Балаларды қазақ тіліне үйрету сапасын педагогикалық инновациялық техноголияларды қолдану арқылы жетілдіру

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Күлбаршын Кажкенова

«Петушок» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

СҚО Петропавл қаласы

 

Қазіргі таңда қоғам алдында туған жерін, елін, халқын сүйетін, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жақсы білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, озық ойлы, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Заманға лайық тәрбие мен білім беру – жаңа технологияларды, инновациялық жаңашылдықты, шығармашылдықты қажет етеді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы педагог өзінің білімділігін, біліктілігі мен шеберлігін нығайта түседі. Жаңа технологияларды іріктеп, олардың негізінде оқыту, үйрету түрі біздің балабақшамызды кеңінен қолға алынған. Қазақ тілі маманы ретінде мен де тіл үйрету үдірісінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа инновациялық әдістерге көп көңіл бөлетін болдым. Ол үшін мен алдыма «Баланы тіл үйретуде қай әдіс-тәсіл тиімдірек» деген проблеманы қойдым.

Сонымен, бала тіл үйреніп жүр... Оның бұл әрекетінде үлкендер нені байқайды? Әдетте тіл меңгеруінің  жетістіктері немесе қиыншылықтары, яғни сәйкестілігі байқалады.  Ал көбінесе, осы жас кезеңіне бекітілген нормаға сәйкес емес болмауы. Кім баласын осы нормаға, яғни тілдік даму нормасына сәйкес үйретсе, әдетте осы «нормативтік» сипаты көрініп тұрады.

Баланың жасына сай тілдік даму нормасынан шығып қалуының өз себептері бар. Тілдік даму қиыншылықтарын түсіндіру себептері өте көп. Психологиялық себептер бар: мысалға, баланың есте сақтауы, зейіні, тағы да басқалары. Психофизиологиялық себептер де бар: ойлай, ұғыну, және ақпаратты өңдеу сияқты белгілі бір типтерінің басқасынан үстем болуы. Сондай-ақ физиологиялық факторлар да орын алады. Мысалға, туа біткен немесе жүре келе пайда болған тілге байланысты кемістіктер (патологиялар), әлеуметтік факторлар және де т.б. Осы факторлар жиынтығы бала әрекетінің  жан-жақты қалыптасуында  тұрақтылығы соншалықты, тіпті осы себептердің кез келгенін тілді меңгеру қиыншылықтарына  жатқызуға болады.

Trailová obuv Nike Air Zoom Pegasus 36 Trail GORE-TEX

 

Бірақ бұндай қиыншылықтардан өзін-өзі ақтау біз – ұстаздарды ең басты қиыншылық, яғни «Баланы тілге қалай үйрету керек?» деген кез келген педагогикалық әдістемеден алшақтап әкетеді. Балаларды тілге үйрету туралы ғылыми және педагогикалық тәжірибелермен таныса отыра, мен өзім «Кез келген адам – тумысынан лингвист болады» деген пікірге келдім. Біздің миымыз телефон нөмірлер мен тарихи жылдардан гөрі жаңа сөздерді тез есте сақтайды. Екі жасар балалардың қалайша тілі шығатынын байқап көріңіз. Мысалы, кішкентай сәби «қоя, қоя» дейді, ал анасы оны түсінбейді. Екі жасар сәби сөзді дұрыс айтпағанын түсінгендей жан-жағына қарап ойыншығын іздей бастайды. Оны тауып алып, көрсетеді. «Ботақаным, бұл «қоя» емес, «қоян»,- дейді анасы. Міне, осылай күннен күнге, күніне жүз реттен бала бейнелер мен олардың сөздік атауларының байланысын жасайды. Үлкен адам (оқушы) үшін бұл жаттығулар жүйесі. Ал мектепке дейінгі жаста тілді дамыту үшін маңызды әрекет түрлерінің ішінен ең тиімдісі ойын болып табылады. Сөздік ойындар ойнағанда баланың есінде негізгі тілдік байланыстар қаланады: лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік. Сөздік ойындарды дұрыс қолдану баланың тілдік қабілетін дамытуда бірқатар маңызды жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Ең алдымен, сөздік ойындар жүйесі тілдік байланыстардың барлық негізгі түрлері (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, синтаксистік) кіретін ойындар жиыны циклынан тұруы керек.

 Ойындар жиынын қолданудың принциптері мен ерекшеліктері:

  • Сөзбен ойын ойнау үшін әрекеттің барлық түрлері бар ойындарды пропорционалды түрде таңдап алу
  • Ойындарды қолданудың бір ізділігі
  • Ойындарды өткізудің жиілігі
  • Ойындарды күрделілету варианттары
  • Қайталануы

Мен  өз жұмысымда тілдік емес және тілдік (лингвистикалық) ойындарды қолданамын.

Тілдік ойынның мазмұны болып, норма баспалдағынан постнорма (норманы жеңіп шығу) баспалдағына өтетін ойын әрекеті табылады, норманың өзін меңгере алған ғана норманы жеңіп шығу бойынша әрекет жасауы керек.

Өз тәжірибемде мен «Жасырынбақ» ойынын қолданамын, оның мақсаты балаларды зат есімнің көпше түрлерінің жасалу жолдарын меңгеруге жаттықтыру. Бұл ойын тілдік емес ойын, өйткені ол норманы игеруге бағытталған. Ал «Теремок» ойыны тілдік ойын болып табылады. Бұл ойынды ойнау үшін екі бөліктен тұратын үйшік керек: бірінші бөлігі ауысып отырады (зат есімдік суреттер), екінші бөлігі – көпше түрінің көрсеткіші ретіндегі көптік жалғаулар.

Басқа мысал ретінде фонетикалық әрекетті дамытуға арналған ойынды алуға болады. Балабақшада ұйқастық үшін ойындар қолданады. Алайда, әдетте «Сөзді айта ғой» ойыны жиі қолданылады. Бұл ойынды ойнағанда, нақтырақ айтсақ,  сөздерді таңдағанда бала фонетикалық емес, жағдайға, мәтінге байланысты, яғни заттық мағынада іріктеп алады. Өйткені,  мәтіннің мазмұны айтылып тұрғандықтан, баланың лексеманы (сөзді) таңдауға мүмкіндігі жоқ. 

Мысалы: Қатты аяз далада, үйде отыр бар бала.

Бұл жерде фонетикалық тілдік потенциал мүлде жоқ. Фонетикалық байланысты жасау үшін мүлде басқа мәтіндерді пайдалану керек. Бұл  мәтіндер сөздерді таңдау мүмкіншілігі  бар  болуы қажет, яғни мағынасы мәтінге қатысты бола бермейтін ұйқас сөздер.

Мысалы: пек – бек, пек – бек

Гүлге қонды көбелек (бөгелек). Бұл ойынның пайдасы көп, өйткені ол дыбыстық байланысқа ерік береді.

Балаларды бұл ойынға үйрету үшін кезең-кезеңімен әрекет жасау керек:

1 қадам – ойын ережесін түсіндіру. Балаларға таныс тақпақтарды таңдап, ұйқас сөздерін айтпай өткізіп жіберу керек.

2 қадам – бұл мәні бар тақпақтар. Мысалы: Қатты аяз далада, үйде отыр бар бала.

3 қадам – мәтіннің мәні әлсіз, ұйқас сөздер болса болғаны.

Мысалы: Арманның қалтасынан

Көрініп тұр....нан, банан, табан, шабан

Лексикалық әрекетті дамытуға арналған ойындар балабақшада әдетте, «Жейміз, жемейміз» сияқты ойындар арқылы беріледі. Бұндай ойындарды мен де сабақта қолданамын, бірақ олар тілдік ойындарды меңгеру үшін 1 қадам болып табылады. Бұл жағдайда лексикалық байланыстың әр түрін қадам-қадам арқылы игеру ретінде, ТРИЗ технологиясы бойынша «Керісінше», «Не сияқты?», (түрі, түсі, т.б. сипаты) көмегі көп болады және де тілдік салмақ түсіреді. Осындай ойындарды қолдану мұғалімге  балаларды «тірі» метафораға негізделген ойындарға дайындауға көмектеседі. Бұл жұмбақ-ойындар. Мысалға ТРИЗ ойындарынан «Табылған заттар бюросы»  ойынын алуға болады, оны әртүрлі вариантарда ұсынады: 1 бала табылған заттардың атын айтпай ұсынады, басқа балалар затты іздеп келушілер, оларда ол заттардың суреттері бар, олар заттарды сипаты бойынша таниды. Мен тілдік белсенділікті көп балалар танытқанда, ойынның басқа түрін жиі қолданамын, яғни балалар сипаттайды, ал ойын жүргізуші бала суреттен табады. Мысалы, затты былай сипаттауға болады: ол домалақ, кішкентай, қызыл, онымен ойнауға болады.

Балалардың ең сүйікті ойындары – бұл синтаксистік әрекетті дамытуға арналған ойындар. Синтаксистік әрекет – бұл сөздер арасында байланыс жасау. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту тәжірибесінде «Сөзді көркемде» ойыны ойналады, бұл ойында балалар белгілі бір сөзге анықтауыш сөздерді таңдайды.

Синтаксистік әрекетті дамыту үшін қолданатын тілдік ойындар – бұл «Жабысқақ қар» ТРИЗ әдісіне негізделген  «Сөзді киіндірейік» ойыны. Бір сөз беріледі, ал ойынға қатысушы әр бала айтылған сөздерді қайталай отырып, жаңа сөз қосады.

«Кім не істейді?»: әке, жел, қуыршақ, торғай.

«Жалғасын тап» ойыны мәніне қарай жұптарын айту: отбасы (әке, ана, ата, әже, ұл, қыз)

Бүгін мен сіздерге сөздің синтаксистік әрекет түріне негізделген бір ойынды ұсынғым келіп отыр. ТРИЗ технологиясында «Морфологиялық талдау» деген әдіс бар. Мен бұл әдісті балалардың қазақ тілінде қиялдарын, шығармашылдықтарын тудыру үшін қолданамын. Ойын «Өтірік әңгіме» деп аталады. Бұл ойын үшін бізге морфолиялық кесте қажет. Кестенің бағаналары мен жолдары тақырыпқа, талдауға, күтілетін нәтижеге байланысты. Бұл ойынға көрнекіліктер өте көп керек – бұл сюжетті суреттер немесе заттық суреттер. Ал, енді сіздер – балалар, мен – мұғалім боламын.

Бұндай ойындар әртүрлі тақырыпта өткізуге болады, мысалы, «Жыл мезгілдері туралы өтірік әңгіме»

Жыл мезгілдері

Табиғат

Киім

Еңбек, әрекет

Көктем

Көктемде ағаштар бүршік жарады.

Көктемде адамдар көйлек, жейде киеді.

Көктемде адамдар егін егеді.

Қыс

Қыста қар жауады.

 

Қыста адамдар тон, пима киеді.

Қыста балалар шана тебеді.

Жаз

Жазда күн ыстық.

 

Жазда адамдар жеңсіз көйлек, футболка киеді.

Жазда суға түседі.

Күз

Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Күзде адамдар тон, пима киеді.

Күзде адамдар астық жинайды.

 

Жыл мезгілдері

Табиғат

Киім

Еңбек, әрекет

Көктем

Көктемде адамдар астық жинайды.

Көктемде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Көктемде адамдар тон, пима киеді.

Қыс

Қыста адамдар көйлек, жейде киеді.

Қыста адамдар суға түседі.

Қыста қар ериді.

Жаз

Жазда балалар шана тебеді.

Жазда күн  салқын.

 

Жазда етік киеді.

Күз

Күзде адамдар егін егеді.

Күзде ағаштар бүршік жарады.

Күзде күн ыстық.

 

Кестеде белгілі бір қасиетті білдіретін тілдік сурет-модельді қолдануға болады.

«Керемет жемістер мен көкөністер» морфологиялық кестесі.

 

Жеміс (көкөніс)

Түрі

Түсі

Дәмі

 

Қырыққабат

Домалақ

Жасыл

Дәмді

 

Лимон

Сопақ

Сары

Қышқыл

 

Алма

Домалақ

Қызыл

Тәтті

 

Пияз

Домалақ

Қоңыр

Ащы

 

 

Бұл ойынды күрделілігіне және уақытына қарай ойындық жаттығуға жатқызуға болады. Бүгінгі күні сөздік ойындар туралы мағлұматты көптеген кітаптардан, сондай-ақ Интернеттен алуға болады. Бірақ ойынның да ойыны бар екенін ұмытпауымыз керек., өйткені тілдік ойын мағынасы жағынан тілді дамыту және де адамның тілдік әрекетіне байланысты.

Балалардың алдына проблемаларды қойып, оларға осы проблемаларды шешуге бәрі бірге  балалық бір күйзеліске түсіп, уайымдап, аяушылық таныту, сонымен қатар танып-білуге құмарттыру арқылы көмектесу өте маңызды. Ол үшін «Интерактивтік әңгіме» әдісін қолдану өте тиімді болып табылады, бұл әдіс бүкіл сабақтың негізін құрайды. Оның ішінде интерактивтік әдісті өткізудің бар құрылымы жасалған.

Әңгіменің (ертегінің) мәтіні суреттер арқылы беріледі. Мұғалім әңгіменің әр парағын «оқығандай»  айтып отырады, балалар әңгімені тыңдап, суреттерін тамашалайды. Әңгіме барысында бір сәтте шешімді қажет ететін жағдай туындап, мұғалім әңгімесін доғарады да, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, әрине өздерін  әңгіме кейіпкерлерінше сезініп, сол жағдайдың күйіне еніп, іс жүзінде проблемаларды шешу тәжірибесін меңгере бастайды. Әңгіменің әсері оқу немесе айту барысында, сұрақтардан басқа дидактикалық ойындар, жаттығулар, би, сахналық қойылымдар арқылы күшейе түседі. Үзіліс кезі (пауза) болғанда рөлдік ойындар, басқа да топтық әрекет түрлерін өткізуге болады. Әңгіме жоспарының әр кезеңі суреттелгендіктен,  бұл суреттер әңгімені дәстүрлі түрде баяндауды ауыстыруға мүмкіндік береді және де балалардың есінде әрекеттің мақсатын сақтауға, яғни әңгіме кейіпкерлері – балаларға көмектесуге, тапсырманы орындауға қызығушылықтарын арттырады.

Сонымен, «Интерактивтік әңгіме» балалардың танымдық қызығушылықтарын, белсенділіктерін тудыратын әдіс болып табылады, балаларға өз жауаптарын тұрақты түрде негіздей білуге үйретеді, қиындықта қол ұшын беру, аяушылық сезімдерін оятып, қоршаған ортаға адамгершілік тұрғыда қарауға тәрбиелейді.

          Қорыта айтқанда  «Баланы тілге үйретуде қай әдіс-тәсіл тиімдірек»  деген проблеманы мен мақсатқа сәйкес, қисынды, әдістемелік түрде негізделген жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отыра шешемін. Ал бүлдіршіндердің жүздеріндегі қуаныштары қазақ тілін үйренуге деген ықыластары – менің еңбегімнің нәтижесі деп білемін.

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика