Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін арттыру жолдары

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 
СҚО. Жамбыл ауданы
«Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Информатика пәні мұғалімі
Қошаев Әсет
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедра лаборанты
Аубакирова Ж.К.

 

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев

 

Еліміздегі өзгерістер, қайта жаңғырулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. ХХІ ғасырда адамдар жаңа технологияның тасқынының куәгері болды. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдарын, жаңа материалдар мен қызмет көрсетулер, жаңа ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізді және таң қалдырды. 

jordan Release Dates

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Осы міндетті басшылыққа ала отырып, информатик пәні мұғалімі ретінде басты міндетім – мектепті ақпараттандыру жұмысын жүйелеу.

 

 «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан - жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді.

 

       Бүгінгі байланыс қатты жетілді. Жаңа ұрпақты жаңа өмірге бейімдеуге ақпаратты жүйелерді компьютер, интерактивті тақта, интернет оқытуда информатика пәні мұғалімі еңбегі өте зор. Мұғалім-ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. 
      Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы маңызы. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты. Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін айта келе, осы технологияны меңгеруде мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны тиімді және ұрымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология ғана білім беру мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады. 
Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдысынның дамуына, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық –гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т.б. құралдар мұғалімнің рөлін арқара алмаайды. 
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқыту:
-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
-         жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
-         жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
-         бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
-         мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
-         бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

 

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері: 
1)Ақпараттық ізденісті жоспарлау; 
•Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі, 
• Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады, 
• Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады. 
2)Алғашқы ақпаратты алу; 
• Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі, 
• Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады, 
• Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады, 
3)Ақпаратты екінші қайтара алу; 
• Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді, 
4)Ақпаратты алғашқы өңдеу; 
• Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді, 
5)Ақпараттарды өңдеу; 
• Алынған ақпаратты дәл баяндай алады, 
• Ақпараттың жеткіліксіздігін немесеөзінің түсінбегендігін ескеретеді, 
• Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады, 
Информатика пәнінен оқушылардың білімін тексеруге арналған тапсырмалар арқылы шығармашылықтарын дамыту маңызды. Оқушылардың ой-өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім сапасының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі – практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары. 

 

Жаңартылған бағдарлама ерекшеліктерінің бірі-оқушылардың бойында кең ауқымды дағдыларды дамыту. Осы орайда АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану немесе ақпараттық құзіреттілікті дамыту маңыздылығын атап кетуге болады. Пәнаралық және пәнішілік интеграцияны ұйымдастыруда да АКТ тиімді пайдаланудың рөлі басым.

 

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
• оқушының өз бетімен жұмысы; 
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; 
• шығармашылық есептер шығару; 
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 
• экономикалық тиімділігі; 
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; 
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; 
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 
       Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құрал. 
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. 
     Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты – дәріс сабақтарында интерактивті тақталарды қолдану болып табылады.– ActivBoard интерактивті тақтасы мен ActivStudio программалық қамтуын оқу үрдісінде пайдалануда. Бұл бағдарламалық-техникалық кешеннің өзіне тән ерекшелігі, әмбебаптығы, интерактивтілігі, қызметінің көп жақтылығы және қолданушыға пайдалануға түсініктілігі мен интерфейсінің қарапайымдылығы. Заман талабына сай, оқушыларға сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастырылады. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. 
        Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.

 

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді. Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру - уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез-келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Иманбаева, «Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі». Қазақстан мектебі, №2, 2000.
  2. Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту, 2008.
  3. Нұрғалиева Г. Таутаева Г. Тілеуова С. Ақпараттандыру –білім беруді реформаландырудың негізгі механизмі, 2000.- / 262-263 бет /
  4. Е. Ы. Бидайбеков, Ж.К. Нұрбекова , А.Е.Сағымбаева «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал.-Алматы, 2003.
  5. Ш.Т.Шекербекова, А.Е. Сағымбаева «Информатика» әдістемелік құрал /Алматы 2005/

 

 

 

 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика