Ертегілер арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан,
Новоишим ауылы
«Ақ бота» балабақшасы МКҚК
Қазақ тілі мұғалімі
Махамбетова Раушат Айтбаевна

Қазақ тілін оқытуға арналған көптеген оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Жарық көрген құралдар арасында тіл үйретудегі қажеттілікті арттыру керек. Балалардың қазақ тілінде өз ойларын дұрыс жеткізе алу дағдыларын жаңа технологиялар арқылы үйрету. Қазақ тілін үйретуде педагогтің алдына қоятын негізгі мақсаты: 

Women Air Jordan 1 Mid "Crimson Tint" 852542-801 Pink White Online, Price: $88.58 - Air Jordan Shoes

 

Балалардың сөздік қорларын молайту, меңгерген жаңа сөздерін күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, сөздерді дұрыс айтуға жаттықтырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Осы мақсат орындалған жағдайда балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігі артады, мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылатады.
Баланың жан – жақты қалып-тасуы үшін бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиет -терді сіңіре білу керек. Оның жан–жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын ертегілер арқылы жетілдіруге болады.Ертегі арқылы әр түрлі кейіпкерлерге еніп, балаларертегілерді рөлдерге бөліп, қызығып сахналайды.
Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Әртүрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Ертегі – ауыз әдебиетінің ерте заманынан келе жатқан мұра. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте деп» басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, мұрадан мұраға жалғасып жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың арман-мұраты бейнеленген. Әртүрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады.
Ертегілер балалардың ойын, қиялын, сөйлеу тілін дамытуда үлкен роль атқарады. Сондықтан 4 – 5 жас аралық балалар үшін ертегілерді оқытудың маңызы зор.
«Ертегілер елінде» атты үйірмесінде қиял-ғажайып, тұрмыс-салт, хайуанаттар жайындағы ертегілер қамтылған. Балалардың қабылдануына жеңіл, оқиғасы қызықты ертегілер таңдап алынды.
Ертегіні қою барысында балалар әр түрлі құралдарды пайдаланады, басқа да ойыншылармен қарым-қатынасқа түседі. Рөлін іс-әрекетпен, сөйлеумен, мимикамен, ым – ишарамен көрсетеді. Балалар осыған белсене қатысады.
Ертегі барысын үнемі өзгертіп, ауыстырып, мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырады.
Сонымен қатар балалардың ертегілер үйренуге деген қызығушылықтарын арттырады. Материалдарды тиімді қолдана білу балалардың шығармашылық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика