Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Қазақ тілі сабағында Case- study әдісін қолданудың маңыздылығы мен ерекшеліктері

Рейтинг:   / 2
ПлохоОтлично 

Латыпова Гүлмира Оралқызы

қазақ тілі мұғалімі

«Нұр бөбек» б/б МКҚК

Петропавл қ., СҚО

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 

ұстаздың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, бүлдіршіндерге білім беруде ұстаздың алдында тұрған міндеттердің зор екенін айқындайды. Ал білім сапасы көп жағдайда білім беру кезінде алға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданылатын жаңа инновациялық технологияларға байланысты болып келеді. Оның өзі уақыт талабына байланысты туындауда. Қазіргі уақыт талаптарына сай келетін, инновациялық технологиялардың біріне Case - study әдісін жатқызуға болады.

әдісі xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Case - study  амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, case - study амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. 
Case амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін көптеген ғалымдар жемісті қолданылуда.

Қазіргі таңда case - study әдісі мектепке дейінгі мекемеге бейімделіп, Сингапур мемлекетінің білім беру бағдарламасында кеңінен қолданылуда. Ал еліміздің солтүстік өңірінде, нақты айтсақ, Петропавл қаласының «Нұр бөбек» балабақшасында алғаш рет 2016 жылы енгізілді.

 

Case - study  әдісінің негізгі  ерекшеліктері

Case - study  әдісінің

 негізгі мақсаттары

Case - study  әдісінің 

 идеялары

 

Практикалық 

жағдайларды зерттеу;

Балалардың

бойында жаңа қасиеттер мен 

іскерліктерді

қалыптастыру;

Әдіс қойылған

сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын 

пәндерден білім алуға арналған;

Болған

жағдайларды баяндау;

Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;

Үйрету бала мен

мұғалімнің бірлесе  

шығармашылықпен    

айналысу дағдыларын қалыптастыруға   

негізделген;

Балалар 

проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздеу.

Ақпаратпен 

жұмыс жасауды  үйрету .

Әдісті қолданудың 

нәтижесі -  алған білімдері мен жұмыс жасау барысында

қалыптасқан  

дағдылары 

есептеленеді;

 

 

Оқытушы -

сұрақтарды қойып,  жауаптарды  

ескеріп отыратын  

дискуссияны 

жүргізуші.

 

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу үрдісінде сase-термен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) сase  материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс;

3) жалпы дискуссиядағы шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

Case - study  әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға, шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

ü  Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды  терең  және  бөлшектеп  талдау;

ü Case - study  мақсаты: топ болып  бірлесіп, болған  жағдайды талдау және  практикалық шешім шығару;

ü Балаларға  болған жағдайды толық  мәлімдейтін  мәтін  ұсыну;

ü Балалар жағдаймен  танысады,  оны өз-бетінше талдайды  және оны шешудің  бірнеше  жолын  табады;

ü Үрдістің аяқталуы – ұсынылған  алгоритмдерді  бағалау және олардың ең  үздігін  таңдап алу;

ü Case сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша жұмыс жасалады. Case-тік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді.

ü Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады, сабақтың соңында  тапсырманы қорытындылайды.

Аналитикалық дағдылар. Деректерді мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, кейбір ақпараттарды қалпына келтіру шеберлігі, нақты және логикалық ойлау қабілеті артады.

Коммуникативті дағдылар.  Дискуссияны жүргізу шеберлігі, адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиаматериалдарды қолдану –топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, нақты есеп дайындау. Олар бір-бірімен сыйластықта жұмыс істеуге, өзгенің ойын тыңдауға, пікірталас жүргізуге, өз ойын нақты деректермен дәлелдеп сөйлеуге, көрнекіліктерді ұтымды қолдануға дағдыланады. Балалар ортақ ойды қорыта отырып постер, кластер жасап, оны қорғауды үйренеді.

Бірлестік дағдылар. Жеке пікірді ортаға салу арқылы талқылау, бір-бірінің пікірін салыстыру,  мәселеге қорытынды жасауда ортақ пікірді бірлесе анықтау, дұрыс деп тапқан  қорытындыны бірлесе өңдеу дағдыларын алады.  Яғни, топта бір-бірінің пікірімен санасу, сөзді тыңдай білу, ортақ пікірге келу, ойды қорытындылау дағдылары жүзеге асырылады.

Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз сase-пен мәселе шешілмейді. Мұнда логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. Балалар жан-жақты ойланып, мәселенің басқа қырынан келу арқылы, жанама аспектілерді бағамдап, негізгі мәселенің түйінін шешуде шығармашылық туындайды.

Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайлармен салыстырғанда мәселенің күрделілігі немесе төмен деңгейлігі  экономикалық теорияларда, әдістер мен ұстанымдарда қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Кейстерді орындау барысында модельдеу, график құру, кластерге түсіру, суретін салу, диаграмма жасау сияқты тәжірибелік дағдыларын дамытады.

Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында  нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады. Балалардың  өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдей білуі қалыптасады.

Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде туындаған қарсы пікірлер мен келіспеушіліктер басқалардың пікірін жете түсінуге және өзінің ойын терең дәлелдеп, талдауға септігін тигізеді. Case әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.

Сабақты  ұйымдастыру сатылары.

Case-study  арқылы жүзеге асатын сабаққа даярланудың және оны жүзеге асырудың кезеңдері бар. Соларды нақтылау бұл әдісті пайдаланудың тиімділігін арттырады. Олар төмендегідей:

1)    case-study  мәтінін даярлау сатысында жүргізілетін істер:

‒ сабақтың қандай бөлімінде case-stuy негізінде сабақ жүргізу қажеттігін анықтау;

case-study әдісі сабақ барысында басқа қандай әдістерімен үйлесімді екендігі пысықтау;

case- study  әдісін қолдану кезінде бірлескен іс-әрекеттің неге керек екендігі туралы дәлелдеме құру;  

case-тік талқылауға қатысушылардың қайсысы қалай араласа алатындығы туралы бастау-негіздерді көрсету;

‒ талдауға қатысатындарға нақтылы рөлдер даярлау. 

2) case - study өткізілетін топты даярлау сатысы кезінде атқарылатын істер:

case-study мәтінін (видео, аудиожазба) балаларға алдын ала таратып, олардың мәтінді өздігінше түсініп, қажетті сұрақтарға жауап дайындауына уақыт беру;

‒ балалар сабақ басталғанға дейін case - study мәтініне байланысты сұрақтары болса соларға мұғалім тарапынан жауаптар алуға мүмкіншілік жасау;

‒ тыңдаушылардың case - study материалдарына байланысты қызығушылық деңгейін анықтау.

Case әдісін қолданудың нәтижелері.

Case - study әдісімен оқытудың бірнеше мақсаттық нәтижелері болады. Олар:

I. Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиялық нәтижесі:

Бұл сатының негізгі міндетісase-пен жүргізілген жұмыстың білім алу мен оқыту мақсаттарының нәтижелерін аса тиімді түрде қорытымдайтынында. Ол, бір жағынан, сабақтың ұйымдастырылу тиімділігін талдау болса, екінші жағынан, балалардың біріккен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың түйінді мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Солардың әрі қарай жетілуіне қажетті жұмыстарды атқару міндеттері қойылады.

Мұғалім case - study -дің әр топта қалай талқыланып жатқанын бақылап, барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды. Уақиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Сонымен оқытудың case - study әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде балалар үшін өте тиімді әдіс болып табылады. Ол балалардың сабаққа деген қызығушылығын туындатады. Бұл әдістің көмегімен балалар теорияны өздігінше меңгере отырып, практикалық мәселелерді шешу қабілеттерін де жетілдіреді. Сонымен қатар, өз ойын тұжырымдап, соны өзгеге жеткізу ісін жүзеге асыруға да машықтанады. Тыңдаушының берілген жағдаятқа талдау жасауы оның кейіннен маман ретінде жетіліп, практикалық жағдаяттарды батыл және тез шешуге  бейімделеді.

     Case - study әдісі мұғалімді  де креативті ойлауға, соны үздіксіз дамытып отыруға дағдыландырады. Ол мұғалімнің жүргізетін сабағының мазмұнын  ерекше құруға, шығармашылық  қабілетін жетілдіруге негіз болады.

II. Case әдісі арқылы білім беру мақсаттары:

1) Балалардың міндеті ‒ case жүйесін талдауға дағдыланып, нақтылы жағдаятты шешуге байланысты нақты шешім қабылдай білуге үйрену;

2) Балалар қисынды ойлау қабілетіне машықтанып, талдаудың ашық жүйесін қолдана отырып, талданатын жағдаяттың бастапқы мағынасын тез түсінуге және соны дұрыс шешуге бағыт беретін болжам жасауға жаттығу;

3) Балалар өзінің сараптамасын жасай алатындығына сенімді болу;

4) Балалар case-тің негізгі сұрақтарын байыпты және айқын түсінуге, соларға байланысты ойын орынды айтуға, бөліп көрсетуге және өзгелермен бірге ортақ мәселені шешуге қатысып дағдылану.

 Case - study әдісін қазақ тілі сабағында жүйелі түрде қолдану келесі нәтижені көрсетті:

Қазақ тілі бойынша балалардың

құзіретті даму индикаторларының қорытындысы


 

Тәжірибе көрсеткендей жаңа инновациялық технологияларды керегінше өз жұмысына икемдеп, өңдеп қолдану оң нәтиже береді. Қорытындылай келе сase – study әдісі тосын жағдаяттар, проблемалық мәселелер туралы тез және нәтижелі ойлауды ғылыми теория мен оның танымдық әдіснамасын практикада пайдалануға дағдыландыратын әдіс екенін атап көрсету керек.

 

«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 

ұстаздың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, бүлдіршіндерге білім беруде ұстаздың алдында тұрған міндеттердің зор екенін айқындайды. Ал білім сапасы көп жағдайда білім беру кезінде алға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді

жүзеге асыру үшін қолданылатын жаңа инновациялық технологияларға байланысты болып келеді. Оның өзі уақыт талабына байланысты туындауда. Қазіргі уақыт талаптарына сай келетін, инновациялық 

технологиялардың біріне Case - study әдісін жатқызуға болады. Case - study әдісі xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Case - study  амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, case - study амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен. 
Case амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін көптеген ғалымдар жемісті қолданылуда.

         Қазіргі таңда case - study  әдісі мектепке дейінгі мекемеге бейімделіп, Сингапур мемлекетінің білім беру бағдарламасында кеңінен қолданылуда. Ал еліміздің солтүстік өңірінде, нақты айтсақ, Петропавл қаласының «Нұр бөбек» балабақшасында алғаш рет 2016 жылы енгізілді.

 

Case - study  әдісінің негізгі  ерекшеліктері

Case - study  әдісінің

 негізгі мақсаттары

Case - study  әдісінің 

 идеялары

 

Практикалық 

жағдайларды зерттеу;

Балалардың

бойында жаңа қасиеттер мен 

іскерліктерді

қалыптастыру;

Әдіс қойылған

сұрақтардың бірнеше жауаптары бар болуы мүмкін болатын 

пәндерден білім алуға арналған;

Болған

жағдайларды баяндау;

Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту;

Үйрету бала мен

мұғалімнің бірлесе  

шығармашылықпен    

айналысу дағдыларын қалыптастыруға   

негізделген;

Балалар 

проблемамен (мәселемен) танысып, оны шешудің жолдарын іздеу.

Ақпаратпен 

жұмыс жасауды  үйрету .

Әдісті қолданудың 

нәтижесі -  алған білімдері мен жұмыс жасау барысында

қалыптасқан  

дағдылары 

есептеленеді;

 

 

Оқытушы -

сұрақтарды қойып,  жауаптарды  

ескеріп отыратын  

дискуссияны 

жүргізуші.

 

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны  қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу үрдісінде сase-термен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) сase  материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс;

3) жалпы дискуссиядағы шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

Case - study  әдісі - оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға, шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

ü  Белгілі жағдайды талдау – нақты немесе ойдан шығарылған жағдайды  терең  және  бөлшектеп  талдау;

ü Case - study  мақсаты: топ болып  бірлесіп, болған  жағдайды талдау және  практикалық шешім шығару;

ü Балаларға  болған жағдайды толық  мәлімдейтін  мәтін  ұсыну;

ü Балалар жағдаймен  танысады,  оны өз-бетінше талдайды  және оны шешудің  бірнеше  жолын  табады;

ü Үрдістің аяқталуы – ұсынылған  алгоритмдерді  бағалау және олардың ең  үздігін  таңдап алу;

ü Case сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған жағдаяттар бойынша жұмыс жасалады. Case-тік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдеді.

ü Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салады, сабақтың соңында  тапсырманы қорытындылайды.

Аналитикалық дағдылар. Деректерді мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, кейбір ақпараттарды қалпына келтіру шеберлігі, нақты және логикалық ойлау қабілеті артады.

Коммуникативті дағдылар.  Дискуссияны жүргізу шеберлігі, адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиаматериалдарды қолдану –топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, нақты есеп дайындау. Олар бір-бірімен сыйластықта жұмыс істеуге, өзгенің ойын тыңдауға, пікірталас жүргізуге, өз ойын нақты деректермен дәлелдеп сөйлеуге, көрнекіліктерді ұтымды қолдануға дағдыланады. Балалар ортақ ойды қорыта отырып постер, кластер жасап, оны қорғауды үйренеді.

Бірлестік дағдылар. Жеке пікірді ортаға салу арқылы талқылау, бір-бірінің пікірін салыстыру,  мәселеге қорытынды жасауда ортақ пікірді бірлесе анықтау, дұрыс деп тапқан  қорытындыны бірлесе өңдеу дағдыларын алады.  Яғни, топта бір-бірінің пікірімен санасу, сөзді тыңдай білу, ортақ пікірге келу, ойды қорытындылау дағдылары жүзеге асырылады.

Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз сase-пен мәселе шешілмейді. Мұнда логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды. Балалар жан-жақты ойланып, мәселенің басқа қырынан келу арқылы, жанама аспектілерді бағамдап, негізгі мәселенің түйінін шешуде шығармашылық туындайды.

Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайлармен салыстырғанда мәселенің күрделілігі немесе төмен деңгейлігі  экономикалық теорияларда, әдістер мен ұстанымдарда қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. Кейстерді орындау барысында модельдеу, график құру, кластерге түсіру, суретін салу, диаграмма жасау сияқты тәжірибелік дағдыларын дамытады.

Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында  нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады. Балалардың  өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарасты дәлелдей білуі қалыптасады.

Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде туындаған қарсы пікірлер мен келіспеушіліктер басқалардың пікірін жете түсінуге және өзінің ойын терең дәлелдеп, талдауға септігін тигізеді. Case әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді.

Сабақты  ұйымдастыру сатылары.

Case-study  арқылы жүзеге асатын сабаққа даярланудың және оны жүзеге асырудың кезеңдері бар. Соларды нақтылау бұл әдісті пайдаланудың тиімділігін арттырады. Олар төмендегідей:

1)    case-study  мәтінін даярлау сатысында жүргізілетін істер:

‒ сабақтың қандай бөлімінде case-stuy негізінде сабақ жүргізу қажеттігін анықтау;

case-study әдісі сабақ барысында басқа қандай әдістерімен үйлесімді екендігі пысықтау;

case- study  әдісін қолдану кезінде бірлескен іс-әрекеттің неге керек екендігі туралы дәлелдеме құру;  

case-тік талқылауға қатысушылардың қайсысы қалай араласа алатындығы туралы бастау-негіздерді көрсету;

‒ талдауға қатысатындарға нақтылы рөлдер даярлау. 

2) case - study өткізілетін топты даярлау сатысы кезінде атқарылатын істер:

case-study мәтінін (видео, аудиожазба) балаларға алдын ала таратып, олардың мәтінді өздігінше түсініп, қажетті сұрақтарға жауап дайындауына уақыт беру;

‒ балалар сабақ басталғанға дейін case - study мәтініне байланысты сұрақтары болса соларға мұғалім тарапынан жауаптар алуға мүмкіншілік жасау;

‒ тыңдаушылардың case - study материалдарына байланысты қызығушылық деңгейін анықтау.

Case әдісін қолданудың нәтижелері.

Case - study әдісімен оқытудың бірнеше мақсаттық нәтижелері болады. Олар:

I. Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиялық нәтижесі:

Бұл сатының негізгі міндетісase-пен жүргізілген жұмыстың білім алу мен оқыту мақсаттарының нәтижелерін аса тиімді түрде қорытымдайтынында. Ол, бір жағынан, сабақтың ұйымдастырылу тиімділігін талдау болса, екінші жағынан, балалардың біріккен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың түйінді мәселелерін анықтауға мүмкіндік береді. Солардың әрі қарай жетілуіне қажетті жұмыстарды атқару міндеттері қойылады.

Мұғалім case - study -дің әр топта қалай талқыланып жатқанын бақылап, барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды. Уақиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.

Сонымен оқытудың case - study әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде балалар үшін өте тиімді әдіс болып табылады. Ол балалардың сабаққа деген қызығушылығын туындатады. Бұл әдістің көмегімен балалар теорияны өздігінше меңгере отырып, практикалық мәселелерді шешу қабілеттерін де жетілдіреді. Сонымен қатар, өз ойын тұжырымдап, соны өзгеге жеткізу ісін жүзеге асыруға да машықтанады. Тыңдаушының берілген жағдаятқа талдау жасауы оның кейіннен маман ретінде жетіліп, практикалық жағдаяттарды батыл және тез шешуге  бейімделеді.

     Case - study әдісі мұғалімді  де креативті ойлауға, соны үздіксіз дамытып отыруға дағдыландырады. Ол мұғалімнің жүргізетін сабағының мазмұнын  ерекше құруға, шығармашылық  қабілетін жетілдіруге негіз болады.

II. Case әдісі арқылы білім беру мақсаттары:

1) Балалардың міндеті ‒ case жүйесін талдауға дағдыланып, нақтылы жағдаятты шешуге байланысты нақты шешім қабылдай білуге үйрену;

2) Балалар қисынды ойлау қабілетіне машықтанып, талдаудың ашық жүйесін қолдана отырып, талданатын жағдаяттың бастапқы мағынасын тез түсінуге және соны дұрыс шешуге бағыт беретін болжам жасауға жаттығу;

3) Балалар өзінің сараптамасын жасай алатындығына сенімді болу;

4) Балалар case-тің негізгі сұрақтарын байыпты және айқын түсінуге, соларға байланысты ойын орынды айтуға, бөліп көрсетуге және өзгелермен бірге ортақ мәселені шешуге қатысып дағдылану.

 Case - study әдісін қазақ тілі сабағында жүйелі түрде қолдану келесі нәтижені көрсетті:

Қазақ тілі бойынша балалардың

құзіретті даму индикаторларының қорытындысы

 

 

Тәжірибе көрсеткендей жаңа инновациялық технологияларды керегінше өз жұмысына икемдеп, өңдеп қолдану оң нәтиже береді. Қорытындылай келе сase – study әдісі тосын жағдаяттар, проблемалық мәселелер туралы тез және нәтижелі ойлауды ғылыми теория мен оның танымдық әдіснамасын практикада пайдалануға дағдыландыратын әдіс екенін атап көрсету керек.

 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика