ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ АЖЫРАМАС БІР БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Дюсембинова Б.С.,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының

Астана қаласы бойынша

ПҚ БАИ аға оқытушысы

Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Asics Onitsuka Tiger

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтердің еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

         Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады. Соның ішінде интербелсенді оқыту әдісіне тоқталатын болсақ - inter (өзара), akt (әрекеттесу).- деген мағынаны білдіреді. Интербелсенді оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшеленуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

   Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Мысалы:

1. Жұптасып жұмыс істеу.

2. Шағын топтармен жұмыс.

3. Миға шабуыл әдісі.

4. Рөлдік-іскерлік ойындар.

5. Дискуссия.

         Интербелсенді оқыту технологиясының көптеген түрлері белгілі.

Әр ұстаз өзбетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Мысалы; оқушыларға «Аквариум» деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды; Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар әрбір 30 секунд сайын сағат тілімен ауысып тұрады және ішкі сақинада тұрған оқушылардың сұрағына жауап береді. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады.

«Карусель» әдісі - бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. «Броундық қозғалыс» әдісінде оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. «Есептеу ағашы» әдісінде – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады. «Өз позицияңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интербелсенді әдісімен байланыстырылған.

         Ең тиімді оқыту – нақты әрекет арқылы оқыту, яғни белсенді оқыту болып есептеледі. Олай болса, педагогтерді жаңартылған мазмұн бойынша нақты тәжірибе негізінде оқыту олардың кәсіби құзыреттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасаудың ең тиімді түрі болып саналады

Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсат, міндеттерін іске асыру біздердің міндетіміз. Ең бастысы осы бағдарламаны жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелерді білуіміз керек. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат ол:

-         баланы оқи білуге үйрету;

-         баланы ойлауға үйрету;

-         баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Сондықтан да сабақты құруда ойланып оның құрылымын сақтап, күрделілігін ұғынуымыз қажет. Сабақ мақсатын анықтағаннан кейін осы мақсатқа қол жеткізу үшін мен сабақты қалай жоспарлауды бастаймын –деп ойланған жөн.

Сабақ жоспары ол – белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдер әзірлейтін құжат. Оқу бағдарламасының талаптарын орындап ,жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыра отыра, сабақты тиімді жоспарлау керек. Ол үшін мұғалім төмендегі сұрақтарға жауап іздейді:

- Оқушылар нені білу керек?

- Олар қандай түйінді идеяларды түсіну қажет?

- Оқушылар нені талдау керек?

Осы сұрақтардан сабақта мұғалім не істейді емес, оқушылар немен айналысады – деп, шебер мұғалім тұжырымдайды. Уақытқа негізделген тапсырма нақты, түсінікті болғаны дұрыс. Бұл жағдайда мұғалімнің іс-тәжірибе шеберлігі маңыздырақ. Жоспарлау барысында бастауыш сынып мұғалімдері «Мен өзім оқушы болсам осы тақырыпты қалай қабылдар едім? Бұл баланың қабылдауына қиын ба?» - деп ойлана отырып, басқа қандай шешу жолы бар екенін іздену керек. Көбіне сабақта мұғалім бағыттаушы, нұсқау беруші, оқушы ойын айтып пікірлерін ортаға салады, бастысы, дайын материалды бермей өзі ізденіп, түсінуіне бағыт беріп отыру қажет.

Мұғалім – қоғамдағы басты тұлға, себебі ол балаға білім мен тәрбие беруші. Білім мен тәрбиенің қалай берілуі – баланың кім және қандай болып өсуі, қалыптасуы сол алған білім мен тәрбиеге тікелей байланысты екені белгілі. Мұғалімнің алдындағы әрбір бала – ертеңгі азамат. Олай болса, сол балаға берілетін білім мен тәрбие қандай мазмұнда жүргізілуі тиіс екенін әр мұғалім курстан алған білімі мен өз іс-тәжірибесін ұштастыра отырып ұйымдастыруы тиіс. Оны жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді оқытудың ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырсақ, тиімді оқытумен сабақ жоспарлау мұғалімнің өз сабағының жоспарын мақсатты құруына, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіруіне септігін тигізеді. Бұл бағдарлама оқушылардың бірігіп оқу қабілеттілігіне ықпал ететін бірнеше компоненттерден тұрады. Компоненттер мұғалімнің қолдауы мен оқыту үшін жауапкершіліктен басталады. Мұғалімнің қолдауы оқушылар өздеріне оқу үшін көбірек жауапкершілік сезінгеннен бастап біртіндеп күрделіден жеңілге қарай өтеді. Тиімді оқыту бағдарламасының бірнеше компоненттері бар. Олар: сабақ мақсатын белгілеу, моделдеу (үлгілеу), оқытуды басқару, бірлескен жұмыс (топтық жұмыс) және өз бетімен орындалатын жұмыс.

Сабақтың мақсаты оқушылар үшін олар орындайтын тапсырма мен оларды оқыту себептерінің арасындағы байланысты көре алуы үшін анық баяндалуы тиіс. Мақсаттар – сабақ кезінде жүргізілетін оқытуды білдіреді. Осы кезеңде оқушылар бірігіп жұмыс істейді. Мұндай өзара әрекеттесу оқушылардың оқу материалын меңгеруі үшін аса маңызды. Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, оқушылар оқу материалдарын бір-бірімен және өзара әрекеттесу барысында жақсы меңгереді. Басқалармен бірігіп жұмыс істеуі, қазіргі әлемдегі табысқа жетудің қажетті дағдысы болып табылады.

Мұғалімнің жұмысы нәтижелі болу үшін, ол күнделікті өз ісіне қорытынды жасай білуі керек. Бұл дағды жылдар бойы оның үнемі ізденуінің нәтижесінде толығып отырады. Әрине оны шыңдай түсуде талмай еңбектену қажет.

Ұлы педагог Я.А. Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» - деп ұстаздың еңбегіне жоғары баға берген, соған лайық болуға тырысайық.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика