«Мнемоәдіс арқылы балалардың есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып тілдерін дамыту»

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Даниярова Айнур Шахметовна

"Балауса" балабақшасы МКҚК

тәрбиеші

"Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның, барша елдің халықтың міндетті"

Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыздың білім беру жүйесіндегі алға қойып отырған максаттардын бірі - мектепке дейінгі білімінің сапасын жоғарлату. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі мекеменің әр педагогы өз үлесін қосуда. Қазіргі заманның талабына сай ұрпақты тәрбиелеп өсіру үшін түрлі технологияларды қолданусыз болмайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы алдағы болашағында үлкен орын алады.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдануы өте тимді әдіс болып табылады. Мнемоәдісін инновациялық технологиясы деп айталмаймын. Бірақ, қазіргі заманның талабы бойынша осы әдіс жаңартылған түрімен ұсынылады. –«Мнемоәдіс» -грек тілінен «есте сақтау өнер» дегенді білдіреді. Ерте замада Греция елінде Мнемосина жебеуші болыпты. Мнемосинаның есте сақтау қабілеті туралы мифологтар келесіні жазған: «Мнемосина не болғанын, не болып жатқанын, не болатынын біледі, есінде сақтан ұмытпайды» 

Nike Air Force 1 Shadow Beige White Orange CU3012-164 – Buy Best Price Adidas&Nike Sport Sneakers

Мнемоәдіс 477 жылынан бастауын алады деген нұсқасы бар. Мнемоәдісінің негізінің салушы грек философ және ақыны Симонид Кеосский саналады( сурет 2).

Мнемоәдіс-балалардың қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әңгіменің барысын тиімді есте сақтуға, әңгімені айтып беруге және тіл дамытудағы іс-әрекетінің жүйесі.

Мнемоәдісінің басты міндеттері келесіге бағытталған:

-есте сақтау қабілетін дамыту;

-логикалық ойлауды дамыту;

-бейнелік ойлауды дамыту;

-жалпы білімдік мақсаттарды жүзеге асыру;

-тапқырлықты дамыту, зейінді жаттықтыру;

-түрлі жағдайларда өзара байланыс табуға дағдыландыру.

Мнемоәдіс сатылы процесс арқылы жүргізіледі: оңайдан қиынына. Біріншіден мнемоквадраттармен жұмыс жүргізіледі, содан мнеможолдарға өтеміз, содан кейін ғана мнемокестелерге өтеміз (кесте 1). Осы жұмыстар келесі тәсілдер арқылы жүргізіледі: көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; тірек-сызба; тақпақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, алгоритмдік жаттығулар т.б.

Мнемокестенің дамыту бағыттары: 1) сөздік қорын байыту; 2) әңгіме құруға үйрету; 3) көркем әдебиетті мазмұндау; 4) жұмбақ жасыру және шешу: 5) өлең жаттау.

Мнемоквадрат-баланы суретте көрсетілген затты танып, сипаттап, білгенін айтуға үйрету жұмысы. Балалар көрген зат туралы білгенін айтады (кесте 2). Мысалы: «Бұл-смайл. Ол әр түрлі бола алады. Смайл арқылы біз өз көңілімізді көрсете аламыз»; «Бұл-жүрек. Әр адамның жүрегі бар. Жүректепен адам сезеді. Жүрекпен біз адамға өз сезімімізді көрсетеміз»; «Бұл-жұлдыз. Жұлдыздар аспанда түнде болады. Олар жарқырайды. Жұлдыздың без нұры бар».

Мнеможолдар-бірнеше мнемоквадратты қосып әңгімелеуге үйретуге бағыталған жұмыс. Осы әдіс тақпақ, мақал-мәтелдерді, өлеңді жаттатуға тиімді. Балалар мнемотақпақты арнайы тірек суреттер арылы айтады. Тақпақ, өлеңнің жолдары әр сөзге, сөз тіркесіне арналған карточкалар арқылы үйретіледі. Осы жұмыста баланың зейіні, есте сақтау қабілеті дамиды. Алдарыңызда келесі тақпақ суреттелген: «Оң қолымда бес саусақ, сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосқанда, болып шықты он саусақ» (кесте 3).

Әдістің келесі сатысы-мнемокесте. Бұл-ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әңгіменің сюжетін әңгімелеп беруге бағытталған жұмыс. Балалар көрген суреттерді өзара байланыстырып әңгіме құрастырады. Мнемосуретте жыл мезгіліне, отбасы, балабақша, түрлі тақырыптарға жасалынады. Әңгіме құрастыру барысында балалар тірек сызбалаларға сүйене отыра байланыстырып сөйлем құрастырады.

Түрлі түстер балалардың назарларын алаң етпеу үшін, мнемоәдісінің бірінші суреттері ақ және қара түсті болған. Осы әдістің басты талабы: суреттер анық, нақты көрсетілген. Бір сурет барлық жұмыстарда бір мағынаны білдіреді. Алдарыңызда орыс халық ертегісі "Үйшік". Мысалы (балалар қысқа әңгіме құрастырғанда): «Бір үйшік болыпты. Үйшікке тышқан келіп, ешкім болмағаннан өзі тұрыпты. Үйшікке бақа келіп, тышқанмен бірге тұрыпты. Үйшікке әтеш келім, тышқан, бақа ішеуі бірге тұрыпты. Келесі үйшікке қоян жақындап, олармен бірге тұруға сұранып кіріпі. Үйшікке түлкі келіп, үйшікке кіруге рұқсат сұрап кіріпті. Осыны көрген қасқыр келіп барлығымен үйшікте тұруға сұранып кіріпті. Аю да барлығынан қалмай үйшікте тұрғысы келді, үйшікке кіруге тырысты». Сұрақ белгісі ертегіні әрі өз ойымен жалғастыруға мүмкіндік береді. Мүмкін ертегідей аю үйшікке кіргісі келіп үйшікті сындырар. Ал мүмкін үйшік мықты болып, аю да барлық аң-жануарларымен бірге өмір сүретін шығар. Осы кезде баланың ойлау, қиял қабілеттері дамиды, тілдері жетілдіріп, сөздік қоры толықтырылыр байтылады.

 Мнемоквадрат, мнеможолдар, мнемокесте жұмыстарын өткізіп мнемоәдісінің келесі нәтижелерін көруге болады: 1) сөздік қоры байыды; 2) тірек сызба арқылы әңгіме құрастыруы; 3) сурет арқылы өз ойын білдіруі; 4) баланың қиял мен зейінін дамуы; 5) есте сақтау қабілетінің дамуы; 6) әңгіме құрастыруға қызығушылықтың арттыруы.

Оқу қызметі барысында балалар шаршап қалған кезде мнеможаттығу өткізуге болады (кесте 8). Мнеможаттығудың өткізу тәртібі ерекше: балалар суретке қарап жаттығу жасайды, тәрбиешінің белгілері бойынша тапсырмаларды орындайды.

Мнеможаттығудан кейін балалардың тынысын келтіру үшін тыныс алу жаттығу өткізіледі. Тыныс алу жаттығу 3 сатымен өткізіледі: 1) мұрынымен дем алып ауыздан ақырын шығару, 2) мұрынымен  терең дем алып ауыздан қаттырақ үрлеп дем шығару, 3) мұрнымен терең дем алып, қатты үрлеп ауыздан дем шығару.

Өз жұмысымды балалар қолданатын мнемокестемен аяқтағым келеді. "Сәлеметсіздер ме! Біздің балабақшамызға қош келдіңіздер! Біз Сіздерге денсаулық тілейміз! Өз жүрегімнің жылуын Сіздерге сыйлаймын!"

Мнемоәдісімен қолдануы тек мектепке дейінгі жастағы балалармен ғана емес, адамның дамуының барлық сатыларында қолдануға болады. Мектеп оқушылар мен студенттерге түрлі қиын кестелер мен формулаларды есте сақтап, өз есіміміздегі ақпаратты пайдалануы. Мнемоәдіс оқытушы мен ұстаздарға көптеген лекцияларды миымызда сақтауға мүмкіндік береді. Іскер адамдар осы әдіс арқылы өз жобалар мен көптеген ақпаратты есте сақтауға тиімді жолы болып табылады. 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика