Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Рухани жаңғыру аясында ұлттық тәрбие мен білім беру

Рейтинг:   / 0
Автор: Рахимжанова  Шолпан Серікқызы
«№23 орта  мектеп» КММ
қазақ тілі  мен әдебиеті  мұғалімі,
директордың  тәрбибе  ісі  жөніндегі орынбасары

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Мәңгілік ел- ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел», -деді. Сондықтан да,  біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен  таныстыруымыз керек. Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Ендеше, бұл тұрғыда ата-ана мен ұстаздың атқарар ролі зор. Осы  мақсатта мектебіміз  2018-2019 оқу  жылына Тәрбие  жұмысы  жоспарын  бекітті.  Жоспарда  өскелең ұрпақты ұлттық идеяның құндылықтарымен тәрбиелеудің негізгі тұжырымдары берілген.  Олар әлеуметтік құндылық, тәрбие ұстанымдары мен ойларын біріктіру, халықтар мәдениетін үйлестіру және сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Арнайы кезеңдерге бөлінген, нақты мақсат міндеттері мен күтілетін нәтижесі анық көрсетілген осы жоспар аясында біздің мектебімізде белгілі бір міндеттер  құрылып, жұмыс жасалуда. Мақсатымыз - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету. Оқушыларға рухани жаңғыру аясында ұлттық төл мәдениетімізді , салт-дәстүрлерімізді насихаттау.  Міндетіміз - білім беру үдерісіндегі қолданатын жұмыстардың ерекшелегін анықтау, инновациялық технологияларды қолдана отырып өзгерту, «Мәңгілік ел» идеясының сан қырлы формаларын қолдана отырып, педагогтың шеберлігін көтеру. Сол арқылы оқушылардың  бойында азаматтық, патриоттық, өзіндік сан-сезімді қалыптастыру. Жоспар  аясында орта  білім  беру  ұйымдарында  білім  беру саласын басшылыққа ала отырып, патриоттық сезімді қалыптастыруға байланысты әр түрлі тақырыптарда сыныптан тыс іс-шаралар, кеңестер мен дөңгелек үстелдер, ата-аналармен бірлесіп атқаратын жұмыстар жобада жоспарланған.

Мәселен,  қазақ тілі  мен әдебиеті әдістемелік  бірлестігі  мұғалімдері Солтүстік өңірінің көрнекті  жазушысы, ақыны,  публицист Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына  орай 6 - шы  сынып оқушылары  арасында «Мен жастарға сенемін» атты  әдеби-сазды  кеш өткізді.  Кейін мектептің  тәрбие  ісі  жоспарына  сәйкес мектеп оқушылары ақынның  туып-өскен жері  Солтүстік  Қазақстан облысы,  Мағжан Жұмабаев  ауданы, Сартомар ауылына экскурсияға барып, ақынның кіндік  тамған жерімен танысты. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Осы  ісшараныңң негізгі мақсаты - дені сау, рухы таза, ойы жетік, шешен де шебер болашақ ұрпақты тәрбиелеу. Осы ісшара негізінде  балаларды тәрбиелеу мен оқытуда халық педагогикасын кеңінен пайдалана отырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді  осы  бастан ақ бала бойына сіңіру болып табылады. 

Подробнее...

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика