Жеке тұлғаның қабілетін дамыту мұғалімнің тағылымы

Рейтинг:   / 0

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«БЭСТ» гимназиясы

қазақ тілі пәні мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Нұрмағамбетова  Қымбат

Жамбырбайқызы

Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы


 

Аннотация

В данной статье рассмотрены пути развитие творческого мышление личности через применение интерактивных методов на уроках казахского языка. Автор в своей статье поясняет для развитие коммуникативных навыков детей необходимо на уроках применять разные подходы, групповые работы в зависимости от индивидуальных особенностей учеников.

Annotation

This article discusses ways to develop creative thinking of a person through the use of interactive methods in the lessons of the Kazakh language. The author in his article explains for the development of children's communication skills it is necessary to use different approaches in the lessons, group work depending on the individual characteristics of the students.

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде, ұлағатты саналады.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.Қазіргі таңда жаңа инновациялық және интерактивтік әдістемелер сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту мәселесі ҚР Білім туралы Заңында қарастырылған. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.   Қазіргі таңда  жаңартылған оқу  бағдарламасы  негізінде оқушыларымен жұмыс жасау.Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында.«Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой,  басты борышым деп есептеймін.Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.  Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы мақсаттарының бірі: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру. Осы мақсатты негізге ала отырып, мынадай мәселемен жұмыс жасаймын:«Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту».

Өзектілігі: Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл білім алудың көзі болып саналады. Оқушы тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар, мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.

Жеке тұлғаның қабілетін дамытудағы мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі.Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана мәселе емес екендігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады.Сөйлеу әрекеті-тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол-адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету- тілді жалаң үйрену емес, адамның  жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік;  қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау.Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып  және оқытудың  заманауи  технологияларын енгізе отырып өткіземін. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.  Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп,  шәкірт жүрегінен орын алады. Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді.Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастауды дәстүрге айналдырдым. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуіне себеп болады. Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мысалы, «Бағдаршам» әдісі

Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту

Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар  барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі. Себебі бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. Өйткені бұл жаңартылған  білім бағдарламасы  оқушы үшін де, мұғалім үшін де  тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы  маңызды  тәжірибені дамыту  бойынша бірнеше  өте маңызды  кеңестер ұсынды. Брунер  теориясының  ажырамас  бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға  бөліктерді  бір жерге жинауға  және  өзін  ашушы  болуға  рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер  шынайы» деген ұғымдар болды.Қазақ  тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай қадамдар арқылы беруге болады:

а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» «ым-ишара» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;

ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;

б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.

Әр сабағымды тартымды да, қызықты етіп өткізуге тырысамын. Сабақ тақырыбының мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беремін. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептіліктерін дамытады.Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды.Сабақ барысында түрлі сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық жаттығулар, шағын мәтіндер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстарын жүргіземін.Ойын барысында оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіру жұмыстары өрбуде. Менің пайымдауымша ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді , әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту,жеке дарындылығын дамыту.Қорыта келгенде, мақала көлемінде қазақ тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс-тәсілдер мен іс-әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні сөзсіз.                                    

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Бiлiм туралы Заңы.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2016 жыл.

3. Егемен Қазақстан, - 2012 жыл, 29 қыркүйек.

4. Шымырбаева Ж.К., Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды», АОО НИШ ЦПМ. – Астана, 2015 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Air Jordan 1 Retro High OG "Obsidian" Sail/Obsidian-University Blue For Sale

Жеке тұлғаның сөйлеу тілінің дағдысын дамыту

Рейтинг:   / 0

 

СҚО, Петропавл қаласы

 

 «С.Шаймерденов атындағы қалалық

 

классикалық гимназия» КММ

 

Дефектолог-логопед : Мурзахметова

 

 Казиза Мухомеджановна

Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы


 

 

 

Аннотация

В этой статье рассматриваются способы эффективной работы, которые помогают логопедам в достижении профессиональных цел и задач. На основании научных исследований совершенствует имеющиеся методы и разрабатывает новые.

 Annotation

 The article is devoted to the development of research skills of the individual. The author describes the methods of research work at the lessons, in particular at the lessons of the Kazakh language.In this article for the development of research skills in students, the author offered examples of the organization of creative activity at various stages of the lesson.

ХХІ ғасыр ұрпағына білім мен тәрбие берудегі басты нысан – құзыретті оқушы қалыпсатыру. Осы орайда мектеп жасындағы оқушыны Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет!

Логопедияның зерттеу объектесі - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.

Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады. Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету барысының негізгі бағыты болып есептеледі.

Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздін тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам адамды өзара қатыстыру, байланастыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады.

Сөйлеу – ойлай білумен тығыз байланысты болғандықтан, ең бірінші баланың дамуын білдіретін құбылыс. Бұл құбылыстың себептері әртүрлі және көптеген. Өкінішке орай, сөйлеу мүкісі бар, оның ішінде, дыбыстауда қателік жіберетін балалар саны жылдан-жылға азаю орнына көбейе түсуде. Психологтар мұның себебі балалардың ата-анасымен қарым-қатынастарының (сөйлеу) болмауы мүмкін деп санайды.

 Өкінішке орай, сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар көбінесе мектеп алдында ғана, ең жақсы жағдайда, бес жылдан кейін логопедке барады және баланың сөйлеуін дамыту үшін ең маңызды болып табылатын үш жас жоғалған болып саналады.Логопедтің түзету жұмысы әлеуметтік пен педагогикалық маңызымен, нығайтуымен жүргізіледі. Баланың денсаулығын нығайту технологиялары маған әрбір сөйлеу кезінде түзетуге көмектеседі. Сондықтан артикуляцияларын дамытуға арналған жаттығуларда, жалпы және ұсақ моторикасында, есту, көру, ойлау қабілеттерін дамытуда фонетикалық логотренингті «Ойлаймыз, қимылдаймыз, дамимыз»  деген жүйені қолданамын. Осы жүйені тәжірибемде жетілдіру мақсатым – баланың өмірде өз қабылдау деңгейін арттыруға және еркін өз пікірін жетікузе бейімдеу. Аталған жүйе көзге арналған жаттығуларды, релаксацияны қолданамын. Осы әдістердің басты сипаты-баланың қимыл – қозғалыстарын дамыту.Балалардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру үшін логопед ең көп дидактикалық ойындарды қарастыруы керек.Жаттығуларды логопед баламен бірге айна алдында орындайды. Бала бұл үшін дұрыс артикуляцияны жасай білуі, өзінің артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпын,қозғалысын көзбен бақылаусыз-ақ сезіне білуі тиіс,мұның өзі жаттығу жолымен қол жеткізілетін тиісті дағдыны қажет етеді. Бала егер бір қимылды тиісті жасай алмаса, шпательді немесе зондты пайдаланып, механикалық көмекті қолдануға болады. Ағаш шпателмен немесе зондпен тілді жоғарғы тістердің артына көтеру. Дәл осы кезде, бала тілдің қай жерде екенін нақты сезіне бермейді. Балалардың тілдік дағдыларын дамыту аясында шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс мазмұнын өлең жолдарымен толықтыруды тәжірибемде дәстүрлі түрде жалғастырып келемін. Ал өлең жолдары балалардың танымына, қабылдауына жеңіл болғандықтан сөздік қорын бағыттауға көмектеседі. Оның дәлелі әр сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар бере отыра дағдыларын дамыту.Оқушыларға сюжеттік суретер бойынша әңгіме құрастырту,одан әрі өрбөун ойлап табу және өз әңгімесін сауатты бітіруге үйрету.Байланыстырып сөйлеу тілі – бұл сөйлеу әрекетінің ең күрделі түріне жатады. Байланыстырып сөйлеу тілі өзіне тән белгілерімен, сонымен қатар жүйелілігімен, бірізділікпен, баяндау ерекшеліктерімен сипатталады, яғни логикалық бірізді айтылған сөздерді игеріп, оның компоненттерін, яғни сөйлемді,сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеу.Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін басшылыққа алу ұсынылады.Адам баласы өмір бойы сөйлеу тілін жетілдіреді, тіл байлықтарын меңгереді. Өз ойын сөзбен жеткізуге қажеттілік жасына қарай кеңееді, өзгереді. Дами келсе бала тіл бірлігінің қиын түрлерін қолдана бастайды. Сөйлеу тілі қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға ғана емес, сонымен қатар әлемді тануға көмектеседі.Сөйлеу тілін меңгеру - бұл іс-қимылды танудың маңызды бір түрі. Сөйлеу тілінің бұзылыстарының арасында жиі кездесетін кемістік – дыбыс айтуының бұзылуы. Дыбыс айтуының бұзылуы баланың ойлау процесіне және психиканың басқа барлық жағына әсер етеді. Осыдан тек танымдық іс-әрекетінің дамуы ғана зардап шекпейді, сонымен қатар баланың тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді. Дыбыс айтуын уақытында жою нәтижесінде баланың оқу мен жазуды дұрыс меңгеруіне ықпал етеді.Қазіргі уақытта сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың санының артуына байланысты, дефектология мамандығына көп көңіл бөлінуі керек және әдіістемелік жағынан қазақ тіліндегі оқулықтарды шығаруды ойластыруымыз керек деп ойлаймын.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өмірбекова Қ.Қ. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IVдеңгей), балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру. Оқу әдістемелік құралы.Алматы,2015

2. Өмірбекова Қ.Қ Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. Оқу құралы, - Алматы, 2005

4. Тулебиева Г.Н, Оразаева Г.С. Практикалық логопедия (әдістемелік оқу құрал), - Алматы, 2010

nike loafer shoes for women on amazon store
                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика