Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

МДҰ тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамыту

Рейтинг:   / 1
Кабипова Данагуль Казбековна., СҚО Уалиханов ауданы
«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі

Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім беру үдерісінің құрылымы және мазмұны елеулі өзгеріске түсті. Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен Қазақсанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне еңгізілуімен сипатталады.

Подробнее...

В.Воскобовичтің ойындарын сабақта қолдану тиімділігі

Рейтинг:   / 2
Солтүстік Қазақстан облысы 
Уәлиханов  ауданы
КММ “Ақтүйесай орта мектебі” жаныңдағы
“Арай” шағын орталығының
тәрбиешісі
Алдабергенова Гульжан Естаевна

 

В.Воскобовичтің ойындары біздің шағын орталықта үш жылдан бері қолданылып келеді. 2014жылы «Сказочный лабиринт» курсына қатыстым. Осыдан кейін сабақтарыма Воскобович ойындарын енгізе бастадым. Біздің топтағы балалар «Сиқырлы кілемше», «Сиқырлы сан» , «Сиқырлы шаршы» сынды ойындармен жұмыс істегенді өте ұнатады. Осы ойындардың көмегімен балалар математикалық ұғымдардың айырмашылықтарын, қызығушылықтарын, ықылас-ынталарын көрсетеді. Бұл еркін сабақтарда балалар өздерін тәуелсіз сезінеді, білімдері мен дағдыларын тереңдетеді.

Подробнее...

МДҰ тілдік құзіреттілікті арттырудағы тиімді әдістер мен тәсілдер

Рейтинг:   / 1
Темирханова Асель Жолдаспаевна,
СҚО., Уалиханов ауданы
«Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы

     Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

 

Подробнее...

Рухани жаңғыртудың ауқымды идеяларының МДҰ тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы маңыздылығы

Рейтинг:   / 0
Иманахметова Солтанат Жексенбаевна,
 «Бидайық ОМ» КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы тәрбиешісі

Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа-ласы Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.Әр халық,әр мемлекет ғасырлар беделінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор.Рух үшін өмір сүрген өмір ғана рахатқа жеткізеді дегеніндей рухымызды көтеріп, руханилық жағына тереңірек үңілетін күн туды. «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналыпта үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге толы, ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден өттік. Ең қиын жылдар қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен ай-қындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық жастар сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік са-уаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.

Подробнее...

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика