МДҰ тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамыту

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 
Кабипова Данагуль Казбековна., СҚО Уалиханов ауданы
«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру үдерісінің құрылымы және мазмұны елеулі өзгеріске түсті. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен Қазақсанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне еңгізілуімен сипатталады.

Air Jordan 1 Retro High OG Wmns "Panda" CD0461-007 Women/Men Super Deals, Price: $98.03 - Air Jordan Shoes

Яғни, «Ұрпағы білімді халықтын болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші, балаларды зерттеу жұмыстарына, өз ойлау деңгейлеріне сай,ғылыми жұмыстарға деген  қызығушылықтарын балабақша жасынан бастап ояту керек. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтатын  болсақ, тәрбиешіге байланысты. Бұл мақсат іске асыруда балабақшадағы тәрбиешілердің шығармашылық ізденісі үлкен  рөл  атқарады.Рухани жаңғыру  түйінді идеясы болашаққа бағдар.

Сондықтан да Рухани жаңғыру идеясын қолдап біз де «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында балаларға арнап  ұлттық  бірегейлікті сақтай отырып, қызықты зерттеу сабағын өткіздік. «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы «Балдәурен» екінші кішілер тобында «Сабын көпіршіктері» атты  зертханалық жұмыс жүргізді. 

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен танымдық-тәжірибелі технологиялар арқылы балалардың ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылықтарын тудыру. Танымдық белсенділігін арттыру – ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Педагог М.Жұмабаев: «Бір сабақтан бала күшті әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмары болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін мұғалім өзі құмары болуы керек» деген екен. Сонымен бірге бала бір затпен танысқанда, сыртқы сезімдердің көбі қатысса, ол зат ұмытылмайды. Мысалы, бір заттың түрін де көрсет, дыбысын да естірт, ұстатып та көр, иіскет, дәмін татқыз, сипат, суретін салғыз, қызықтыр, баланың жаратылысының өзі осыны тілейді. Бала өзінің естіген нәрсесін көргісі келеді, көрген нәрсесін ұстағысы келеді. Ұстаған нәрсесінің дәмін татқысы келеді. Осы жолды ұстағанда баланың білімі берік болады дегендей әр баланың табиғатына сай жұмыс жүргізу тәрбиешінің шеберлігі. 

Бүгін мен балалармен жүргізілген танымдық-тәжірибе жұмыстарымды сіздермен бөліскім келіп отыр.

Іс-тәжірибенің мақсаты:

- Тәжірибе эксперимент арқылы әріптестердің танымдық зерттеу біліктілігін арттыру және тәжірибе-эксперимент жұмыстарына деген көзқарастарын көру;

 

-Балалардың зерттеу жұмыстарына деген қызығушылық-белсенділігін жетілдіру.

Іс-тәжірибенің міндеттері:

 

-Балалардың танымдық дамуына тәжірибе-эксперименттің мағынасы жайлы әріптестердің білімін әрі қарай кеңейту;

-Тәжірибелік зерттеу бұрыштарын толықтыруына  бағыт беру.

Күтілетін нәтиже: 

Теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асырып, балалармен іс жүзінде көрсете білу.

Балалардың  зерттеу барысында  ой қабілеттері, сөздік қоры дамыды.Тәжірибе жасау арқылы сабын көпіршіктері туралы түсініктері кеңейді. Табиғат сырларын танып білді. Зерттеу әрекеттерін, құралдарды ұқыптылықпен ұстау дағдылары қалыптасты.Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білді. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыруды үйренді. Балалардың қызығушылықтары артып, осындай қызықты сабақтар көп болуын балалар сұрады.

Сабақ соңында тәрбиеші  балаларды зерттеушілер қатарына қосылғанын айтып мадақтады. Балаларға арнап «Жас зерттеушілер» номинациясын  табыстады.

Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбие­шінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына ла­йықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – балдырғандырымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Міне құрметті әріптестер менің тәжірибемнің шағын құпиясы осындай. 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика