Сезімдік тәрбиені қалыптастыруда М. Монтессори әдістемесі Монтессори әдістемесінің маңызы

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы
Ақ қайың балабақшасы МКҚК тәрбиеші
Сейітова Алтын Талиқызы

Жамантаева Карашаш Калшеновна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»

кафедрасының аға оқытушысы

 

1870-1952 жылдар аралыгында кішкентай балаларды тәрбиелеп оқытуға байланысты, ерекше әсерлі жүйені жер шарына кеңінен әйгілі еткен көрнекті үздік итальяндық ғалым, дәрігер-антрополог, философ, психиатр және психолог, педагог-гуманист Мария Монтессори».

Nike

Монтессори педагогикасынның феномені: даму жолындағы адамға түсетін кез-келген авторитарлық қысымды жоюға тырысу және де бала табиғатына шексіз сенім арту. Монтессори өзінің әдістемесін қалыпты табиғи жағдайда баланы бақылай отырып құрды.

Бала оқытушының әрекетін тура қайталай отырып, өмір талабына үйренуі мүмкін бе? Баланың мұндай жағдайда өзін жарыққа шығару мүмкіншілігі жоқ, сол себептен де баланың нақты табиғатын тану мүмкін емес. Біздің әріптестер әр уақытта оқу және тәжірбие ала жүріп, білімдерін жетілдіруде. Әрбір баланың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру мақсатында біз монтессори жүйесінің негізгі принциптеріне еруге тырысамыз.

Монтессори әдісінің басты мақсаты: баланың тұлға ерекшеліктері мен дағдыларының қалыптасуына мүмкіншілік туғызу және де интелектуалдық, жеке бас қасиеттерімен физиологиялық дамуын жүзеге асыру. Яғни тәрбие және білім беру процесі үнемі жүзеге асуда. Жұмыс жасау барысында, біз баланың жас ерекшелік психологиясын, даму процесінің психофизиологиялық заңдылықтарын ескере отырып, әрбір балаға ерекше көзқараспен қарым-қатынас жасау.

Монтессори білім ортасында балалар өмірге қажетті келесі төмендегі дағдылары бойларына сіңіреді:

Өз бетімен жұмыс жасау қабілеті

Шыдамдылық

Өз бетінше шешім қабылдап, оған жауапкершілікпен қарау

Талапкерлік

Қоршаған ортаны сыйлау

Сонымен қатар:

Өзінің таным белсенділігін дамыту

Табиғи қабілеттерін дамыту

Өзіне деген оң көзқарасын, сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттыру

Әлеуметтік белсенділігін артуы

Оқып білуге деген сүйіспеншілігін арттыру сияқты, тұлға қасиеттері қалыптасады.

Монтессори жүйесінің тіршілік етуі, төмендегі тұлға ерекшеліктерін дамытуға себеп: өзі-өзіне деген сенімділік, талапкерлік, жауапкершілік, білуге деген құштарлық, өзін-өзі тыңдау және таңдау мүмкіншілігі.

Монтессори әдістемесінің ерекшелігі

Ең басты Монтессори бағдарламасының айырмашылығы сыныпта-сабақ жүйесінің жоқтығы: Бала өзінің қызығушылық саласын өзі таңдайды. Ата –аналар мен педагогтар бұл үрдісте қараушы рөлін ойнайды,сезгіш және ықыласты болады., неге десек олар жас зерттеушіні түсіну үшін лайықты шарттар жасау керек. Біздің балабақшада баланың әртүрлі әрекет салалары текқана балаларда емес, олардың ата-аналарп алдында үлкен танымалдығын білдіреді.

Санау, оқу, бөлу және т.б. сабақтарда тақырыптың презентациясы өтеді.Бұдан кейін бала өзі онымен жұмыс істеуге үйренеді, онымен қатар материалдың түсін, пішінін өзгерте алады. Жасалған материалды қолыңа алғың келе береді, өйткені ол өзі әрекет жасауға магнит сияқты тартады. Одан қалды ол қауіпсіз және онда зор потенциалы бар.

Әрине, біздің балабақшада балалар текқана күнде жаңа материалмен таныса бермейді. Бізде балалардың қатысуымен өте қызықты мерекелер болады. Сөйтіп , маңызды мәдени оқиғалар балалардың жанынан өтіп кетпейді. Бірақ, еңбек пен сабақты сауықтан айыра алады: іске уақыт- сауыққа бір сағат. Айтар болсақ, балабақшада педагогтар өте тәжірибелі және жанып тұрған адамдар, олар үнемі бір жаңа нәрселерге үйреніп жатады, өздері әр түрлі мерекелерді ойлап табады, балалармен жұмысты қызықты формаларда жүргізеді.

Монтессори формасымен оқи отыра, балалар өз ойын білдіру саласында барынша көп еркіндік алады, мектепке дайындық мерзімді жеңіл өтеді. Онда олар үйлеріне барған сияқты. Ең бастысы,олар өздік түрде білім алады және олардың құмарлықтарын тоқтата алмайсың! Әрине, бұнда ең маңызды рөлді мұғалімдер мен ата-аналар ойнайды,олар баланың ерекшелігін қабылдау үшін тілектестік атмосфера жасаулары қажет. Баланың ерекшелік қасиеттерін бастапқылыққа қойып, нақты адамды тәрбиелеуге болады.

Бала сезімін дамыту аймағы (сенсорлық аймақ)-сезім мүшелерін дамытуға арналған аймақ. Нақ осында қоршаған іс-әрекетті баланың қабылдауына қажет ететін көптеген материалдар бар: көз шарасын дамыту,тактильдік түйсік, дәм түрлі дыбыстарды, түстерді меңгеру және т.б. Осы аймақта жұмыс істей отырып, балалар заттарды салыстыруға, топтастыруға, жұбын табуға және т.б.үйренеді.

Баланың сезім тәрбиесі,баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні,көлемі, түсі,салмағы,кеңістіктегі орны,шығаратын дыбысы,т.б. болып табылады.

Математикалық аймақ балаларды әр түрлі сандар әлеміне апаруға арналған. Бұл кеңістік түрлі дамыту материалдарымен бай (Монтессоридің математикалық материалдарының арнайф «алтын» кешені бар), осының арқасында балалар сан мөлшері, көптігі, туралы көрініс алады, сандарды цифрлармен белгілеуге,арифметикалық әрекеттерді жасауға үйренеді, бөлшектермен және т.б.танысады.

Математика орталығында балалар 10 ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады. Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстракталық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.

Тіл дамыту аймағы, атынан-ақ белгілі балалардың тілдерін дамытады. Бір қызығы,Монтессори дәстүрлі педагогтардың пікіріне қарсы шығып, ең алдымен баланы жазуға, тек сонан соң оқуға үйрету керектігін қолдады(кітапта жазылған бөтен ойларды қабылдау өз ойларын айтқаннан әлдеқайда күрделірек). Бұл аймақта балалар әріптерді үйренеді, олардан сөз,сөйлем, тіпті мәтін құруға үйренеді.

Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытыды, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.

Соңғы аймақ- ғарыш аймағы – бұл қоршаған әлем: география, анатомия,астрономия, физика, химия пәндерін үйренуге арналған кеңістік. Мұнда, әрине, балаларға өмірдің түрлілігін көрсетуге арналған дамыту материалдары өте көп: глобус, компас, минералдар топтамасы, географиялық карта, химия мен физика сабақтарына арналған жинақтар, адамның дене мүшесінің моделі және т.б.

Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады, осы орталық материалы ботаника, зоология, анотомия,география,физика, астрономия негіздірін меңгеруге көмектеседі.

Бала орталықты және Монтессори- материалын өзі таңдайды. Монтессори тәрбиеші бала әрекектіне қажет болғанда қатысады. Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім қалыптасады.

М.Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика