігі туралы білімді хабарлау  мен  жер жүзінің ұлттық сан-алуандығына эмоционалды оң қатынас  қалыптастыру.

Біздің «Ақ бота» бөбекжай-бақшасында полимәдени тәрбие тақырыбы  маңызды болып табылады және оны ұйымдастыру үшін барлық  жағдай бар, балаларда  қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрену, басқа халықтардың  өзіндік мәдениетімен танысу мүмкіндіктері бар.

Педагогикалық үрдіс толығымен балаларды көпұлтты мәдениет аспектілеріне  тартудың маңызды бағыттарына сәйкес  құрылады, осымен мынадай полимәдени тәрбие мақсаттарына жетуге:

Балалардың үйренетін тілдер елі мәдениетімен танысу;

Басқа ұлт өкілдеріне қызығушылық, төзімділік пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу;

Балаларды басқа ұлтты құрдастарын түсінуге, ұлттық салт – дәстүрлерін құрметтеуге, әдет-ғұрыптарын түсінуге үйрету;

Балаларға барлық адамдар тең және бейбітшілік пен келісімде өмір сүру қажеттілігін түсіндіру;

Полимәдени тәрбие мәселесінде балабақша мен отбасы байланысын жақсарту;

Балалардың  өз ұлтын  мақтан тұтуға , мәдени мұрасын сақтау мен  арттыру тілегін тәрбиелеу;

Педагогтардың мәдени деңгейін арттыру және  адамгершілік сезімдері негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды халық мәдениетіне тарту және тәрбиелеу бойынша жұмысқа кәсіптік дайындықты жетілдіру;

Педагогтар, ата-аналар мен балаларда басқа адам өміріне қатысты төзімділікті және мәдени кейіп пен эмоционалды саласындағы әралуандықты түсінуге негізделген  мінез-құлық стилін дамытуда көмек беру.

Алға қойған барлық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін сауатты ұйымдатырылған  заттық-дамыту орта қажет. Сондықтан барлық жас шамасындағы  топтарда  туған елдің ,  жақын және алыс шетел халықтарының мәдениеті ерекшеліктерімен таныстыратын ұлттық бұрыштар, көрмелер, альбомдар ресімделген.

Тәрбиешілердің болжамалы  жоспарларында қазақ және орыс  халық ауыз шығармашылығы құралдарын: ертегі, жаңылтпаштар, мақал - мәтелдерді пайдаланумен түрлі халық мерекелері, ойындары, сауық-думандарын өткізу, сонымен қатар, серуен, саяхат, экскурсиялар  тақырыптары көзделген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері өз сабақтарында  және бірлескен ойын қызметінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қарапайым коммуникативтік міндеттерді өздігінен шешу дағдыларын қалыптастырып қана қоймайды, балаларды үйрететін тілдер елдері мәдениетімен таныстырады. Педагогтар елтану білімдерді  арттыруға бағытталған тақырыптық сабақтар, мерекелер, сауық-думан мен «тіл апталарын» өткізеді.

Музыкалық жетекшілер  баланың жан күйзелісі әлемі мен сезімдері, көңіл-күйінің әралуандығын  дамытуға атсалысатын халық шығармашылығы, фольклорға көп көңіл бөледі, ұлттық музыка әсемдігін түсінуге үйретеді.

Хореограф балаларды  өнердің ең сүйікті түрі – биге  үйрете отырып, көп мәдени тәрбиеге баға жетпес үлес қосады. Басқа халық биін түсіну үшін тілді білудің керегі жоқ: бұл адамдардың өз сезімдері мен эмоцияларын білдірудің алғашқы  құралдарының бірі. Қазақ, орыс, өзбек және т.б. халық билеріне үйретумен педагог баланың дүниетанымын байытады, коммуникативтік дағдыларын тәрбиелейді, басқа мәдениет пен өркениетті танып, құрметтеуге, адамдар мен  халықтар арасында түсінушілік болуы қажеттігін түсінуге үйретеді.

Полимәдени тәрбие үрдісіне бейнелеу өнері бойынша сабақтар  елеулі  үлес қосады. Осындай сабақтар мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық декоративті-қолданбалы өнер, кескіндеме және ою-өрнек элементтерімен таныстырады. Балалар бейнелеу өнері ережелерін таниды, бояу мен  өрнектердің ұлттық колоритін  пайдаланады.

Дене шынықтыру сабақатырнда ұлттық ойындармен танысу өтеді.

Педагог-психолог тұтастық, өзара әрекеттесу, түсіністікке бағытталған  «Біз бірге: бір жер бетінде, бір аспан астында» тақырыбында сабақ өткізеді.

Балабақшаның педагогикалық ұжымы өз балаларының  полимәдени тәрбиесіндегі отбасының әлеуметтік ролін арттыру бойынша жұмыс жасайды. Отбасы  дәстүр көзі, балаға адамдармен қатынас жасау бойынша  маңызды тәжірибе береді, онда ол қарым-қатынас жасауға, коммуникация амалдарын меңгеруге, басқаларды тыңдауға және пікірлерін құрметтеуге, өз жақындарына сабырлық пен ілтипат  танытуға үйренеді. Қатынас жасау тәжірибесін меңгеруде ата-аналар мен туысқандарының жеке үлгісі маңызды.

Ата-аналараның эстетикалық мұқтаждары деңгейі мен ұлттық мәдениетке қатынастары  балалар қызығушылықтары тікелей тәуелділігін ескере отырып, ата-аналар  полимәдени тәрбие бойынша іс-шараларға белсенді қатыстырылады.  Олар  мереке, таңертеңгіліктер, викторина, сауық-думан, сайыс, жарыс, көрмелер мен басқа  осындай іс-шаралар өткізуде  көмекшілер ғана емес,  қатысушылар да болып жатады. Біз педагогикалық ұжымның ата-аналармен бірге полимәдени тәрбие бойынша өткізетін  жұмысы білім берудің рухани-адамгершілік негізі деп есептейміз. Руханилық  болмаған жерде ғылыми білім, жаңа технологиялар мәнсіз болады, осымен мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтік қызметке қатыстыру, полимәдени ортада өмір сүру мүмкіндігі бар және  даяр кішкентай азамат тәрбиесі – көңіл бөлуді талап ететін қазіргі замандағы мектепке дейінгі білім берудің  өзекті  мәселесі.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика