Көркем шығармаларды оқыта отырып, оқушылардың тіл байлығын дамыту.

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 
СҚО, Жамбыл ауданы
«Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Қалиев Мағжан
«Өрлеу» БАҰО АҚФ СҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы
Ильясова А.Ш.

 

                             Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. 
                                Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
 

    Тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы дағдыларды барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Тілдік пәндердегі дағдыларды дамыту- оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеті -бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Trailová obuv Nike Air Zoom Pegasus 36 Trail GORE-TEX

 

 

Егер бала кішкентай кезінен өз халқының ұлттық психологиясында тәрбиеленбесе, ана тілінің қасиетін ана сүтімен бірге бойына сіңірмесе, халқының тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін біліп өспесе, онда ол ешқашанда өз халқының толыққанды өкілі бола алмайды. 
Қазақ тілі қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу ағарту тілі. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. 
Баланың тіл байлығын дамыту мәселесіне көңіл бүгін ғана аударылып отырған жоқ. Бұл мәселе бағытында, ана тілімізді оқыту, бала тілін дамыту бағытында мол да құнды ойлар айтқан жан жақты дарынды халық ұлдарының бірі – Мағжан Жұмабайұлы. 
Мағжан Жұмабайұлы – бастауыш мектепте ана тілін оқыту, тіл дамыту әдістемесін қалыптастыруға қадам жасаушы. 
Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін, олардың зейінін,ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Оқушының тіл байлығын дамытуда оқу сабақтары үлкен рөл атқарады. Тілі байыған сайын баланың ақыл-ойы да арта түсетіні белгілі.

 

     Бала тілінің дамытудағы негізгі мақсат – баланы өзі үшін сөйлеуге үйрету, сөйлеудің адам үшін қажеттілігін ұғындыру, ана тілінің қадір қасиетін түсініп, сүюге тәрбиелеу. 
Баланың еркін сөйлей алуына, ойын еркін жеткізуіне бір себепші оның сөз қоры. Ал баланың жан жақты, сөз қоры бай болуы үшін ол көп оқу керек. 
Жоғарыда қойылған мақсаттардан мынадай міндеттер туындайды: 
• Оқушының оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. 
• Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. 
• Шығарманың түпкі мазмұның – мәнін түсінуі, кейіпкердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау. 
• Өзіндік ой пікірін айта білуге баулу. 
• Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту. 
Әуелі,тіл сабақтардың барысында оқушылардың сөйлеу барысында жиі қайталанатын қателеріне назар аудару қажет.Мысалы: бір сөздің сөйлем ішінде бірнеше мәрте қайталануы если, ну деген тәрізді бөтен тілдерді қолдануы, ал қателік тұстарын тоқтатсаң ойын аяқтай алмай ауысып кетуі т.б. Бұл негізі қала балаларына тәң кемшілік екенін ата-анамен, оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетеді. Мысалы: отыз оқушының он сегізінің үйде жалпы қарым – қатынас орыс тілінде жүрсе, жиырма – жиырма бір оқушы теледидардан тек орыс тілінде хабарларды тыңдайды екен. Әрине, осындай ортада өскен балалардың ана тілінде сөйлеу деңгейі төмен болады. Осындай жағдайларды ескере отырып , оқушылармен жұмыс жасай отырып мынадай тілге қойылатын талаптар анықталды. 
1).Мазмұны, анық болуы; 
2).Логикалық байланыс; 
3).Дәлелді болуы; 
4).Ойдың дәл тартымды болуы; 
5).Өте түсінікті болуы (артық сөз,орынсыз тіркес болмауы); 
6).Мәнерлі, әсерлі,сенімді,таза, әдеби тіл нормасына сай болуы. 

 


Осы қойылған талаптарға баланың тілі сай болуы үшін мынадай жұмыстар атқару қажет: 
Мәтін арқылы тіл дамыту: 
1. Мәтінді түсініп оқу, іштей оқу; 
2. Мәтіндегі түсінбеген сөздермен сөздін жұмысын жүргіз (қарапайым сөздермен сөз мағынасын түсіндіру) 
3. Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату; 
4. Мәтіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру,сипаттау, теңеу; 
5. Әңгімені өз жаныннан толықтыру,аяқтау; 
6. Мәтінді сахналау; 
7. Мәтін бойынша өз ойын айта білу; 
8. Мәтінің неге үйрететінің,тәрбиелейтінің айту. 

 

 

 

Тіл байлығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруде мәтіндермен жұмыс жүргізу аса маңызды. Көркем мәтінге тақырыптық талдау жасап, негізгі ойын анықтау, кейіпкерлердің іс - әрекетіне баға беру, сол арқылы оқушы танымын кеңейтіп, тәрбиелік жағына көңіл бөлу – бастауыш сынып бағдарламасында ескерілетін жайт. Алайда, көркем мәтінді оқыған соң, талдаған тұста сөздік жұмысын жүргізу одан әрі оқушының барынша дұрыс түсініп, барлық талдауларға еркін қатысуына түрткі болады. Тіл дамыту жұмыстары жүйелі жүріп, оны дұрыс меңгеруі үшін әр оқушыда жеке сөздік дәптер болуы керек. Мұғалім оқушылардың дәптеріне төмендегідей кесте сызып беріп, оның тұрақты толтырылуы талап етілсе құба -құп.
Оқушының тілін байыту жұмыстары тіл мәдениетімен тығыз байланысты екені белгілі. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Мұндай тапсырмалар – тіл мәдениеті талаптарын жүзеге асыруда аса тиімді. Оның түрлері:
шығарма, әңгіме жазу;Ø
сурет бойынша әңгіме жазу;Ø
икемі бар балаларға өлең шумақтарын жазғызу;Ø
ертегі жазу;Ø
көркем шығарма оқу;Ø
сайыс, рөлдік ойындарға қатыстыру;Ø
әркімнің қабілетіне қарай деңгейлік жеке тапсырмалар беру;Ø
сөзжұмбақтар құрастыру;Ø
газет - журнал шығарту;Ø
балаларға арналған басылымдардағы сөзжұмбақ, ребустарды шешкізу;Ø
жұмбақтар құрастырту;Ø
хат жаздыру;Ø
белгілі бір шығармаға қысқаша пікір жаздыру т. б.Ø
           Көркем шығармамен жұмыс – оқушының тілін байытудың ең тиімді жолы. Көркем шығарманы көп оқу арқылы оқушының танымы артып қана қоймайды, ойын жүйелі жеткізуді, байланыстырып сөйлеуді, тілдің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын дұрыс меңгеруді үйренеді. Алайда, көркем шығармамен жұмыс істеу барысында есте ұстайтын жайт: шығарманың оқушының жас ерекшелігіне сай болуы, мазмұнының қызықты болуы, тәрбиелік мәнінің зор болуы, оқушыны жалықтыратындай тым көлемді болмауы.
         Бір сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін бір немесе екі оқу мақсаты (дағды) ғана алынғаны дұрыс. Үш немесе одан да көп дағдыны алу сабақтың мақсатына жетуге, қажетті дағдыларды терең қалыптастыруға мүмкіндік бермей, оқушыларда тұрақсыз білім қалыптастыруы мүмкін.

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілеріне мысалдар келтірсек: - қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі таңдағы газет-журналдар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.; - көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу үшін оқу; - кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау; - интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жобалар дайындау); - мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау; - әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау); - көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу; - мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу; - ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу.

 

Бастауыш буында оқылым дағдыларын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілсе, оқушыларда болашақта кәсіби сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасуы арқылы білімге, ғылымға, туған жерге деген сүйіспеншілігінің артары сөзсіз. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту біздің алдымыздағы басты міндетіміз. Оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыра отырып, болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үдерісте тиімді қолдану қазіргі күн талабы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Бұзаубақова Қ.Ж. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Алматы. Жазушы, 2006.

2.Қазбекова Н.Т. “Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану”. // 12 жылдық білім, 2006-№1.

3.Мыңбаева.А.К, Садвакасова.З.М. «Оқытудың инновациялық әдістері», Алматы, 2010.

4.Оразбаева Ф. Тілдік қатынас; теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000.207-б.

5.Рауандина А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Алматы, 2012.

6.Рахымбаева А., Тойымбаева Ж. “Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту”.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика