Диалогтік оқытудың тиімділігі

Рейтинг:   / 0

Мукужанова А.Б., СҚО, Мамлют ауданы
«Ленин орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулетова Дарига Оразаевна
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Осыған орай оқушылардың білімге деген жаңашылдығын, қызығушылығын, ынтасын арттырып, оқушының бойына сенімділік сезімін қалыптастыру керек. Бұны қалыптастыратын әрине мұғалімдер және бұл біз үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі заманға сай, жаңашыл мұғалім болу үшін сабағымызды түрлі әдіс-тәсілдерді, жаңа технологияларды қолданып, түрлендіріп отыруымыз керек
Бағдарламадағы жеті модульдің жетеуі де оқу барысында бірін- бірі толықтырып отырады. Осы модульдің ішінен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін өз жұмысыма алдым
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер - көздеген мақсатыма жету үшін өзіме ыңғайлы деп ойладым. Себебі, оқушылардың ой – өрісін дамытады,
жан – жақты ойлау арқылы жаңа жауаптар мен шешімдер жасай алады, ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады.
Александер (2008)диалог түрінде білім беру оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалог түрінде білім беру Бахтин, Мерсер, Велс және Вуд жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап,оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.Оқушыларға әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады.
Выготский когнетивті дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асатынына көзім жетті. Қазіргі мұғалім «білім бұлағы» емес, білімді алу жетекшісі болуы тиіс. Мақсатына қол жеткізу үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Ал оқу жүзеге асырылу үшін сабақ бастау алдында ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру керек, сонда оқушылардың қөңілдерін көтеру кезде олар өз бетінше жұмыстарын орындау құқығын береді деген ойдамын.
Тәжірибелік жұмыс жасау барысында көптеген сұрақтар туындау мүмкін, ал мұғалім оқытуды басқару кезде дұрыс бағыт беру тиіс.Осыған байланысты мен көптеген жағдайларда диалогтік модулін қолдандым. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған / Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, б. 39/
Бұл диалогтық оқыту модулі бойынша барлық сабақтарды өткізу барысында алдыма бір ғана мақсат қойдым: бағдарламасының 7 модулін кірістіре отыра құрастырып, әр тақырып бойынша диалогтік оқытуды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.
Дәстүрлі сабақта көбінесе мұғалім орталық фигура болатын. Мұғалім сөйлейді, мұғалім сұрақтар қояды, мұғалім бөлме ішінде қозғалады, мұғалім нұсқау беру үшін тақтаға жазады, мұғалім түсіндіреді, ,мұғалім көрсетеді,оқушылар мұғалімнің оқуымен жазбалар жасайды,оқушылар мұқият тыңдайды, оқушылар мұғалімге бетпе-бет отырады, мұғалім тыныштықты талап етеді. Ал жаңа бағдарлама бойынша мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. Сабақта мұғалімнің сөйлеуінің орнына оқушы сөйлеу керек, сонымен қатар сабақ тиімді, ұтымды өту үшін алдымен сынып белсенді болу керек.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыстар арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға болады. Диалогтік тәсілмен сұрақ қою рөлін қарастыратын болсақ,менің түйгенім сұрақ қою арқылы мұғалім оқушыларды тақырып бойынша еркін сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін оятады, білімге құштарлығын дамытады. Сұрақтарды жүйелі түрде қою, олардың ойын жинақтауға көмектеседі. Балаларды сабақ барысында проблемаларды шешуге, қорытынды жасауға, алған білімдеріне сыни көзбен қарауға, топ мүшелерінің жұмысын талдай білуге, сұрақ жауапты талқылауға және өз ойларын жинақтауға көмектеседі. Сонымен қатар сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Алғашқы сабақта үй тапсырмасын проблемалық сұрақтарға жауап беру арқылы тексердім. Тірек сызба арқылы оқушылар мұғалімнің сұрақтарына тез, дұрыс жауап берді.Әр жауаптарын өз пікірлері арқылы дәлелдеді. Оқушылардың мұндай толық жауап беруінің себебі сұрақтардың дұрыс қойылуы деп ойлаймын, ал бұл дұрыс сұрақтар сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта, кеңейте түседі. Сонымен қатар сынақтан өткізуге арналған сұрақтар да оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз ойларын дамытуға көмектеседі деп қортынды жасадым. «Мысал келтіре аласың ба?», «Дәлелдей аласысың ба?» деген сұрақтар оқушыға тапсырманы орындауға бағдар беріп отырды.
«Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбында , өсімдіктер жайлы білімін сұрақтар арқылы пысықтадық. «Мұғалім-оқушы» стратегиясы бойынша жұмыс жасадым.Бұл жерде мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Өсімдікке не жатады?
-Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
-Өсімдік топтарын ата және суретте көрсет.
-Өсімдік мүшелерін ата.
-Егер өсімдіктерді сусыз қалдырсақ не болады?
-Өсімдіктер өсуіне не қажет?
Менің ойымша, оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі сұрақтар әдісін алу керек, себебі бұл сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, сонымен қатар, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелейді.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керсінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжыйды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес,әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Олар: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Көптеген талқылаулар, әдетте , әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Тақырыбы: «Жемістер. Көкөністер. Тұққымдар» сабағында зерттеушілік әңгіме өткізу арқылы оқушылар «Көкөністер», «Жемістер» тақырыбына коллаж құрды. Алдыңғы сабақтарда да оқушылар топ топқа бөлініп коллаж құрған. Бірақ балалар өздері дұрыс және уақыттың тығыздығына байланысты тез жасай алмайды ғой деп мен ылғи да көмек беретінмін. Оқушылар үндемей істейтін. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар, мұғалімнің көмегінсіз, өздері топқа бөлінді. Мерей оқушыларды топқа бөліп, тапсырманы қайталап айтып, мұғалім рөлін тез атқарып кетті. Ал оқушылардың әрқайсысы өз идеяларын ортаға салып, талқылап, топтағы қатысушылармен келсімге жетіп, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз жұмыстарына баға бере алды. Оқушылар бір бірін тыңдап, өз жауаптарын талдап, пікір алмасу нәтижесінде дұрыс, жақсы, постер жасап шығарғандарына , бірігіп жасаған жұмыстарына қуанды. Бағалау кезеңінде де оқушылар өздерін сыни тұрғыда бағалады. Кімнің қанша жұмыс атқарғанын және қанша идеялар тастағанын ортаға салды. Бастауыштағы мен «кішкентай» деген бірінші сынып оқушыларының мұңдай күрделі жұмысты өздері тез және мазмұнды атқарып шыққанына таң қалып, риза болдым. Бұл да осы жаңа модульдің тиімділігі деп ойлаймын.
Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үрдесі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихан (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмытылыс пен қызығушылық пайда болады.
«Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Бөлме өсімдіктері» тақырыбында жаңа сабақпен танысқаннан кейін жүйелі таныстық бөлімінде Блум таксонмиясы бойынша сұрақтар қойылып, жаңа сабақты пысықтап, өсімдіктердің өсетін жерлерін, түрін, адамға пайдасын, бөлме өсімдіктерін қайталап, өз білімдерін және жолдастарының білімдерін де тексеруге тырысты. Оқушылар кей қойған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмады, жауаптарын шатастырып алды, сондықтанда ойлануға көбірек уақыт берілді.Менің сабақ барысында тағы байқағаным, оқушылар күрделі, қиын сұрақтар қойғанды ұната бастады. Өйткені, оларға өз беттерімен ойлау, талаптану, әртүрлі болжамдар айту, іздену, мақсаттарына жету өте ұнады.
Кейде оқушылардың бар назарын алдын ала белгілі жауапты табуға арнап, уақыт тығыз болғандықтан әдетте тез жауап күтіп, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алдым. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып . құрған дұрыс. Сұрақ қойылған кідіріспенен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет . екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.
Осыған орай өз сабақтарымда сұрақты қалай дұрыс қою керектігін ойластырып барып қолдануды бастадым. Оқушыларға жүйелі түрде сұрақ қою арқылы ойлау дағдыларын дамытуға болады екен. Сабақ беру кезінде жоғары және төмен деңгейлі сұрақтарды жиі . қолданып, оқушылардың пікірлерін назарға алып отыруға тырыстым. Теория мағлұматымен келісіп, сұрақ қойылғаннан кейін біршама кідіріс жасап, оқушыларға ойлануға уақыт беріп отырдым. Мысалы «Кубизм» стратегиясы негізінде әр қырында берілген сұрақтардың жауабын айтарда ойлануға берілген уақыттың ұзаруы оқушыға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап бергені дұрыс деп ойлаймын , алған білімдеріне сыни көзбен қарауға, топ мүшелерінің жұмысын талдай білуге, сұрақ жауапты талқылауға және өз ойларын жинақтауға көмектеседі. Өйткені бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларында кездесетін қиындықтар баршылық. Әсіресе дүниетану пәніне тән құбылыс оқушылардың сөйлеу мәнері төмендеу болады. Сөздік қорлары аз, кез-келген тақырыпта өз көзқарастарын, ойын толық білдіре алмайды.
Негізінен алғашқы сабақтарымда үлгерімі жоғары оқушылар ғана сұрақтарға көбінесе жауап беріп отырды. Оны шешу жолдарын қарастыра . бастадым, сұрақ қойған кезде үлгерімі жақсы және үлгерімі төмен оқушыларды да сөйлеуге, жауап беруге . дағдыландырып .отырдым. Бірақта менің байқағаным «С» тобындағы оқушылармен уақыт көп кетті және олардың дұрыс емес жауаптары басқа оқушылардың есте сақтап қалуы мүмкін еді. Ал, «А» тобының оқушыларымен «В» тобының оқушыларының арасындағы жұптық жұмыс сәтті өтті, өйткені олардың білім деңгейлері қатарлас.
Диалогтік оқыту – ол әңгімелесу, пікірлесу, сұхбаттасу, бірін-бірі тыңдай алу. Осындай тәсіл арқылы оқушы мен ұстаз арасында тең дәрежедегі түсінушілік қатынас орнайды, яғни оқушы өз ойын ешбір қорқынышсыз еркін жеткізе алады. Сондықтан да диалог жүргізудің ережелерін ескере отырып, сыныпта диалогтік үлгі құру қажет. Өз зерттеулерінен кейін (Александер 2004) оқушылардың бір-бірімен жаңа тиімді тәсілді іздестіре отырып жұмыс жасауын қадағалап, дұрыс бағыт беріп отыру керек деген пікірмен келіспеу мүмкін емес. Бұл идеялар оқушыларды білім алу мен білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да, бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту – ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады және қолдаушы болып табылады.
Мен осы тізбектелген сабақтардың топтамасынан өзіме осындай қорытынды шығардым, келешекте диалогтік оқытуда алдыма қоятын мақсаттарым мынандай: алдағы уақытта оқушылардың сөздік қорын молайту,өз ойын ашық, анық айтуға дағдылау, оқушылардың өзара қарым-қатынас жасауға үйрету, топпен және жұппен жұмыс істеуін жетілдіру, өз пікірін, өз ойын, өз көзқарасын дәлелдей білуін, өз бетімен білім алу және сол білімді қолдана білуге үйрету, алған білімін басқаға жеткізе білуін жетілдіру.Сол үшін сыныптағы диалогтік оқытуды жете меңгеру керек деп ойлаймын. Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме бұған дәлел. Сонымен қатар сұрақ қоюда «Оқушы – оқушы», «Мұғалім – оқушы» әдістерін қолдануды келешекте нығайта түсемін. Менің ойымша диалог әдісі сабақта маңызды рөл атқарады, тиімді, ұтымды жақтары көп. Осы әдісті әрі қарай пайдаланып, өз тәжірибеме диалогтік оқытуды кеңінен енгіземін.
Осы алған білімдерім арқылы мен келешекте өз тәжірибемде сабақта мынадай өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмын: барлық сыныптың және шағын топтардың тақырыпты талқылау сапасын арттыру, оқушыларға тақырып бойынша ойлауға уақыт беру, оқушылардың ой-өрісін дамыту үшін проблемалық сұрақтар қолдану, оқушыларға қойылатын сұрақтарды алдын ала дайындау, оқушылардың бір-біріне дұрыс сұрақ қоюын қадағалау, келешекте бұл модульмен жұмыс істеуді әлі де күрделендіремін.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Бітібаева Қ., Құдайбергенова Г., Мұқашева М. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. - Өскемен, 2002.
2.Золотова Г.А. Синтаксический словарь: Репертуар элементарных единиц русского синтаксиса. – М.: Эдиториал УРСС, 2001. – 440 с.
3.Кузьмина Г.В. Описание и презентация учебного материала на базе функционального синтаксиса // Русский язык как предмет изучения в национальной школе (К проблеме лингвистического описания языка в учебных целях): Обзор научных трудов. – М.: АПН СССР, 1993. – С.102-107.
4.Рауандина А.К. «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары)» автореферат дисс. – Алматы, 2010. - 26 б.
5.Выготский Л.С. Психология развития человека. – М.: Смысл, 2006. – 48 с.
6.Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы, Ы.Алтынсари атындағы Қазақтың білім академиясының баспа кабинеті, 2000. – 30 б.

AIR JORDAN

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында коммуникативтік дағдылар арқылы оқушылардың сындарлы ойлауын дамыту

Рейтинг:   / 1

СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы
Талшық орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Шамшиева Айжан Қажығалиқызы

Жаңартылған бағдарламаның бір ерекшелігі - өзіндік іс-әрекеттік компонент. Мұғалімдердің алдына қойған міндеті - оқушыларды өмірге бейімдеу. Ол үшін оқушылардың бойындағы дағдыларды, атап айтқанда, коммуникативтік дағдыларды дамыту маңызды. Қазіргі таңда оқушылардың айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым дағдылары дұрыс қалыптасып, дамымаған. Сол себептен мен оқу үдерісінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан бұл мәселеге көп көңіл бөлемін. Және те менің әдістемелік мәселем осы тілдік дағдыларды дамытуға бағытталған. Яғни, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында коммуникативтік дағдылар арқылы оқушылардың сындарлы ойлауын дамыту» тақырыбымен 3 жыл қатарынан жұмыс істеу себебім: коммуникативтік дағдылар жаңартылған бағдарламада көрсетілген кең, ауқымды дағдылардың ішіндегі маңыздысы, екіншіден, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауында «4 К моделіне» сәйкес коммуникативтік дағды ғана емес, сындарлы ойлауға дамыту да бүгінгі таңда өзекті және кіріктірілген пәндердегі тілдік мақсатты дұрыс айқындауда маңызды.
Осы өзімнің әдістемелік мәселемді шешу үшін коммуникативтік оқыту технологиясы тиімді болып келеді. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, көптеген мұғалімдердің тәжірибесінен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады. Қазақ тілі пәнін оқытудың жалпы мақсаты – түрлі сөйлеу жағдаятында ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлғаны қалыптастыру. Коммуникативтік дағдыларды дамыту жұмыстары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді, тілдік қорын байытады, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін арттырады, шығармашылық жұмыстарды (эссе, хат) сапалы жазуда көп көмек береді. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар арқылы оқушылардың сындарлы ойлауын дамыту үшін деңгейлік тапсырмаларды қолдану қажет.
Мен өзімнің күнделікті сабақтарымды бақылау жұмыстарында жиі кездесетін тапсырмалардың бірі- хат немесе эссе жазуға дайындық кезеңінде коммуникативтік технологияны оқытудың кешенді әдістерімен байланыстыра қолдануды жөн санаймын. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында тыңдалым әдісінің маңызы зор. Бұл арада мәтінмен жұмыс кезеңдерінің жүйесін сақтау шарт. Оқушымен мәтіналды жұмыс жүргізгеннен кейін, мәтінді тыңдату арқылы мазмұнын есте сақтау қабілетін арттырамыз. Топтық жұмыс барысында (айтылым) оқушылар өзара бір-бірімен тілдесе отырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтауда бірлесе әрекет етеді, өз ойларын ортаға салады. Тақырыпқа ұқсас мәтіндерді оқу (оқылым), талдауда мәтінге тақырып қою, бірлесе жоспар құру жұмыстары да оқушылардың қызығушылықтарын оятады. Суреттер бойынша ауызша әңгіме құру, жағдаяттарды шешу, оқиға себебін анықтау жұмыстары оқушылардың қиялын дамытып, ойларын сан – саққа жүгіртеді. Бұл жағдайда оқушылар айтар ойын өмірдегі кездесетін оқиғалармен байланыстырады, яғни коммуникативтік дағдыларымен қоса оқушылардың функционалдық сауаттылығын да қатар дамытады. Осыдан ортақ ой түйіндегенде, жазылатын эссенің тақырыбы да айқындалып, жоспары құрылады. Тақырыпқа сәйкес қолданылатын зат есімдер, сын есімдер, етістіктерді тағы басқа сөздерді топтастыру мақсатында постер құрып, оны қорғау сайысы да шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Енді жекелеген оқушыға дайын жоспарды негізге алып, «Пирамида» әдісі бойынша тапсырма ұсынамын: берілген сөздерден ұнаған бір сөзді таңдау, сол сөзден сөз тіркесін жасау, осы сөз тіркесінен сөйлем құрастыру, соңында мәтін немесе эссе жазу (жазылым). Эссе жазуға дайындықта жаттығулармен жұмыс жасау, тәжірибелік дағдыларға үйрету, сұрақтар арқылы оқушыны әңгімеге тарту, қосымша дерек көздерімен өздігінен жұмыс жасату, баяндама, хабарландыру, жарнама жасату арқылы да оқушыларды өз деңгейлеріне тән жұмыс істеуге үйретуге болады. Әрине әр мұғалім өз сабағының режиссері болғандықтан, бұл ұсынылған жұмыс түрлерін өз қалауынша таңдап, шартын өзгерте алады: ең бастысы оң нәтиже – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Коммуникативтік дағдыны дамыту барысында оқушының жазу мәдениетін арттыруды да есте сақтаған абзал. Мен осы жұмыстарды орындау барысында көптеген нәтижеге қол жеткіздім, ең бастылары: оқушылардың сөйлеу қабілеттері жетілді; ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді; өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдауда жауапкершіліктері мен көшбасшылық қабілеттері артты; шығармашылық қабілеттері дамыды.
Осындай жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы оқушылардың білім сапасы артады.
Қорыта келгенде, барлық білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын үлкен мақсаты - ол білім алушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, олардың өздігінен ізденуін арттырып, шығармашылығын дамыту болып табылады. Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, теория мен практика бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Әрінова Б.А. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, № 1, 11-13 б.
2.Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4, 20-23 б.
3.Қасбаева Г.С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5, 17-22 б.

Footwear

Жаңартылған білім аясында бастауыш сыныпта зерттеу жұмысының маңыздылығы

Рейтинг:   / 0

СҚО, Ақжар ауданы, Талшық ауылы
«Талшық орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Кажмуратова Айжан Бахытжановна
Ильясова А.Ш., «Өрлеу» БАҰО АҚФ
СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Қазіргі кезде мектепте жаңа технологиялар кеңінен қолданысқа ие. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ,  оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады. Бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыта аламыз. Сонымен қатар оқушы ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып,  өзінің іс - әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренеді. Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала- ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы,өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. 

Дарынды балалар қоғам үшін басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: 

-ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы. 

-ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу. 

-барлық күш - қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі 

Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден оқушының жеке бас қасиеттері туралы сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алуымыз қажет.

Зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты  немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын  ұсынуға болады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламыз. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады. Көрген, білген, естіген ақпараттарын  суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді.

Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы). Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға соқпайды.

      

Пайдаланғын әдебиеттер:

1. Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарын

ұйымдастыру». Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша журналы.-Алматы.- 2013.

2.И.А.Савенков. Маленкий исследователь. Развитие логического мышление. 6-7 лет. Академия развитие. 2004.

3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы. Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

4. Таубаева Ш.Т. Лактионова С.Н.  Педагогическая инноватика как теория и практика нововедении в системе образования. Алматы..2001.

      Қазіргі кезде мектепте жаңа технологиялар кеңінен қолданысқа ие. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Осыны еске ала отырып бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысқан дұрыс екендігіне көз жеткіземіз. Ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ,  оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады. Бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыта аламыз. Сонымен қатар оқушы ізденіп, болжап, белгілі бір білім жиынтығына ие болып,  өзінің іс - әрекеті арқылы шешімін табуды, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуді үйренеді. Ғылыми жұмыстармен, жобалармен айналысатын бала- ол дарынды бала.  Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. 
     Дарынды балалар қоғам үшін басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.

    Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: 
- ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы. 
- ақыл-ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу. 
- барлық күш - қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі 
     Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден оқушының жеке бас қасиеттері туралы сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алуымыз қажет.

    Зерттеу жұмысының бастамасы ретінде белгілі бір тақырыпты  немесе тарауды өткен кезде оқушыларға шағын зерттеу жұмыстарын  ұсынуға болады. Әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабағы барысында хабарламалар жазу, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс қою сияқты шығармашылық жұмыстарды айта аламыз. Балаларға дүниетану пәні бойынша да өте қызықты жобалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстар ұсынуға болады. Осылардың бәрін зерттеу жұмыстарының бір бөлшегі деп қарастырамыз. Зерттеу жұмыстарын топтасып, жұптасып немесе жалғыз да орындауға болады. Көрген, білген, естіген ақпараттарын  суретке салып, өз ойларын қағаз бетіне жазып, кітапша жасауларына болады. Мүмкіндіктері болса, бейнежазбалар жасап, суретке де түсірулеріне болады. Шағын болса да осындай жоба әдісін қолдану әрі қызық, әрі пайдалы, әрі көп еңбекті талап етеді.

     Шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу  арқылы балалардың қызығушылықтары артады (мысалы: ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы, балалық шағы). Мұғалім ақпараттық жаңа дерек көздерін көрсетеді де жай ғана қажетті бағытты нұсқап, өздігінен жұмыс жүргізуге жол көрсетеді. Мұнан кейін оқушылар өз беттерінше де, бірлесе отырып та орындай береді. Бұл жағдайда әр түрлі салалар бойынша қажетті ақпараттар жинақтайды. Нақты нәтижелер пайда болады. Осылайша шағын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жұмыс жасай алатын ұқыпты, жинақы, еңбекқор, талапты баланы анықтау қиынға соқпайды.

      

Пайдаланғын әдебиеттер:

1. Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарын

ұйымдастыру». Бастауыш сыныпта оқыту. Барлық пәндер бойынша журналы.-Алматы.- 2013.

2.И.А.Савенков. Маленкий исследователь. Развитие логического мышление. 6-7 лет. Академия развитие. 2004.

3. «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы. Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж

4. Таубаева Ш.Т. Лактионова С.Н.  Педагогическая инноватика как теория и практика нововедении в системе образования. Алматы..2001.

 

Air Jordan

Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту

Рейтинг:   / 0

Ибраева С.М
СҚО Шал ақын ауданы Жаңасу ауылы
«Жаңасу бастауыш мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1.Оқу мақсаттарының қойылуы.
2.Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.[3]
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз.Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.[4]
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.[6]
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сапа.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. .[5]
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек , дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды , сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.

Практикалық бөлім
1.«А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білесіңдер?
2.Жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.

3.Сонымен зерттеу жүргізілудің сапасы
«Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбын зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.
Бастауыш сынып оқушыларының барлық қабілетінің нышандары оянып, қалыптыстыруға ыңғайлы уақыт. Қазіргі мектептегі дамыта оқыту бағдарламасы танымдық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Баланың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде зерттеген ғалымдар Д.Б.Занков, Б.Тұрғынбаева, Қ.Бозжанова, Е.И.Рогов, М.Р.Битянова т.б. жаңа бағдарлама қабілет табиғатына сүйене отырып оны дамыту жолдарын көрсеткен.
Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі осы тәжірибе барысында байқалып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы өзінің деңгейіне , білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып , әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі , мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті. Нәтижесінде : жан – жақты шығармашылық іс - әрекеті бар тұлға болып қалыптаса алады.
Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу – ағарту саласын техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Р.Есеева Бастауыш мектеп.№5 2005 ж.
2.Мектептегі психология 2007-2008 жж.
3. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.№1 2002 , 3-7 бет.
4. Педогогика . Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003, /Абай атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті/ .
5.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын ,2004.
6. www.ustaz.kz

AIR MAX PLUS

Оқушылардың танымдылық белсенділігін дамытуда диалогтық оқытудың тиімділігі

Рейтинг:   / 0

Баймуканова Л.Б.

СҚО., Мамлют ауданы,

 «Ленин орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Ильясова А.Ш., «Өрлеу» БАҰО АҚФ

 СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Заман талабына сай білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ықылым заманнан бері адам баласы барлық өмір құбылыстарын, өздерін қоршаған ортаны тануға талпынған. ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің дамуына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», «Болашақта өркениетті дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Ал білімді ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз. «Мектеп- білім тірегі, ұстаз оның жүрегі», демекші мектепте білім беретін ұстаз еңбегінің де өлшеуі жоқ.
Айналасына білім – тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға – ұстаз. Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді.
Менің өмірімнің қағидасы: «Оқушысының бойына шынайы білім – білік дағдыларын дарытып, зерделеріне ғылым негіздерін тоқып, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету». Нағыз ұстаздың құндылығы шәкіртін сүю. Алдында отырған бүлдіршіндерді жақсы көрмеген адам оған зейінді білім беру екіталай. Әрине, сынып біреу болғанымен онда отырған оқушылар әртүрлі отбасының мүшелері. Біреуі ерке болса, енді бірі ұялшақ, бірі өжет. Сол әр оқушының ерекше қасиеттерін байқау ұстазға сын. Бастауыш сыныпқа әрбір үйдің әлпештеген періштесі келеді. Олармен жұмыс жасау барысында ұстаздың ұстамы, білікті, мейірімді болу қажет.
Бастауыш білім – жалпы орта білім алудың негізгі базасы. Сондықтан, бастауыш білім берудегі басты мақсаттың бірі – оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінше оқып, білім алуға үйрету. Тек өздігінен оқи алғанда ғана оқушы білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретін анық. Ал өздігінен жұмыс істеу оқушы бойында оқу еңбегінің дағдысы мен икемділіктің қалыптасуын қажет етеді. Оқушылар ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны меңгеру технологиясын да үйренуі үшін оқу процесін қалай ұйымдастыру керек? Бұл орайда диалогтық оқытудың тиімділігі мол. Диалогтік оқыту – ол әңгімелесу, пікірлесу, сұхбаттасу, бірін-бірі тыңдай алу. Осындай тәсіл арқылы оқушы мен ұстаз арасында тең дәрежедегі түсінушілік қатынас орнайды, яғни оқушы өз ойын ешбір қорқынышсыз еркін жеткізе алады. Сондықтан да диалог жүргізудің ережелерін ескере отырып, сыныпта диалогтік үлгі тиімді. Білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы мен мұғалім мен оқушы диалог олардың өзіндік ой – пікірін жүйелеуге және дамытуға көмектеседі.
Мен өзімді білімді реттеуші ретінде емес, оқытуды белсендіруге, түсіндіруге, көп көңіл бөліп, оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуге ерекше назар аударамын. Оқушыларды жеке тұлға ретінде танып, әр оқушыға сыйластықпен қарап, ой пікірмен санасам.
Диалогтік идеясы тәсіліне сәйкес, сауалнама мен тотық жұмыстар арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға болатындағын көрдім. Диалогтік тәсілмен сұрақ қою рөлін қарастырып, сұрақ қою арқылы оқушыларды тақырып бойынша еркін сөйлеуге ынталандырамын, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін біліп, білімге құштарлықтарын дамытуға тырысамын. Сұрақтарды жүйелі түрде қою, олардың ойын жинақтауға көмектеседі. Диалогтық тәсіл арқылы эмоциалдық, интеллектуалдық үрдістерді дамытады. Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламада екі түрде қарастырылады: оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауларын дамытады. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына диалогтық оқыту ықпал етеді, бір – бірінен үйренуге, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуге және бағалауға үйретеді әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін белсендіреді. Балаларды сабақ барысында проблемаларды шешуге қорытынды жасауға, алған білімдеріне сыни көзбен қарауға, топ мүшелерінің жұмысын талдай білуге, сұрақ жауапты талқылауға және өз ойларын жинақтауға көмектеседі.
Сабақ оқу-тәрбие үрдісінің тірі ағзасы. Оқушыға керек барлық басты, маңызды мәселелердің бәрі сабақта өтеді. Әр жаңа сабақ білім сатысы және жеке тұлғаның қалыптасуы, ақыл- ойының дамуы. Сабақ сонымен қатар сабақ – мұғалімнің оқу үрдісін жандандыру үшін, оқушылардың білім сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін керек. Сабақ барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, ізденістер жүргізіледі. Жаңа қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақтарды жоспарланғанда мақсатым диалогтық оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық, сөздік қорын дамыту, тәрбиелік-адамгершілік, ұйымшылдық,көмек беру,қарым-қатынасқа үйрету, дамытушылық- танымдылық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жасау, ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар диалогтық оқуда әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме және сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларды пайдаланамын, Бұл оқушылардың тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, зерттеуге ынталандырады, сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді, сын тұрғыдан ойлауға көмектеседі. Оқу үрдісін жандандырып отыру, оқушылардың білім сапасының деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін де керек.
Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап осы әдісті жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Әдебиеттер тізімі:
1.М.Дүйсенова «Жаңарған әдістемемен оқыту» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Бастауыш сынып» №1, 2014 ж.
2. К.Кульбаева. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының тиімділігі» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Бастауыш сынып» №7, 2013 ж
3.С.Мирсеитова « Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту негізінде» Қарағанды-2011ж.
4.Г.Т.Касенова «Бастауыш білім негізі-сапалы білім, саналы тәрбие бастауы» Астана, 2013ж «Білім берудегі инновациялық процестер» атты ІІ Республикалық конференциясының материалдары (265 бет)
5.Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. А.,2006
6.Л.С.Рукгабер «Новые подходы в обучении:диалоговое обучение» Астана, 2013ж, «Білім берудегі инновациялық процестер» атты ІІ Республикалық конференциясының материалдары (139 бет).

Nike

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары

Рейтинг:   / 0

СҚО Қызылжар ауданы
Красногорка негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Баймолдина Назым Ертаргыновна
Ильясова А.Ш., «Өрлеу» БАҰО АҚФ
СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет - оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми - зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асырылады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең — қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең -оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып, шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену — шығармашылық қабілетті ашудың көзі.
Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыруға болады.
1.Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2.Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс деп санаймын. Өйткені бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады деп үміт артамыз.
Қазіргі білім мазмұнының жаңартылуына байланысты. Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстаймын. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді.
Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды.
Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
Ұстаз оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме, факультатив сабақтарын, таңдау курстарын, пәндік кештерді, КВН, конференция, дәстүрлі емес сабақтар түрлері, дебат ұйымдастыру шығармашыл тұлғалардың ашылуына көп септігін тигізеді. Олар өздіктерінен ғылыми-бұқаралық әдебиеттер оқуға және әдістемелік журналдармен жұмыстар жасауға жаттығады, зерттеушілік іскерліктері мен машықтары шыңдалады.
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс — әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс — әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту сабақ барысында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс шараларда да басты назарда. Атап айтқанда әр жылдың қыркүйек айында қазақ тілі онкүндігі өтеді. Сол онкүндік аралығында мектепте үш тілде күн сайын іс-шаралар өткізіледі. Мысалы: «Тіл бабалар мұрасы» атты көрме ұйымдастырылады, «Біздің отбасымыз» тақырыбында шығарма байқауы өтті, «Латын графикасы» бойынша оқушылар диктант жазды, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты танымдық іс-шара өтті.
Сондықтан сыныптан тыс іс-шаралары өткізгенде сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу - танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі. Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс - әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Тек оқушылар ғана емес сонымен қатар әдістемелік сауттылығымды арттыру оң жолға қойылған. Атап айтқанда пән мұғалімдеріне арналған «NIO» олимпиадаларға қатысып ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болдым, «Үздік педагог» ,USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында авторлық материалдар жариялап сертификат, құрмет грамотасы, алғыс хатқа ие болуға болады.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ мен Ы.Алтынсарин ат. Білім Академиясының бірлесіп ұйымдастырған шара барысында шағын жинақты мектептерде біріктірілген сыныптарда оқу үдерісін тиімді жолдарын қарастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары әзірлеп, ұсынылды. Академия мамандары (жетекші ғылыми маман Каримова Б) жоғары деңгейде бағалап, шығармашылық топта жұмыс істегенін растайтын анықтама қағазы берілетіні анықталды.
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, тілдік қоры бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Осы мақсатқа жету жолында сіздерге шығармашылық ізденіс, сәттілік пен табыс тілей отырып, сөзімнің соңын аса көрнекті ғалым Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдар тәрбиені ата-анадан да, мекептен де және әдебиеттен де алады» деген сөзімен аяқтағым келеді.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан мектебі «Дарынды бала ұғымы» №12, 2009 ж.
2.Қазақстан мектебі «Дарынды оқушымен жұмыс» №2, 2011 ж.
3.Рақымова Б. Оқушылардың танымдық әрекетін дамыту. Бастауыш мектеп 2000, №2 25-26б.
4.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. А «Мектеп» 1978, 110б.
5.Тоқсанбаева Н.Қ. Оқыту процесі жүйесіндегі танымдық іс-әрекеттің құрылымы. Автореферат. Алматы-2001.
6.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы.-2007.

Shop Sneakers in Footwear

ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ

Рейтинг:   / 0

Мукужанова Айнаш Болатовна

СҚО, Мамлют ауданы

«Ленин орта мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім

Біздің ана тіліміз – өзінің мемлекеттік мәртебесін абыройымен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. ХІХ – ХХ ғасырларда қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеген Еуропа, Ресей ғаымдарының өзі: « Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады......» (Радлов), «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл ...» (Мелиоранский) деп тамсана таңырқаған. Қазақ тілі түркілік саф тазалығын сақтап келгенін ерте заманғы Орхон – Енесей ескерткіштеріндегі тасқа қашалып қалған жазулар – ақ анық аңғартады. «Тіл – ұлттың жаны» деген ұлы адамдар. Бүгінгі күн, үшінші мынжылдық есігін ашып, табалдырығынан аттап кірген шақта тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі оның мемлекеттік тілі- қазақ тілінің де тағдыр – талайына тікелей байланысты екенін бәріміз жан-жүрегімізбен түсініп, сезінеміз. Ал, тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімінің тұлы қаруы, алтын арқауы саналатындықтан, қазақ тілінің келешек көкжиектері біздің білім беру ұйымдарымыздағы қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Біздің ана тіліміз - өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. ХІХ-ХХ ғасырларда қазақ тілін ғылыми тұрғыда зерттеген Еуропа, Ресей ғалымдары- ның өзі: «Қазақтың жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...» (Радлов) , «Қазақ тілі – түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл...» (Мелиоранский) деп тамсана таңырқаған. Қазақ тілі түркілік саф тазалығын сақтап келгенін ерте заманғы Орхон – Енисей ескерткіштеріндегі тасқа қашалып қалған жазу лар –ақ анық аңғартады. «Тіл - ұлттың жаны» деген ұлы адамдар. Бүгінгі күні, үшінші мыңжылдық есігін ашып, табалдырығынан аттап кірген шақта тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы, шығар биігі оның мемлекеттік тілі - қазақ тілінің де тағдыр-талайына тікелей байланысты екенін бәріміз жан-жүрегімізбен түсініп, сезінеміз.Ал, тіл қашанда ұлт мәдениетінің , өнер-білімінің ұлы қаруы, алтын арқауы саналатындықтан, қазақ тілінің келешек көкжиектері біздің білім беру ұйымдарымыздағы қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Соған орай ана тіліміз бен әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, тілдің туын өзіне лайықты шыңына қондыруға үлес қосып келеміз. Бұл - туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы, шәкірт алдындағы перзенттік әрі азаматтық парызымыз.
Тіл кез келген танымдық іс - әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да болашақ қоғам иелерін тәрбиелейтін жалпы білім беретін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін танып біледі.
- теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болатынын
пайымдауға үйрететін білімдік қызметін;
- жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын, өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың
бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін;
- алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге
бағыттайтын коммуникативтік қызметін.
Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі - тілдік материалды әдебиетпен сабақтастырып, пәнаралық байланыстың негізінде ғылым мен білімді өзара тоғыстыра отырып, жеке тұлғаның рухани әлемін байыту, баланың өзіне тән көзқарасы мен пікірін қалыптастыру. Ашық әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, әдебиет қағидаларын қазақ тілі сабағында пайдалана білу, кейіпкерлердің әдемі қасиеттерін оқушы бойына сіңіріп, оны өмірмен ұштастыра алу, дүниені, ортаны, адамды жан-жақты зерттеп тани білу, тілдік материалдар арқылы сыртқы қоршаған ортаны оқушы өз ой-санасымен зерде лей отырып, тілдік қатынасқа түсу-барлығы оқыту жүйесін жаңаландырып, білім беру үрдісін тереңдете түседі. Қазақ тілі сабағында сөз бен сөйлемді, тұрақты тіркес пен мәтінді меңгерту үшін оқушыға ой салу, ойланту, өз пайы мын тіл арқылы дәл, нақты, шешен жеткізе білуге жетелеу көп ізденісті қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде ұстаз Қанипа Бітібаеваның «Ой салу-ұстаз тарпынан, ойлану-шәкірт тарапынан, ойланту- ұстаз тарапынан, шешім ге келу- оқушы тарапынан болу керек» деген пікірдің психологиялық жағынан дұрыс тұжырым екендігін атай кеткен жөн. Өйткені таным үрдісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екінші- ден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді.
Қазақ тілін танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді қамтиды:
1. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тілдік
қағидаларды басшылыққа ала отырып,сабақтың білімдік мақсатымен
қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны
адам жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.
2. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру тілдік материалды дамыта оқытумен байланысты. Берілген тақырып ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді.
3. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, бала өсіп жетілетін, әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, баланың ой-өрісін, сана- сезімін кеңейтеді.
4. Тілдік және қатысымдық бірліктердің мағыналық ерекшіліктерін нақты мысалдармен түсіндіріп, әр сөздің мағыналық реңкін тіркес пен сөйлем құрамында қолдана отырып ойды түрлендіруге болатын мүмкіндіктер жасау, сөзді әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізуге үйрету оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.
Танымдық белсенділік деп оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып ұйымдастырылған таным үдерісінде пайда болатын, бекітіле- тін, дамитын жеке тұлғалық қасиетті тануға болады. Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз. Оқушының таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін сипаттайды. Ал басқа қабілет-қасиеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаса белсенділік те өркен жая алмайды. Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейілінше дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау салады. Мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде пайда ланудың жолын кеңейтеді. Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақты лық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдай ларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі жатады. Білім беру дің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, құзырлылығы жетілген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген,коммуникативтік біліктілігі дамыған, сөйлеу мәдениеті қалыптас қан, бәсекеге қабілетті дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Қазақ тілін сапалы оқыту ізденістері - бүгінгі пән мұғалімін толғандырып отырған келелі мәселелердің бірі. Оқушыға ана тілін өз деңгейінде меңгерту оған көп тілді үйренуіне мүмкіндік тудырады. Ана тілінің қыр - сырын терең игерген баланың ұлттық дүниетаным арқылы азамттық көзқарасы мен тұлғалық ұстанымы қалыптасады.Қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушыға білім мен тәрбие бере отырып алынған білімді қажеттілігіне жарата білу, шығармашылық ізденіс көздерін ашуына бағдар бере білу керек. Қазақ тілі пәнін оқытуда оқушының жан – жақты жұмыс істеу мүмкіндіктеріне жол ашу үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады .Қазақ тілі сабағы баланың ой - өрісін өсіріп, оған тілдің ұлттық мәдени мұра, тіршіліктің өзегі, танымның көзі екенін сезіндіру қажет.Оқушының таным деңгейі оның сөйлеу тіліне,сөйлемді дұрыс құрастыру, ойын жеткізе білу іскерлігіне тікелей тәуел ді. Осы орайда қазақ тілі пәнін оқытудың жан – жақты міндеттері айқындала- ды. Қазақ тілін оқытудың мақсатын орындау үшін танымдық және практика- лық бағыттағы бірнеше міндеттер қойылады.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні - қараң, келешегі-тұман» деп М. Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Сусыз құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпағы- мызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтан өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүргізу - әрбір ұстаздың міндеті.Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақ та еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені бар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.
Білім - теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны -мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру-табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден - бір жолы - жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық сол ғалымдарымыздың еңбектерін өзіміздің педогогикалық жұмысымызға бағыт-бағдар ете білсек,нұр үстіне нұр болары хақ.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2002. – 368 б.
2. Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: қазақ поэзиясының антологиясы. – Алматы: Раритет, 2007.-504 б.
3. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 2008.

jordan Release Dates
                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика