В.Воскобовичтің ойындарын сабақта қолдану тиімділігі

Рейтинг:   / 2
ПлохоОтлично 
Солтүстік Қазақстан облысы 
Уәлиханов  ауданы
КММ “Ақтүйесай орта мектебі” жаныңдағы
“Арай” шағын орталығының
тәрбиешісі
Алдабергенова Гульжан Естаевна

 

В.Воскобовичтің ойындары біздің шағын орталықта үш жылдан бері қолданылып келеді. 2014жылы «Сказочный лабиринт» курсына қатыстым. Осыдан кейін сабақтарыма Воскобович ойындарын енгізе бастадым. Біздің топтағы балалар «Сиқырлы кілемше», «Сиқырлы сан» , «Сиқырлы шаршы» сынды ойындармен жұмыс істегенді өте ұнатады. Осы ойындардың көмегімен балалар математикалық ұғымдардың айырмашылықтарын, қызығушылықтарын, ықылас-ынталарын көрсетеді. Бұл еркін сабақтарда балалар өздерін тәуелсіз сезінеді, білімдері мен дағдыларын тереңдетеді.

Nike Wmns Air Vapormax 2019

      Дамыта оқытатын педагогтың педагогикалық ұстанымы мына сөздер болу керек: «Балаға ақпаратты дайын түрде бермеу. Яғни бала жаңа білімді ашатындай жағдайда жұмыс істеу керек. Әрбір баланың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін оқу іс-әрекетәнде заттық дамыту ортасын жасау керек, балалық қызығушылығының орындалуына мүмкіндік беру керек. Олардың өмірлік белсенділігін.Оқу іс әрекеті бала тек тыңдап отырып қана қоймай, өзі де дамыту үрдісіне қатысып, үнемі ойын тапсырмаларын орындау барысында жаттығатындай болып құрылу керек. Мектепке дейінгі кіші және ортаңғы жас кезеңдерінде ойын әдістері мен дамытушы ойындарды пайдалану лайықты. Жарқын, көркем дайындалған ойындар баланы еріксіз соның ішінде әрекетін қатыстырады сиқырлы кілемшемен. Баланың ұсақ моторикасы мен сенсорикасы дамытылады

3

 

Воскобовичтің ойындары –ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көпатқарымдылық. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Сиқырлы сан арқылы түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, сандарды есте сақтайды, қиялы дамиды. 

46

     Балалармен сапалы деңгейде оқу іс-әрекетін дайындау мен жүргізуде ақпараттық технологияны қолданамыз. Ақпараттық технологиялар техникалық тәсілмен оқытуда, педагогтің ата-аналармен және балалармен бірлескен әрекетте қажетті болып табылады.

Ересектер тобында дамыта оқыту технологиясының элементінің бірі ол педагогтің ұйымдастыру қабілеті болып табылады. Пікірталасты құру мен ұстап тұру, балаларды ойлауға, дәлелді шешім шығаруға үйрету.

       Балаларға тапсырма қорытындасын шығару, шешімнің орындалуы сапасын өзара бақылау әдісін қолдану өте ұнайды.

       Тәрбиеші-мұғалім емес жетекші мәжбүрлемеу керек, тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.

Әдістеменің ұраны: «Мұны өзім жасауға көмектес!» Демек, Воскобовичтын әдістемесін балабақшада пайдаланудың тиімділігі – бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі

1. И.В.ДубринаПреемственные связи ДОУ, школы и родителей будущих первоклассников. Методическое пособие. −М., 2006., − 29с.
2. Н.Айғабылов Қазақ мектебі үшін мектепке дейінгі балаларды оқытуды өзіндік әдістемелік жүйесін жасауға
3. Ғ.Нығыметова, // 5-6 жастағы балаларды мектепке бейімдеу мәселесі // Бастауыш мектеп. №6, 2006., - 13-14б.
4. Б.Дабылова, Г.Қасымова, М.Бапаева, // Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі. №2., 20.01.04.- 3-6б.
5. М.Сәтімбекова // Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың тәсілдері // Білім технологиялары. - 2000ж., №2., 14-15б.
6. «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» - Астана. 2009., кіріспе, 12-13, 16б
7. «Біз мектепке барамыз». Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. – Астана. 2009., - 30-32б.
8. Ә.Қ.Қабденова // Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық // Солтүстік Қазақстан // www.google.kz.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика