Білім мазмұнын жаңарту аясындағы біліктілікті арттыру курсынан кейінгі кезеңдегі мұғалім практикасындағы өзгерістер

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Ф.Б. Ғалымжанова

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Астана қ.бойынша ПҚ БАИ»

Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау

кафедрасының аға оқытушысы

 

Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Ол әр ұлттың өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі жетіліп, уақыт өткен сайын күрделене береді. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгеруде.

nike

Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне, біліктілігіне, кәсіби құзіреттілігіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау білім мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыруды, білім берудің ұлттық моделін жетілдіруді, ақпараттық технологияларды меңгеруді жүзеге асыруда. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінде белсенді түрде инновациялық технологиялар енгізілуде. Сол өзгерістерге сай мұғалімдердің білімі мен біліктеріне қатар олардың кәсіби даму деңгейіне де талаптар күшейді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының іске асуы үшін:оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін енгізу арқылы білім беру саласындағыхалықаралық үрдістерді, білім беру бағдарламасын құру теориясын, оқыту тәсілдерін енгізуге негізболатынтеориялықалғышарттарды қарастырады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының алға қойған мақсаты:оқу бағдарламасыныңқұрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін,мазмұны жәнемақсаттарымен танысып, педагогикалық тәсілдерді түсініп жәнеқолдана білу арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы, оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деп А.Байтұрсыновтың ерекше қолдап айтқан өсиетіне сай, қазіргі әлемдегі мұғалім оқушысының алдында терең білім, жан-жақты білікті тұлғасымен дараланып тұруы тиіс.

Джон Максвелл: «Жетістікке жету үшін, артыңыздан қолдаушыларды ертіңіз, жетістікті еселеп көбейткіңіз келсе - Көшбасшыларды ертіңіз!» -деген екен. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне курстан кейін қолдау  көрсету мақсатында мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Курстан алған білімдерін іске асыруда мұғалімдер өз шеберліктерін көрсетіп жүр. Мұғалімдердің курстан кейінгі іс-тәжірибесінің өзгеруі бойынша жақсы жетістіктер жоқ емес. Мысал ретінде Астана қаласындағы №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжегаримова Айбаршаның жұмыс тәжірибесін беріп отырмын.

2016 жылы сәуір айында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ф Астана қ.бойынша ПҚ БАИ базасында Фариза Баққалиқызының жетекшілігімен орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсынан өттім. Курс өте тамаша деңгейде өтті. Өзім осы курстан қанат бітіп қайттым десем де артық айтпаған болар едім. Қазіргі уақытта мемлекетіміздегі өзекті мәселелердің бірі мектептегі оқушылардың білім сапасын көтеру. Жаңартылған білім беруді бағдарламасының басты мақсаты - оқушыларды өз бетімен білім алуға және алған білімін өмірде қолдана алуға үйрету. Қазіргі оқушы ғаламторды білетін, белсенді, бәсекеге дайын бала. Заманауи сабаққа дайындалу үшін, барлық талаптарды сақтау керек: ынталандыру әдістерін, мақсат қою, психологиялық жағдайды ұйымдастыру, мазмұнды іріктеу, дағдыларды қайталау, жұмыстың әр кезеңін құру, қорытынды шығару, кері байланыс, өз бетінше жұмыс істеуге арналған жұмыстар, топтық жұмысты ұйымдастыру, бағалау, үй жұмысы. Оқушылардың оқытуда толық жетістікке жету үшін сыныпта жағымды жағдай жасау керек. Егер оқушыға сабақ үстінде жағымды жағдай жасалса, ол өзін еркін ұстайды. Сабақ шағын өмір сияқты. Сондықтан сабақ үстінде сенім ортасы болу керек. Бағдарламаның басты мақсаты – мұғалімдердің сабақ берудегі әдіс-тәсілдерін өзгерту, оқушыларды өзгерту. Оқушылар дами отырып, сыни тұрғыда ойлауға дағдылана отырып, жеке тұлға ретінде қалыптаса алады. Бұл курстан өткенге дейінгі сабақтарым қарапайым дәстүрлі сабақтар болатын. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде жаңартылған мазмұндағы курс барысында үйренген белсенді әдіс-тәсілдерімнің пайдасы орасан болды. Сабақ барысында қолданылған түрлі әдістердің көмегі көп болды.

Бірінші сыныпта «Киімдер» тақырыбын өткенде «Киім тігу» әдісін қолдандым.Топта оқушылар киімнің суретін салып, жаңа сөздерді жазып, киімдерді атап шықты.Осы әдіс оқушыларға өте ұнады. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен араласты.

Әр сабақ сайын оқушылар менен жаңалық күтті. Ал мен әр сабақ сайын жаңа әдістерді қолдануға тырыстым. Оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі   емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және   осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар ­ келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылар мен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытудың тиімді жолы диалогті түрлендіру. Өзімнің сабақтарымда   парақтағы диалог, стикердегі диалог, видеоны, суретті сөйлету сияқты әдіс - тәсілдерді қолдану сабақтарымды қызықты және нәтижелі құрлымдауға септігін тигізеді деп есептеймін.

Сабақтағы ең басты мақсатым   ауызекі   сөйлеу тілдерін дамыту болғандықтан, балаларды көп сөйлетуге тырысамын,   оқулық мәтінімен диалог құру балаларға қызықсыз болады. Диалогті түрлендіру арқылы қазақ тілінде сөйлеуге ынталандырдым. Жұптық жұмыс жүргізілгенде «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі өте сәтті өтті.Біріншіден, оқушылырға кәртішкелерді тараттым.5 минуттай оқушылар өздері ойланды. Одан кейін олардың кәртішкенің түсіне назар аударттым.Олар түсіне қарай жұптасты.Одан кейін, жұппен жұмыс жасап, сұраққа жауап берді.Бұл әдісті сабақты бекіткенде қолдандым.Өте тиімді! Енді әрқашан түрлендіріп қолданамын.

«Тікелей радиоэфир» әдісін де қолдандым. Алдымен, оқушылар топта мәтін бойынша сұрақтарды құрастырды. Оның алдында «Қазақстан қалалары» тақырыбын өтті. Әр топ өзіне бір қаланың атауын таңдады. Одан кейін топтан бір оқушыны студияға шақырып, басқа екі топ телефон арқылы сұрақ қойған. Осы форма оқушыларға өте ұнады. Бір оқушы кері байланыста «Бұл менің ең бақытты сабағым»,- деген пікірін айтты. Оқушылардың ризашылығына қатты қуандым.

Топтық жұмыстар, жұптық жұмыстар орындағанда көбінесе графикалық органайзерлерді қолдандым. Олар: «Кластер», «Қос кластер», «Вен диаграммасы» және т.б.

Жыл бойы оқушыларды қадағалап, жақсы өзгерістерді байқадым. Жалпы   материалды   дайын түрде бермей өздеріне оқытып, талдаудың арқасында олардың топ және сынып арасында көшбасшылық қабілеттері байқалды. Бұрын сабақта өзім көп уақыт сөйлейтін едім,   қазір оқушылар сөйлейді, ал   мен тек   қана бағыт   берушіге айналдым. Оқушыларым жақсы сөйлей бастады. Жұпта, топта жұмыс жасауда сабаққа белсене қатыса бастады. Мен үшін осы оқу жылы қызықты, өзгерістерге және жаңа жеңістерге толы жыл болды.

         Ең бастысы берілген мақсатқа сәйкес, сол мақсатқа жету үшін жұмысты жүйелі жүргізу керек екенін білдім. Әр пәннің маңыздылығы, мақсаты, талаптары, қолданылатын педагогикалық әдістер, ақпараттық технологияларды қолдану, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, үш тілділік (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) саясатын жүзеге асыру, оқыту натижелерін бағалау тәсілдерімен таныстық. Ең бастысы: мақсатымызға жету үшін тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары арқылы белсенді оқушы тәрбиелеу екенін ұғындық.

         Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мұғалімдер оқушыларының не білетінін  және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін болжай білуі керек. Тек өз білімін және шығармашылығын ұштай

білген ұстаз ғана жаңаша білім береді. Әрбір жаңашыл мұғалім өзінің шығармашылық әрекетін дәстүрлі стильден алшақтап, үнемі жаңашыл идеялар жетегінде жүрсе, білім сапасы жақсара түсері сөзсіз.
     Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты.  Жас қазақстандықтардың келешек тағдыры педагогтардың қолында. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика