Мектепалды даярлықтың жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруда жаңа инновациялық технологияны қолдану- табыс кепілі

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Есматова Аймангуль Кинаятовна

«Парасат» МЛ даярлық топ тәрбиешісі

Бескөл қаласы, СҚО

Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал.

Н.Ә.Назарбаев

Адамзат қоғамы бүгін аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылым мен білім беру жүйесі озық елдердің, Ы.Алтынсарин айтқандай «Өнер-білім бар жұрттар» қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз. ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында 5-6 жастағы балалардың мектепалды дайындықпен толық қамтылуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Nike

          Жалпы бағдарламаға енген өзгерістер балалардың еркін сөйлеп, сұрақ коя білу және сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған және шығармашылық жұмыс жасауға тиімді болып келеді. Барлық іс-шаралар мен сабақтар болашақ бірінші сынып оқушыларын оқытуға емес, олардың белсенділігін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, құрдастары және ересек балалармен қарым-қатынасқа түсе білу біліктерін дамытуға ерекше мән береді. Бағдарлама келесі білім беру салалары арқылы жүзеге асады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі. Оқытуды ұйымдастырудағы тұлғаға бағдарланған және жүйелі-әрекеттік тәсіл арқылы жүзеге асырылады:

1. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сабақтастығын қамтамасыз етеді.

2. Балалардың басты жалпы адамзаттық құндылықтарын қалыптастыруға көмектеседі.

3. Ата-аналармен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ басқа да мамандармен және қоғамдастықтармен өзара тығыз әрекеттестігіне көмектеседі.

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыруға.

5.Балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын қызметінен оқу қызметіне біртіндеп өтуге дайындыққа, жеке тәсілдер негізінде балалардың түрлі іс-әрекеттерінде олардың қабілеттерін, бейімділіктерін, талаптары мен дарындылықтарын дамытуға көзделген. Осы бағдарламадағы коммуникативтік саласына енгізілген сөйлеуді дамыту, драма оқу іс-әрекеттері әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары мұғалім жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде балалардың тілінін шықпауы, ең өзекті мәселе болып келеді, сол себепті оқу бөлімдерінің қосылуы тиімді және тыңдалым, жазылым, айтылым бөлімшелермен ерекшеленеді. Бұл енгізілген бөлімшелер біздерге, яғни мұғалімдерге де жаңашылдық болып келеді. Бөлімшелердің балаларға тиімділігі: өзін еркін ұстауы, терең ойлауы, сөз бен сөйлемді анық айта білуі және эмоциялық қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын қолдана білуі. Жалпы, жаңартылған бағдарламаға сай мұғалімнің де кәсіби біліктілігі мен білімі жаңашылдық құзыреттілігі сәйкес болу қажет. Жылда алдыма келген тәрбиеленушілердің көзқарасын, сөйлеу мәнерін, ойлаған ойды жеткізе алуын, жанындағы достарымен қарым-қатынасын байқай отыра, осыған орай түйінді мәселе туындайды: «Балаларды ойын арқылы ой-өрісін, тілін дамыту және ұлттық –рухани адамгершілік байлығын қалыптастыру» тақырыбында алып, жан-жақты қарастырып, баланың айналасындағы тіршілік және қоршаған әлем туралы сұрақ қойып, білімін кеңейтуге деген талабын байланыстыра өз алға қойған мақсатыма жетуде ізденудемін. Осының төңірегінде бала білімқұмар, ақылды, белсенді болып, болашақта сенімді көшбасшы үнемі ізденісте жүрер азамат болып қалыптасады. Баланың бойындағы ғажайып әлем сыры мен қыры, таңғажайып кереметін ашуға деген құлшыныс, тәрбиеші мен ата-аналардың шыдамдылығы мен шығармашылығы, қазіргі замандағы ең өзекті мәселе . «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, көшбасшы қандай болса, артынан ерген көш те сондай болмақ. Әрбір істеген ісіме, құрған жоспарыма, алдыма келген жасөспірім балалардың болашағы үшін, еш аянып қалмаймын. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Даярлық топтағы балалардың ой-өрісін дамыту,олардың мектепке деген қызығушылығын ояту біздің күнбе-күнгі мақсатымыз. Сондықтан да оқу іс-әрекетінде әдіс-тәсілдердің жаңашыл түрлерін таңдаймын.

Мектепалды даярлық топқа келген балалардың тілі толық шықпай, ойлау қабілеті төмен, өз-өзіне деген сенімсіздігі мол болады. Ол бәрі баланың саусақ қимылының икемсіздігін толық жетілмегенінен және ұсақ моторикасының дамымағанынан деп ойлаймын. Сол себепті қазіргі таңда, жаңа технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп отырған М.Монтессори әдістемесі. Әдістеменің тиімділігі: қаражат кетпейді және қолдан келеді. Бұл арада ата-аналардың көмегіне сүйене отырып, қарапайым материалдар арқасында қол жеткізуге болады және сабақтан тыс іс-шараларда пайдасы бар екенін түсіндім. Осы әдістеме аясында жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету  технологиясын қолдану арқылы мақсатты түрде күткен нәтижеге жетуге болатындығына, зерттеу барысында көз жеткіздім. Менің  пікірімше, сабақтың тиімділігі: бала шығармашылық деңгейге мұғалім арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетуі. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да осындай нәтиже күткен едік. Осы мақсатта түрлі технологияларды қолданамын. СТО, ӨМШТ және М.Монтессори, В.Воскобович әдістемелері. Бұлар менің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде және сыныптан тыс жұмыстарда қолданамын. Ең негізгі- дәмдеуіш. Бұл технологиялар әдіс- тәсілі ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінде кезең бойынша жүзеге асады. Әрине, бұл технологияны таңдаған себебім: балалардың саусақ моторикасы, ұсақ қол моторикасы қалыптасады. Осыған сәйкес бөлмеде саусақ жаттығуларына арнайы бұрыш ұйымдастырылды. Әдістемесі бойынша баулар, түрлі-түсті прищепкалар, күріш, жарма, моншақтар т.б. материалдар жинақталды. Ал В.Воскобовичтің тәсілі бойынша геоконт жасалды. Онда балалар түрлі-түсті резеңкелерді шегеге тарта кигізіп, әртүрлі пішіндер, әріптер, сөздер жазады., құрастырады сосын соны әңгімелейді. Түрлі-түсті моншақтар сымға кигізе отырып санау дағдылары жетіліп, есептер шығаруға үйренеді. Мысалы: сауат ашу оқу іс-әрекетінде жаңа әріп өткенде оны бірінші ыдыстағы маннаға саусақтарымен жазады. Сергіту сәтін жасаған кезде саусақтарына қалпақтар киіп жаттығулар жасайды. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда тура, кері санауға, цифрдің өзін салуға, санның құрамын тануға, көп-аз, артық-кем, жуан-жіңішке, биік-аласа ұғымдарды тақтайшада көрсетеді. Тіл дамыту сабақтарында 10 тақпақтарды ауызша жаттап алса қалғандары сурет арқылы жаттап алады. Қолдарына әртүрлі кейіпкерлер салынған атрибуттарды киіп алып ертегілер айтып береді. Жалпы айтқанда бұл әдістеме саусақ моторикасына әсер ете және белсендіре отырып, баланы жан-жақты дамытуға болады.   Балалардың сөйлеу тілін жетілдіруде, саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеді. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігі артады. Баланың ойынға, қоршаған ортаға деген бейімін өзгертеді және өзіне деген сенімін арттырады, сұрақ қоя бастайды, қызығушылығы артады, сөйлеу дағдысы қалыптасады және сөздерді еркін оқи алады. Өзін достарының алдында емін еркін ұстауға үйренеді, яғни бала ашылады. Өзімнің жыл бойғы еңбек қызметімде әрбір келген жеткіншек өз табиғатына сай мінезімен ерекшеленеді, әрине оқу жылы басталғаннан баланы зерттеу жұмыстары басталады. Балалардың жан-жақты көзқарасын,өзіндік білім алу әрекет- қимылдарын, тілін танып барып, технологиялардың ең тиімді жағын қарастыра отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне және вариатив бөлімдеріне енгізесін. Ол енді , әрбір мұғалімнің өз шеберлігіне байланысты. М.Монтессори, В.Воскобович әдістемесі өте тиімді және өз қолымыздан келетін технология. Бұл жерде ата-аналардың көмегіне сүйенеміз. Технология элементтері әрбір баланың алдында болғаны, өзінің еркін жұмыс істеуі және толық ойын нақты жеткізуі қажет.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, еліміздің ертеңі жасөспірімдердің саналы да сапалы білім алуы- біздің міндет. Үйдің қалануы мықты болса, үй де мықты тұрмақ. Біздің берген біліммен, ертеңгі мектеп түлегі жоғары оқуға түссе міне, нәтиже осы.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика