Рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларының МДҰ тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы маңыздылығы

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 
Иманахметова Солтанат Жексенбаевна,
 «Бидайық ОМ» КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы тәрбиешісі

Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа-ласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.Әр халық,әр мемлекет ғасырлар беделінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді дегеніндей рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңілетін күн туды. «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналыпта үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге толы, ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден өттік. Ең қиын жылдар қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен ай-қындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық жастар сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік са-уаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Nike React Element 87

 

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар.Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын зер сала оқып шықтым. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын –қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елгеұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді.

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант  пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік. 

2

Балалар рухани тәрбиені бойыңа сіңіре отырып, осындай рухани бай адам болуға талпынады деп сенемін.  Балабақшада өткізілетін іс шаралар

Үйлесімді отбасы - бақытты балалық шақ» атты апталықтың жоспары

1. Мақсаты мен міндеттері:

1.1.отбасы институтының рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуда үздік отбасылық дәстүрлерді жаңғырту, тарату, заманауи отбасын қолдауда қоғамның назарын көтеру.

1.2. Міндеттері:

· «Өзін – өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негізінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру;

· үйлесімді отбасылық қарым-қатынасты насихаттау;

· шығармашылық әлеуметтерін ашуда жаңа мүмкіндіктерді көрсету, отбасылық әлеуметтік белсенділіктерін ынталандыру және көтеру.

Жұмыс мазмұны

 

1

 Тәрбие сағаттары: «Отбасым-баға жетпес  бақытым!»

2

Фотосурет аймағы»(көрме) 

« Жанұямдағы қызықты сәттер»

3

Балабақша «Толағай» отбасылық сайысы

4

 Мерекелік ашық суреттер көрмесі 

«Махаббатқа толы жүрек»

5

 Қолөнер  сағаты:

«Сүйіспеншілік-барлық жолдардың қиылысы»

6

  Жас ата-аналар шығармашылығы

« Отбасыма арнаймын...»

 

Сөзімді қорытындылай келе, мен өз балабақшамда ізденімпаз тәрбиеші ретінде балабақша бүлдіршіндерін білімге деген құштарлығын арттырып, оны әрі қарай шыңдап, бүгінгі заман талабына сай етіп, жеке тұлға қалыптастыруда аянбай еңбек етуге жұмыстанамын. Мен өз кәсібімнің, жасап жүрген білім ошағын беделін арттыру мақсатында өзіндік қадамдарымды жасап келемін. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі жан - жақты болуы шарт деп есептеймін. Мәселен, мамандығым тәрбиеші болса да, ағылшын тілі  оқып жатырмын. Мақсатым, ұрпақ тәрбиесінде үш тілділікке бағыт бұру. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар ауадай қажет деп көрсеткен болатын. Осы бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен міндеттер көп. Мағжан Жұмабаев атамыз өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек». Иә, Мағжан атамыз айтқан даналық ой бүгінгі күнгі білімді ұрпаққа қаратылып айтылғаны көрініп тұр. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – балабақшадағы тәрбиеленіп жатқан балдырғандарымыз. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс деп есептеймін.

 

Күннен күнге заман дамып өзгерді,

Өзгергенді бүгін, міне көз көрді.

«Сөз түзелді, сөйлеуден сен де түзел»

Заманында ұлы Абай үндеді.

Білімге бүгінгі күн он көз қарасын,

Талап күшті, заң күшті, ол да рас.

Заманның түлкі болса, таза боп қу,

Сілкініп жаңашылдықпен нық алға бас

Ғылым мен техниканы меңгерейік.

Сабаққа жаңа әдістерді енгізейік,

Жаңашыл ұстаз атан мәртебелі

Білімді боп ешбір жаңға дез берейік

Жаңа соңы көзқарас жаңашылдық негізі,білім мен тәрбие заманының егізі.

Ұшқыр ой, білім, ақыл, серік болсың

Біздің топ  бүгін сіздерге лебіздерін білдірді

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – Алматы: ФСИ, 2000. – 180 б.

2. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті //Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7-9 бет.

3. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 - №8 – 72 -73бет


                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика