Қол еңбегі шығармашылығы арқылы балалардың ұсақ моторикасын дамыту

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Шертанова Майра Аскаровна

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

«Балауса» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, тәрбиеші

Жамантаева Карашаш Калшеновна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы

 

«Мектепке дейінгі кезеңде қол еңбегі шығармашылығы

 

арқылы балалардың ұсақ моторикасын даму жұмысының

 

жүргізілуі өте тиімді әрі өзекті мәселелердің бірі.

 

Балалардың қабілеті мен дарындылығының қайнар көзі –

 

олардың саусақтарының ұштарында»

 

В.А.Сухомлинский

         Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды деп ойлаймын. Себебі, балабақшаға ерте жастан келген балалармен құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, сурет салу оқу қызметтерін жүргізу кезінде кейбір балалардың қол икемділіктерінің үйлесімді жұмыс жасамауын байқадым. Балалардың қол икемділіктерінің епті қимыл қозғалыс жасауы үшін не істеу керек деген ойлармен өзіме сұрақтар қойып, іздене бастадым.

Air Jordan 1 Retro High OG Wmns "Panda" CD0461-007 Women/Men Super Deals, Price: $98.03 - Air Jordan Shoes

 

Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектесетінін түсініп, балалармен жиі саусақ ойын жаттығуларын ойын,тақпақ,әңгіме ретінде айтып өткізе бастадым. Балаларға бұл қызықты әрі тиімді болды. Саусақ ойындары –саусақтардың қимыл қозғалыс жасауына, сөздердің өзара байланысының шыңдалуына себепші. 

     Балабақша өміріндегі күнделікті күн тәртібіндегі қасықты ұстау, қарындаш немесе қылқаламды ұстап жұмыс жасауы, өздерінің киімдерінің түймесін салып, ағыту және де аяқ киім бауларын байлап немесе шешуі, яғни баланың өз-өзіне қызмет жасауы ұсақ қол моторикасының дамуына көмектеседі. Осы күнделікті дағдыларды дұрыс қайталайтын балалардың ұсақ қол моторикасы дамып келе жатқанын байқауға болады. Қарапайым осы қимылдарды епсіз орындайтын балаларда ұсақ қол моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Оларға шашылған конструкторларды біріктіріп жинау, пазлдарды дұрыс құрастыру, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Сондықтан олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметте жұмыс жасағанда өте баяу қимылдап үлгермей, жанындағы баламен салыстырғанда әлдеқайда артта қалып қояды.

       Бала өзінің саусақтары арқылы жасаған жұмыстарын қаншалықты басқаратын болса, соншалықты жасалып жатқан жұмысының есінде сақтап қалуы және оны қалай жасағанын әңгімелеп айтуы оның одан әрі қарай дамуына дұрыс әсерін тигізеді.                   Яғни, баланың қол ұшындағы саусақтарының епті қимылдауы оның тікелей миымен байланысты. Бала жасап жатқан дүниесін өз миында ойлау арқылы епті әрекет жасап, көзбен көру арқылы есінде сақтап қалып, оны өзі қалай жасағаны туралы әңгімелеп айтып бере алады. Демек, ұсақ қол моторикасымен бірге балалардың есте сақтау қабілеті мен зейіні тұрақталып, сөздік қоры да молая түседі.
     Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды қол еңбегі шығармашылығы арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру арқылы тиянақты жұмыс жүргізу.

        Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

- қол және көз, қолдың ептілігі, қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

- саусақтар және қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

- жалпы қимыл- қозғалыстық белсенділікті арттыру;

- әңгімелеу,сөз бен сөзді байланыстыруға көмектесу;

- баланың қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру қабілеті және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін одан әрі қарай дамытуды жалғастыру;

Осы нәтижелерге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:

- балалармен жеке жұмыстар өткізуге;

- балалардың өздерін еркін ұстауына жағдай жасауға.

Ұсақ қол моторикасын дамытуға түрлі әдіс-тәсілдерді қоландым:
саусақтық ойын жаттығулары, саусақ ұштарына массаж, саусақ гимнастикасы, әртүрлі сергіту сәттері , саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар , театрлар (саусақ, көлеңкелі, қуыршақ), ермексазбен, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстары, сурет салудың дәстүрлі емес түрлерімен жұмыс жасау (саусақ, тіс щеткасы, май шамы, губкамен), құрастыру жұмыстары: қағаздардан, конструкторлармен, пазл мен мозайкаларды қолдану, лабиринттер мен бастырмалардың түрлері.

Осындай бағыттағы тәсілдерді қолдана отырып, балалардың ұсақ қол моторикасын дамуына көмектесе аламын деп ойлаймын және жұмысымның жалғасын табуға әрекет жасаймын. Осындай нәтижелерге жету үшін тәрбиешімен бірге ата-аналардың да қолдауы әбден керек, себебі балалар жасаған жұмыстарын бірінші ата-аналарына сосын айналасындағыларға көрсетуге асығады. Ал, олардың еңбектеніп жасаған жұмыстарын дұрыс бағытқа жетелейтін де, қызықтыратын да ата-аналар мен тәрбиешілер. Балаларда қызығушылық болса нағыз шебер де бола алады. Алдағы жұмысымда осы бағыт арқылы балаларды қызықтырып, жұмысымды әрі қарай жалғыстырамын.

Расында да, балалардың жасайтын іс-әрекеттерінің барлығы да осы қолдарының саусақ ұштарымен тығыз байланысты екені анық, тіпті оны ғалымдар да зерттеп келген. Күнделікті және алдағы ұйымдастырылған оқу қызметтерінде болсын не болмаса балабақша өмірінен тыс кезінде болсын тәрбиеленушілерімнің шығармашылық жағынан жақсы жағынан көруім үшін, алдымен олардың қол икемділіктерінің жақсы үйлесім табуына жағдай жасауыма тура келді. Ол үшін күнделікті түске дейін немесе түстен кейінгі кезең уақытында әрбір тәрбиеленушімен қол икемділіктерін дамытатын саусаққа арналған тақпақты жаттығулар өткізу және саусақ театрларымен қоса қуыршақ театр, үстел үсті және де көлеңкелі театрларды сахналап өткізуім менің жасаған әрекетімнің балаларға деген алғашқы көмегі болды. Балалардың осындай күнделікті жаттығулар өткізген соң қол еңбегі шығармашылығы жұмыстарында қандайда бір заттың суретін салсақ немесе мүсіндейтін болсақ, немесе аппликация жұмыстарында жапсырулармен айналыссақ т.б. балалармен дұрыс бағыт көрсете отырып еңбектенсек балалардың ынтасы мен епті қозғалыстарын байқалатынын көруімізге болады.

-Біріншіден: қол икемділіктері қалыптасады;

-Екіншіден: көру және есту және қимыл-әрекет жасау арқылы есінде сақтау қабілеті күшейеді;

-Үшіншіден: қол икемділіктері епке келіп, шығармашылық жұмыстарын икемделіп жасауға бейім болады.

Осы айтылғаны барлығы жұмыстың тақырыбының өзектілігін дәлелдейді.

1.Тәжірибенің мақсаты

а) Балалардың қол еңбегі шығармашылығына қызықтырып, үйрету.

ә) Түрлі саусақ жаттығу тақпақтарын өткізе отырып, ұсақ моторикасының дамуына жағдай туғызу;

б) Жеке жұмыс өткізу арқылы балаларды өздігінен жұмыс жасауға баулу.

2. Тәжірибенің міндеттері

 а) қол еңбегі шығармашылығын әр түрлі бағытта іздену арқылы өз білім деңгейін жетілдіру;

ә) балалармен жүргізілетін жұмысының жоспарын құру;

б) балалардың ұсақ моторикасын дамытатын жаттығулар мен тақпақты-әңгімелерді толықтыру;

в) дәстүрден тыс шығармашылық жұмыстарын жүргізу;

г) шығармашылық білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерін қызықтырып жүргізу.

3. Тәжірибе бойынша жұмыс ұзақтылығы

Осы тақырыппен жұмыс жасауды мен 2016 жылы осы балабақшада бастадым. Тәрбиеленушілермен жұмыс бастамас бұрын, осы бағыт балаларды қызық және жалықтыртпайтындай өзгеше болады деген сеніммен,осы тақырып бойынша әлеуметтік желі арқылы іздене бастадым. Желідегі әр педагогтардың жұмыстары мен әдіс-тәсілдері әр-қилы қолданылған. Біршама жеткілікті ақпараттар жинаған соң, балалармен жасайтын жұмыс жоспарын құра бастадым. Және де, осы тақырыпты жан-жақты ашу үшін мен 3 бағытта жұмысты жоспарладым: 1-балалар, 2-ата-аналар, 3-педагогтар. Балабақша қабырғасында жұмысымның енгізуім балаларға көмек, зерттеу және өздігінен іздену түрінде жоспарладым. Жұмысымды жүзеге асыру мақсатында осы бағытқа қатысушылардың қарым-қатынасы мен жұмыс барысына қажетті ыңғайлы жағдай жасауға тырыстым. Осы тақырып бойынша осы оқу жылы соңғы болғандықтан, жұмыс қорытындысынын есептемесін жасап педагогтармен ой бөлісемін.

4. Тәжірибенің жетекші ойы.

         Тәжірибенің жетекші ойы балалардың шығармашылық қабілеттілігін арттыру үшін, мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық талаптағы үрдісті жаңаша түрлендіру.

Балалардың жан-жақты дамуына қалыпты, тұрақты еркін түрдегі қолайлы және ыңғайлы,сапалы жағдайлар жасалуы тиіс. Ал балаларға заманауи дамыған педагогикалық көмек көрсету үшін педагогтар өздерінің кәсіптік құзыреттілігін үнемі жоғарлату керектігі анық. Балаларды жоғары деңгейден көруіміз үшін, оларға сапалы да саналы білім мен қоса өнегелі жауапкершілікті сезінетіндей тәлім-тәрбие беруіміз керек. Осыған байланысты   ата-аналардың көмегі әбден керек.

5. Тәжірибе мәнінің сипаттамасы.

       Мектепке дейінгі мекемелерде баланы еңбеккке баулу және шығармашылық жұмыстары бойынша көптеген жүмыс түрлері жүргізіледі. Оның ішінде: әңгімелесу, тақпақты саусақ жаттығулары, театрландырылған әркеттер, шығармашылық іс-әрекеттер т.б. балалардың қызығушылығына, заман талабына сәйкес қазіргі педагог жан-жақты, ұйымшыл, ізденгіш болып, озық технологиялармен таныс болып, сол жаңа технологиялармен байланыстырып жұмыс тиімділігін арттыру қажет. Берілген қандай да тапсырмаларды балаға санасына бала ұға алатындай дәрежеде түсіндіріп, жас ерекшелігі және де баланың қабылдау әрекетін аңғаруы шарт. Себебі, түсіндірген тапсырманы әр баланың қабылдауы әр түрлі болған соң олар да әр-қилы қабылдайды. Міне, сондықтанда көбірек жекешелей жұмыстар көбірек өткізілсе балаларға өте тиімді жағдай туғызған болар едік. Педагог бір тақырыпты әр түрлі мінезді балаларға жеткізу және көрсету жолын ойластыру қажет. Біршама балалар сөзі де жүйрік және ойлау қабілеті де жоғары дамыған болып келеді,осындай балалардың қбойынан ептілікті аңғаруымызға болады,өйткені олар өздеріне тапсырылған тапсырмаларды жылдам,дұрыс орындауға әрекет жасайды. Ал,керісінше тілдері дұрыс дамымаған балаларда қол икемділік қабілеттері нашар болады.

35

36

Саусақтық жаттығулар мен тақпақтар,санамақтар мен саусақ және де қуыршақ театрларының өткізілуі балалардың тек қана тілдерінің жетілдіріп қоймай сонымен бірге саусақтарының икемділіктері артып,шығармашылық іс-әрекеттерінде және де өз-өзіне қызмет көрсету әрекеттерінде епті орындай алады.

37

  Таңдалған тақырып бойынша балалармен өткізілген жұмысты қорытындылай келе, балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерінің дамуы байқалады. Қол еңбегі шығармашылығы бағыты бойынша жүргізілген жұмыстың оң өзгерістерін көруге болады. Осы жұмыстың ерекшелігі – балалардың қимыл-қозғалысы артып,саусақ икемділіктері жетіліп,логикалық ойлауы дамиды. Бұл балалардың есте сақтауына және бояумен жұмыс жасау машықтарын меңгеруге және де заттардың әртүрлі көлемдегі бейнесін қағаз бетіне орналастыруға дағдыландыруға, заттарды топтастырып біріктіру немесе бөліктерден ажыратып өз орнына қойып құрастыруға жақсы ықпал жасайды.

Өзім таңдаған қол еңбегі шығармашылығы арқылы балаларды дұрыс еңбек жасауға баулығым-ақ келді. Бірақ, кейбір балаларда қол икемділіктерінің епсіз екендігін байқаған соң түрлі саусақтық жаттығулар мен тақпақты әңгімелер және де театрлар (қуыршақ,саусақ,үстел үсті және де көлеңкелі) осыларды қолданып,жасадым. Осының нәтижесінде, балалар көру арқылы ақпаратты қабылдау және өңдеу, есте сақтау және қойылған білім міндеттеріне сәйкес өз білгендерін көрсетті және танымдық деңгейлері артып, сөйлеу тілі жетіліп,қол қимыл-қозғалысының икемділіктері байқала бастады.

Мен осы шығармашылық жұмыстары арқылы жүргізілетін жұмыс үшін жасалынатын қажетті көрнекі материалдарды балалардың қызығушылығына қарап орындадым. Олар қандай да бір театр түрлеріне қызығып ойнайтын болған жағдайда мен қол ұшын созып отырдым.Балаларға театр әрекеті ерекше қызықтырақ болып,кейбір балалар жасалынған саусақ немесе қуыршақтарды өздері қолдарына киіп өздерінің қиялындағы кейіпкер рөлдеріне кіріп қимылды әрекетті де үйлестіріп жасады.Балалар осы жүргізілген жұмыстардан кейін, өздерін еркін ұстауды үйренді. Мысалы, шығармашылық жұмыстарын балаларға тапсырғанымда өз беттерінше сурет салатын болса өз қиялдарын елестете отырып суретті жандандыра бейнелейтін болды. Мүсіндейтін болса саусақ ұштарының қимыл-қозғалысының шеберлігі артып икемделіп әдемі де көрнекті заттар жасау қолдарынан келетінін аңғартты.

 


                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика