Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Балаларды оқуға қалай үйретуге болады?

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Еменалина Бибігүл Амандыққызы

«Батыр» балабақшасы МКҚК

тәрбиешісі

Кейбір балалар оқуға тез үйренеді және ата – аналар бұған толық түрде қанағаттанады. Басқалары алғашқы әліппеге үйренуде қиналады.    Өте белсенді, реактивті, яғни елгезек балаларға оқып үйрену қиынға соғады. Бірақ оқуды оңайлықпен үйренген балалармен де тілдің дыбыстық жағы бойынша жұмыс жеткілікті жүргізілмейді. Бұндай жағдайда балалардың оқу жылдамдығы тез, бірақ жиі сауатсыз жазады, оларда орыс тіліне қызығушылық жоқ. Мектепке дейінгі 3 – 7 жас дейінгі кезең - сөздің дыбыстық сараптамасын түсінетін және таныстыратын оңтайлы жас.

1. Дыбысталатын сөзге қызықтыра отырып, орыс тіліне деген қызығушылығын дамыту.

2. Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, яғни дауыссыз, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Егерде біз осы дайындың кезеңін өткізетін болсақ, біз бірден бірнеше кезеңнің шешімін табамыз:

1. Балалардың фонематикалық есту қабілеті дамыйды, біздің сөйлеу ағымымызда дыбыстарды ести алады.

2. Осы негізде бізде мектеп жасына дейінгілермен жатыққан түрде оқуға ден қоямыз.

3. Болашақта баланың сауатты жазуының үлкен мүмкіншілігі бар.

4. Баланың орыс тіліне деген қызығушылығы пайда болады, сол арқылы нағыз әдебиетті оқуға деген қызығушылық.

Сөйтіп, біз уақытша әріп, дыбыс, әліппені ұмытамыз және дыбыстар әлеміне ауысамыз. Ол үшін Л. Е. Журова және оның серіктестері сөздердің дыбыстық сараптамасы және оның негізінде балаларды сауаттылыққ үйрету, яғни оқуға үйретуге қызықты ойын әдісін жасап шығарған. Бала 3, 5 – 4 жаста болғанда алғаш рет дыбыстармен ойынды отбасында өткізуге кеңес береміз.Мысалға «ш» дыбысын қарастырайық. Балаға шағын тақпақ оқимыз, оқыған кезде ол дыбысқа екпін түсіре ерекшелейміз:

Мышшшонку шшшшепчет мышшшшь (тышқанның баласына анасы сыбырлайды):

«Ты всё шшшшуршшшмшшь, шшшшшшуршшшишшшь» (сен бәрін сыбдыр – сыбдыр еткізесің!

Мышшшшонок шшшшепчет мышшши: (тышқанның баласы анасына сыбырлайды)

«Шшшшуршшать я буду тишше» (мен ақырын сыбдырлатам).

Балаға сұрақ қоямыз: өлеңде қандай дыбысты жиі естейсің? Ал енді жылан қалай ысылдайтынын айтшы? (ш – ш – ш). Жапырақтарды жел сыбдарлатқанда, олар қалай шулайды? (ш-ш-ш) . Сонан соң «ш» дыбысы бар суреттерді көрсетуге болады. Сонымен қатар құрамында осы дыбыс бар заттарды әкелу ұсынылады. Бірнеше күн бойы ерекше екпінмен өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, таза айтуға арналған өлең жолдарын дайындаймыз және оқимыз, мысалға: не найду я ушки у нашей лягушки... (бақамыздың құлағын таба алмаймын мен) Петушок, петушок, золотой гребешок ( алтын айдарлы әтеш,әтеш).

Фольклорлық материалды дайындаумен қатар сөйлеу ойындары да кеңінен орын алады. Ең таралған ойын « Дыбысқа қатысты сөз ойлап табайық...» Бірақ балалар тәртіп бойынша ойластыруын игеріп алу керек: жуан естілетін дауыссыз дыбыс, мысалға «р» ( рыбка, рак, топор- балық, шаян, балта), сонан соң жіңішке естілетін дауыссыз дыбыспен (якорь, репка, море – зәкір, шалқан, теңіз...). Бұндай ойындарды түрлендіру маңызды: - бөлмеде саяхат жасау арқылы берілген дыбыс бар заттарды табу;

- Берілген дыбыс бойынша күлкілі немесе көңілсіз сөздерді ойластыру;

- Белгілі дыбыс бойынша мамандық, қысқы киімдер, «Менің анам нені жақсы көреді?», «Көкөніс», «Жеміс» және т.б. тақырыптарға байланысты сөздер ойлап табу. Балалар жуан және жіңішке естілетін дауыссыз дыбыстарды меңгергенде, ойын тапсырмасын жіңішке дауыссыздардан басталатын сөздер ойлауға ауыстырамыз;

- «Сөз тізбегі» ойыны ( бір дыбысты өзгертуден сөз мағынасы өзгеруі: тень, пень, день, лень – көлеңке, діңгек, күн, жалқаулық)

- Эстафеталық ойындар (бірі – біріне орамал беру немесе доп лақтыру арқылы «жуан – жіңішке» ойынын ойнаймыз, мысалы: рука – река – қол – өзен;

- Дауыстыларды – қызыл түспен, жуан естілетін дауыссыздарды – көк түспен, жіңішке дауыссыздарды – жасылмен шартты белгісімен таныстырамыз.

Осылайша баланы ең маңызды үрдіс- сөзге дыбыстық сараптама жасай алуға машықтандырамыз, яғни сөздегі кейбір дыбыстарды тек қана естіп қоймай, дәйекті түрде ерекшелеуге үйретеміз.

Бұл кезеңде шешуші кезең « Жұмбақ ойын» болады. Біз балаларға сөздің дыбыстық сызбасын береміз, ал олар сөз ойластырады. Егерде бала сөз тауып айтға қиналатын болса, жетекші сұрақтар қоямыз. Оқытуға үйрету үрдісі қызықты болу үшін ойын түрлерін түрлендіреміз.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика