Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйретуде электрондық білім беру ресурстарын қолдану

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Жукенова Гульшара Сагымбаевна

«Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК,

Петропавл қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы

Қазақ тілі мұғалімі

Қазіргі кезде білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осындай күрделі міндетті ойдағыдай орындау үшін мұғалімге бұрынғыдан да зор талаптар қойылады.

 

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін жаттанды түрде ғана үйретпей, сонымен қатар ойындар мен көрнекіліктер, тіл дамытудағы жасанды жағдаят жасау арқылы үйреткен тиімді деп ойлаймын.

Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемде қолдануға ізденемін. Атап өткенде, соңғы жылдары оқу үрдесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды белсенді қолданудамын. Бұл технология баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыруға толық мүмкіндік береді.

Балабақшамыздың жылдық тапсырмасы - тәрбиелеу-білім беру жұмысының сапасын тұлғалық-бағыттау заттық-дамыту ортасы, Монтессори әдістемесі, АКТ арқылы арттыру және мектеп жасына дейінгі балалардың сауатты сөйлеу дағдыларын дамыту. Жылдық тапсырманы ұжымдағы барлық педагогтар қауымы өз құзыретіне байланысты шешуге тырысады. Мен болсам қазақ тілі мұғалімі ретінде әдістемелік тақырыбымды балабақшаның жылдық тапсырмасымен тығыз байланыстырып, «Мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын ақпараттық технологияларды қолдана отыра дамыту» тақырыбын таңдадым.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің білім беру контенті замануи мультимедиялық презентациялар (Prezi.com), флипчарттар (ActivInspire), электронды-дидактикалық ойындар (LearnigApps.org), бейнематериалдар, электронды нұсқаулықтар (pdf), бағдарламалық қамтамасыз ету, замануи Web 2.0. сервисына ссылкалардан  тұрады.

Осы бағдарламаларда жасалған материалдар қазақ тілі мұғалімдерінің медиатекасына енді:

 Фильмдер және презентациялар: «Менің Қазақстаным», «Туған өлкем», «Астана – бас қала» «Алтын күз», «Шапағатты көктем», «Қыс қызықтары» «Отбасым – алтын ордам», «Балабақшам – көңілді бақытты сәттерім», «Наурыз». Фильмдерді тақырыпты таныстыру материалы, түсініктерін қалыптастыру мақсатында қолдансақ, презентациялар слайд сайын балалардың өздігінен сөйлем құруларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ балалар көрермен ретінде ғана емес, интерактивті тақтаның көмегімен сан алуан дүкендерді, қалаларды, ертегілерді  аралай алады, дастархан жая алады. Осындай маңызды да мағыналы іс-әрекеттерге ата-аналар да белсенді қатыстырылады. Олар балаларымен бірге отбасы, туған қалам, біздің демалыс күніміз сияқты тақырыптарға әңгіме құрастыра отыра презентациялар жасағанды ұнатады. Біздің презентацияларымыздың ұтымды жағы анимациялы суреттер қолдану болып табылады. Мысалы «Алтын күз» атты презентацияда құстың ұшқаны, жаңбырдың жауғаны, жапырақтардың түскені, желдің соққаны болса, ал «Менің Қазақстаным» атты презентацияда тудың желбіреуі, күннің шуағы, ірі қалалардағы жол қатысушыларының қозғалысы сияқты анимациялы суреттерді қолданамыз. Осындай презентациялар толыққанды әңгімелер, ертегілер құрастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай жұмыс түрлеріне біз ата-аналарды да қатыстырамыз. Мысалы балабақша тәрбиеленушіміз Стоялов Стас өзінің ата-анасымен бірге «Менің отбасым» атты презентациясын дайындады.

Осы презентациямен Стас Қазақстан Петропавл телеарнасында қазақ тілінде өзінің отбасымен таныстырды.

Электрондық дидактикалық тапсырмалар: «Не артық», «Қайда мекендейді?», «Бұл қай кезде болады?», «Жануарлар әлемінде», «Орнын ауыстыр», «Ойлан, тап», «Кімге не қажет», «Нан қайдан шыққан?». Бұл тапсырмалардың түйіні жеңілден ауырға бағытталған тапсырмалар. Ортаңғы топтарда балалар сөз тіркестері мен жай сөйлемдерді қолданады, соған сәйкес іс-әрекеттері де жеңіл. Мысалы «Қайда мекендейді?» атты тапсырманы алатын болсақ,  тапсырмада аңдар мен жануарлардың суреттері берілген. Сол суреттермен бала өздігінен сөйлемдер құрауы тиіс: Мынау аю. Мынау (үлкен, қоңыр түсті, әдемі т.б) аю. Ол (ну, алыстағы, жасыл т.б) орманда мекендейді. Тапсырмаға сәйкес баланың іс-әрекеті де жеңіл – суретті интерактивті тақтаның маркері арқылы қажетті жеріне (орманға) апару. Заттардың суреті мен белгілері тірек-сызба ретінде орналастырып, балаларға сөйлем құрауға көмектеседі. Балаларға өте ұнайтын дидактикалық ойындардың бірі «Сәйкестендір», «Екі топқа бөл».

Ал ересек топтарда тапсырмалар күрделенеді. Атап айтқанда, жайылма сөйлемдер құрауға, логикалық ойлауға, таңдауға, интерактивті тақтаның басқа инструменттерін қолдануға бағытталған. Бұл тапсырмалар балалардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпалын тигізеді. Мысалы «Кімге не қажет?» дидактикалық тапсырмасын алатын болсақ, бала біріншіден таңдау жасайды, оған сәйкес жайылма сөйлемдер құрайды: «Мынау кірпіш, ол құрылысшыға қажет», «Мынау жіп, ол тігіншіге қажет». Бұл жерде бала интерактивті тақтаның басқа инструментін (қылқалам) таңдайды да, маман мен заттарды түрлі-түсті сызықпен қосады. 

Флипчарттар ұжыммен де, жеке-жеке де орындауға болатын оқу іс-әрекеттерін жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Ойыншықтар»  тақырыбына - «Неден жасалған», «Менің сүйікті ойыншығым» «Киім» тақырыбы бойынша – «Қуыршақты серуенге киіндір», «Қуыршақты Наурыз мерекесіне киіндір», «Жыл мезгілдері»  тақырыбы бойынша  – «Қашан, қайда?», «Шырша», «Түстер мен пішіндер» тақырыбына «Түсі қандай?», «Неге ұқсайды?», «Дастархан», «Көлік»,  т.б электронды дидактикалық тапсырмалар орындай отыра балалардың ойлау қабілеттері жақсы дамиды.  

Электронды ертегілердің ерекшелігі интерактивті режимде балалар ертегі сюжетіне өзгерістер енгізе алады. Ертегіні балалар өздері рөлдерге бөлініп айтып отырады да, ертегі сюжеті бойынша суреттер ауыстырылып, әрі қарай жалғастырылады. Балалардың тілін дамыту мақсатында ертегілерді қолдану мысалы ретінде интерактивті «Үш көбелек» ертегісін ұсынамын. Мұндай ертегілерге балалар аса қызығушылықпен қатысады. Олар ертегідегі кез келген кейіпкер бола алады: біреуі ақ көбелекке көмек бергісі келетін бәйшешек болса, екіншісі сол басына іс түскен көбелектің өзі болады. Жалпы ертегінің тәрбиелік мағынасы терең, атап айтқанда адал дос бола алу. Осылайша, интерактивті ұйымдастырылған оқу үрдісін өткізу үшін ең бірінші алдын ала жұмыстары, балалардың сөздік қорын арттыруға байланысты жұмыстар, автордың сөздері мен кейіпкерлердің сөздерін анықтап, рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің мінез-құлқы мен жағымды жағымсыз кейіпкерлерді айыру, оларға мінездеме беру сияқты ауқымды жұмыстар атқарылады.

Диагностикалық тапсырмалар. Мектеп жасына дейінгі балалардың өткен тақырыптары бойынша түсінігі,  сөздік қоры, білімінің деңгейін анықтауға арналған диагностикалық тапсырмалардың бірнеше түрлері жасалған. Мысалы  «Менің Отаным» электронды тапсырмада өзге ұлт өкілдері тапсырманы қазақ тілінде тыңдайды да, берілген суреттерден тиісті суретті таңдайды. Баланың бұл әрекетінен біз қандай деңгейде қазақ тілін түсінетінін байқаймыз.

Ең жаңашыл мүмкіндіктер мен бағдарламаларды бізге цифрлық білім ресурстары ұсынады. Бұл жаңашыл іс-әрекеттер түрлері педагогтың жаңа құзыреттіліктерінің дамуына әсер етеді. Бұл құзыреттіліктер, әрине ақпараттық технологиялар саласында. Заман талабына сай осы технологияларды жаңа формация педагогі өздігінен үйреніп, оларды оқу үрдісінде белсенді қолдануы тиіс. Өйткені біздің мақсатымыз мектепке жан-жақты дамыған, комьютерлік мүмкіндіктерді қолдана алатын жаңашыл тұлға қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек.

Цифрлық білім ресурстарының арқасында біз сапалы бейнероликтер жасап, кішкентай бүлдіршіндеріміздің сайыстық сахнадағы өнерлерін паш ете аламыз. Мысалы Ротормель София мен Нұрмолдин Алдияр Астана қаласында өткен Халықаралық «Музыкальный фейерверк» атты сайыс-фестиваліне қатысып, «Бақыт» көркем  сөз номинациясында бірінші жүлделі орынға ие болды.

Жылдар бойы жиналған материалдарымыз  «Цифровой образовательный комплекс «Smart Children World» как эффективное средство когнитивного развития детей дошкольного возраста» атты жиынға еніп, «Өрлеу» АҚ филиалы СҚО ПҚ БАИ ұйымдастырған аймақтық «Innovation in action» сайысына қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болды.

Балабақшаның жылдық тапсырмасының, қазақ тілі мұғалімдерінің, тәрбиешілердің «Цифрлық білім ресурстары» бағытындағы істеген жұмыстарының нәтижесі ретінде «Цифровой образовательный комплекс «Smart  Children World» как эффективное средство когнитивного развития детей дошкольного возраста» атты  жиыны тәжірибе қорытындылау болып жарияланды.

«Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК қазақ тілі мұғалімі Жуке

 

 

 

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика