АӘД оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру- оқушылардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастырып, дамытудың негізі.

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 
СҚО, Жамбыл ауданы
«Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Рахметов Дамир Сагытович
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы
Ахметова Асем Едильжановна

 

«Адам болу – қасиет, азамат болу –

 

міндет, патриот болу – парыз» 

 

Бауыржан Момышұлы.

 

Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР Президенті Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар, «бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс»

nike

 

 

     Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады,-деп құндылықтарды дарытудың маңыздылығын атап көрсеткен. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деген тұжырымға келісемін. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы - қазақстандық патриотизм болды. Патриот болу әр адам баласының міндеті. Әр азамат Отан алдындағы борышын өтеп, еліне қызмет артқару керек. Ал, «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған маңызы зор сөз болып еліміздегі саяси-әлеуметік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Енді, бейбітшілік заманда ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстанның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек ету - әр қазақстандықтың азаматтық қызметі. Мемлекетіміздің рухани жаңғыруына, ұлы даланың жеті қырын танытуына, Нұрлы жолда Мәңгілік Ел болуына іңкәрлікпен ат салысатын болса нағыз патриотизм. Осыны негізге ала отырып, АӘД пәнінде АКТ мүмкіндіктерін, яғни бейнематериалдарды, сандық білімдік ресурстарды, интернет желісіндегі ақпаратты пайдаланып, оқушылардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік сезімдерін баулуды басты назарда ұстаймын. Мектептерде Алғашқы әскери дайындық пәндерінен сабақ барысында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс, мәселен, «Әскери жиын», «Мен-патриот», «Батыр» жарыстарында жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Патриотизмге жастарды тәрбиелеу жұмыстары біздің мектепте («Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі ») оңтайлы, дұрыс бағытта жүргізіліп келеді. Әр жасты құнды қасиетке ие қылып патриот тұлға қылып шығару керек. Мен Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болғандықтан оқушыларды отансүйгіштікке баулуды мақсатыма айналдырдым. Әр шәкіртімнің әскери қызметке құштарлығын оятып, елдің батыры болуына ат салысамын. Сонымен қатар, тақырыптық кештер өткізу де маңызды. Мәселен, Жеңіс күніне орай «Тәрбие-бесіктен басталады» деген тақырыпта тарих пәні, әдебиеттік оқу пәні мұғалімдерімен бірлесе тақырыптық кеш өткізілді.

 

Патриоттық сана, патриоттық сезім көрсеткіші – оқушының іс – әрекеті. Сонымен бірге іс-әрекет оның даму, қалыптасуына ықпал ететін басты фактор. Іс – әрекет барысында тыңдаушы қоршаған ортамен құндылықтарын арттыруға үлес қосады, бұл өз кезегінде патриоттық сана қалыптасып, сезім, қабілет, қасиеттерді дамуына ықпал етеді, басқаша айтқанда өз басының мүддесін ұлттық, Отан, мемлекет, халық мүддесіне ұштастырады. Сабақ барысында оқушылардың аксиологиялық компонент аясында патриоттыққа баулып қана қоймай, танымдық компонент аясында сындарлы ойлауын дамыту мақсатында болжау, деректермен дұрыс жұмыс істеу, жағдаяттарды талдау арқылы Отан, отбасы алдындағы жауапкершіліктерін дамыту сияқты дағдыларды қалыптастыруға тырысамын.

 

- Әй, алғашқы әскери дайындықтан, шымырланып қаншама батыр шыққан,-деп жас ақынымыз Самрат Құскенов "Педогогтер" деген өлеңінде жырлағандай, азат елдің батырларын жай әншейін шынықтырып қана қоймай, кәсіби тұрғыда дайындаймын. Шекара күзеткенде, тәлімгерінің әдіс-тәсілдерін қолдана алатынына кәміл сенемін. Міне, осыны патриотизмге дағдыландырудың таптырмас тәсілі деп ойлаймын. Жастардың Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспеншілік ояту мақсатында іс-шаралар ұйымдастарылып тұрады. Бұл жұмыстың жемісі жас көкіректе патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырады. Өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіру де тиімді болмақ. Әр адамның аузы емес, жүрегі "Тілім", "Дінім", "Елім", "Жерім", "Халқым", "Отаным" десе нұр үстіне нұр болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

 

 

1.Алғашқы әскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері. Республикалық әскери – патриоттық педагогикалық – әдістемелік журнал.- 2010 ж.

 

2.Бесбай А. Жеке тұлғаны патриотизмге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу- 2015. - №8.1. - С. 29-31.

 

3.Л. Сейдахметов. Оқушының патриоттық тәрбиесін қалыптастыру. Қазақстан мектебі,2011.-14 б.

 

4.Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 1998. – 25 б.б.

 

5. www.stud.kz .Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері.

 

 

 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика