МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

СҚО Петропавл қаласы, « № 9 орта мектеп»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Балтабекова Махпал Курмановна

«Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеп, қанатын кең жаюы тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес,Қазақстанды мекендеп келе жатқан халық үлес қосуы керек.Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз керек, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.»

Н.Ә.Назарбаев

 Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым.  Ол бар адамның бойына ана сүтімен дариды. Ана тілін сүйген адам кіндік қаны тамған жерін, халқын, ұлтын сүйеді деген сөз. Бұлардың бәрі адам үшін – қасиетті ұғымдар.

 

Тіл – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы. Тіл – алтын қазына. Ендеше тілді қорғау – ұлттық мүддеміз. Бүгінгі таңда тілді меңгерту ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көп ұлтты республикамыздың жағдайында тілді меңгерту, мемлекеттік тілде сөйлету оңай іс емес екендігі белгілі.

Қай ұлтты алсақта басты байлығы -тілі . «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек»- деп, Шоқан өзінің көрегендігін танытқан. Әрбір ұстаздың міндеті бүгінгі жас ұрпақты мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей білімді етіп оқыту . Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сол себептен сабақ әсерлі, мақсаты нақты, қызықты және толық мәнді, әрі сапалы болуы әр мұғалімнің өзіне, оның білім деңгейіне және де кәсіби шеберлігіне байланысты болып келеді.

Баланы тәрбиелеу алдымен- балабақшадан басталады, сонымен қатар қазақ тілін үйрену де балабақшадан басталады.Орыс тілді балабақшасында қазақ тілін үйрету оңай емес,сондықтан оқыту барысында қиындық пен  қызықты сәттері қатар жүреді. Қиындықтарды  түрлі қызықтарға толтыра отырып, әр сабақты аса шеберлікен құрастырып, баланың ойлау қабілетін дамытып, өзінің айтаын деген ойын жеткізе білуіне,қойылған сұраққа толық жауап беруіне ынталандыру керек. Тағы бір айтарлық жайт ол Отанымыздың  азаматтары – ұлттық құндылықтарымыз, әр бүлдіршіні еліміздің болашағы. Осыны  ескере отырып бүгінгі таңда ,өкінішке орай әр балабақшада бар, мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беріп,  ел азаматы етіп қалыптасуына жағдай жасау мұғалімнің міндеті. Инклюзивті білім беру – эт никалық тегіне, діни нанымына, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне, жасына, жынысына, қарамастан, барлық балалармен оқу тәрбие ісіне толық қатыстырып , жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту барысында балалардың жетістіктерге жетулеріне ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру қажет. Осындай балаларға  мұғалім жеке тұлға ретінде қарап, оған жақсы тәрбие, сапалы білім беруі тиіс.

Әр оқытушы қазіргі өмірге сай сабақты жаңаша  ұйымдастырып, оны негізге ала отырып, басқа ұлттың балаларына тіліді үйретуде сөздерді жай ғана қайталату арқылы үйретпей, оларды неше түрлі ойындар мен тартымды көрнекіліктер арқылы үйреткен дұрыс.Ұлы Абай:«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай балалардың өмірінде ойынның  орыны бөлек. Өйткені балабақшадағы балалар, ойын балалары. Балаларға ойын ойната отырып, қоршаған ортаны таныту оңай тәсіл. Сонымен қатар ойнағанда тәрбиеленушілер үнсіз ойнамайды, тіпті, жалғыз болғанның өзінде-де сөйлеп отырып ойнайды. Ойын процесінде сөйлесу үлкен рөл атқарады. Ол – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ойын элементтері тілді меңгеру барысында  балаларды қызықтырып, ынталандырады, белсенділігін арттырады. Балаға топпен жұмыс істеуге бағыт беріп, ізденуге шабыттану дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызатын да ойын элементтері.

 Ойын түрлерінің мақсаттары:

* жаңа сөздердің дыбыстық жағын меңгерту.

* сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

* меңгерілген жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету.

* ойын дұрыс жеткізу дағдысын қалыптастыру.

Мұғалім ойынды ұйымдастырғанда өзі бастаушы болады да, балаларды ойнай отырып ойлануға бағыттап,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалудырту арқылы есте сақтау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтады. Мысалы: «Мен бастайын,сен аяқта»,  «Аз,көп», «Қыс,жаз», «Жоқ,иә», «Жалғастыр», «Не артық?», «Есіңде сақта» т.б.

Ойын – бала үшін нағыз өмір болып келеді. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы танылады. Ойын  арқылы бала білім алады. Ойын ойнау барысында бала бар ықыласымен ойынға кірісіп кетеді, содан белсенділік пайда болады, қызығушылығы артады. Балалардың ішінде тілді үйренгісі келмейтіндер де болады, міне осындай  балалардың өзі ойынның қызығына түскен кезде оны ұмытып кетеді. Жас ерекшеліктерге қарай ойын әр түрлі болады. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқыту үлкен шеберлік. Оқу іс- әрекеті барысында ойын түрін күрделендірген дұрыс. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, сонымен қатар оқу әрекеті барысында қолданылатын құрал болып мынадай топтарға бөлінеді:

 

  • Дидактикалық ойындар
  • Сюжетті-рөлдік ойындар
  • Қимыл-қозғалыс ойындары
  • Ұлттық ойындар

 «Натуральды әдіс» туралы: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген Ы. Алтынсарин.Сондықтан көрнекілік әдісті әр сабақ сайын қолданған жөн және сабақтарда қолданылатын көрнекіліктер өткізілетін тақырыпқа байланысты, эстетикалық жағынан дұрыс, түрлі түстен  көз тартымды болуы керек. Тіл үйретудің ең басты міндеті – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тәрбиеленушілер тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуі үшін маңызы өте зор.Тіл үйретуде ойын элементтерін дидактиклық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар белгілі бір мақсатты көздейді, оны қолдануды тәрбиелеуші жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

* Сабақты өткен сабақты еске түсіруден бастаған жөн.

* Көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру сабақтың орта кезінде болады.

* Тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздеу жұмысы сабақ соңында жүргізіледі.

Көркем және халық ауыз әдебиетін қолданудың да қазақ тілін үйретуде маңызы өте үлкен. Сол арқылы балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, қысқа сөйлемдер құрастыра білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға, өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілерді рольдермен орындауға, ұлтымыздың дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отырады.Бүгінде адамның қазіргі өмір салты, жылдам өзгеретін және үнемі дамып келе жатқан ақпараттық саламен интеграцияланған, сондай - ақ тұтастай алғанда адамзаттың индустриалды-ақпараттық дамуының жоғары қарқыны мамандықтар мен олардың тұрақты жаңаруына  алып келетін нарықтық талап, жаңа, жеке және ұжымдық дағдыларды дамытуға деген жоғары сұранысты қалыптастырады. Ғылыми қоғамдастық қабылдаған тұжырымдамасы, жан-жақты зерттеліп, апробациядан өтіп, нәтижесінде көптеген білім беру стандарттарында кеңінен қолданыс таба бастаған 4К моделі:коммуникация – қарым-қатынас, коллоборация – ынтымақтастық, командамен жұмыс, креативность - шығармашылық, критическое (проблемное) мышление - сыни ойлау.

Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, бала тілін дамыту барысында өзара тығыз қарым-қатынаста командамен жұмыс жасап,сыни тұрғыда ойлап шығармашылық жетістіктерге жету үшін осы модельді пайдалану тиімді.

Тоқсан ауыз сөздің бір түйні бар демекші,сөз соңында әр ұстаз қашанда ізденісте, өзін-өзі жетілдіруде, жан-жақты дамып, бүгінгі өмір талабына сай креативті болуы керек.

 

 

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика