Мектепке дейінгі ұйымда ата – аналармен жұмысты ізгілендіру

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Дюсенбекова Гулден Бейсеновна

СҚО, Мамлют ауданы

«В.М.Скачков атындағы Қызыләскер

орта мектебі»  КММ

«Қарлығаш» толық күнді шағын орталық

тәрбиешісі

Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.

nike sb zoom bruin premium se pink and blue hair

«Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Отбасындағы ата – ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата – аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты – білімде. «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды » дейді Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата – аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген – білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата – ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса,  ата – ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата – аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әртүрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата – аналардың педагогикалық – психологиялық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата – аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады ?  Ол үшін біз, яғни, тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс – шараларға, ата – аналарға және топ жиналыстарына ата – аналарды тартудың қажеттілігі: балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады, балалар маңызды жетістіктерге жете алады; балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады ; ересектер тәрбиешінің жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі. 

Менің  тәжірбиемде «Қарлығаш» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен өте жолым болды деп сеніммен айта аламын, себебі ата-аналар тәрбиешілер тарапынан қандай ұсыныс түсссе де, әрдайым қолдап жүреді. Мен тәрбиеші ғана емес төрт баланың анасымын, кіші ұлым осы шағын орталықтың тәрбиеленушісі, мүмкін сондықтан болар болатын іс-шараларды екі тұрғыдан қарап сараптаймын. Енді кейбір іс-шаралардың суреттеріне тоқтала кетейін:

Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдық мерей тойындағы менің ашық сабағымда   ата-аналармен фотоколлаж жасадық.

Жаңа жыл қарсаңына арналған «Ақшақардың қолғабы» атты ертеңгілікте тәрбиеленушілердің аналары баларына арнап Қуыршақтар биін, көңілді сайқымазақтар биін билеп берді.

Халықаралық әйелдер күні сегізінші наурыз мерекесіндегі қойылымдар мен музыкалық көрсетілімдерге тәрбиеленушілердің әкелері қатысып, аналарға тосын сый болды.

 Наурыз мерекесінде шағын-орталықтың атынан қазақтың салт- дәстүрлерінен көріністер көрсеттік.

 «Біздің кемеміз жүзіп барады» аты түлектерді шығарып салу ертеңгілігіне тәрбиеленушілердің ата-аналары ғана емес, әпкелері- ағалары да қатысты, себебі сәбилер ата-аналарынанғана емес өздерінің үлкен аға-әпкелерінен де көп нәрселер үйрене алады.

 Сол ертеңгілікте жыл бойы шағын-орталық өміріне белсенді ат салысқаны үшін кейбір ата-аналар Алғыс хаттармен, сыйлықтармен  марапатталды, оның себебі басқа да ата-аналарды жігерлендіру болып табылады

Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде, бала психологиясының дұрыс қалыптасуында ата - ананың да, тәрбиеші- ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Сондықтанда отбасы мен балабақша ынтымақтастығының өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ өміріне тигізетін әсері өте зор. «Ұстаз – бағбан, бала - гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздың ұстанымы. Осы қағиданы ата – ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ балабақша балалары үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен әдемі болып өскені қажет, ата – ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенін әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанады, ата – ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс. 
 Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының құндылықтарында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды. 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді. 
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды. 
Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет. 
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл: 
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту; 
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу; 
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету; 
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау; 
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау. 
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет: 
- біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу; 
- екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау. 
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану. 
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет. 
Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн. 
Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті. 
Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті.

Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен ниет, онан соң күш, содан кейін тәртіп керек» , - деген. Өмірлік тәжірибе қалмгер сөзі даналығының дәлелі. 
Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі заманның педагогына қойылатын талап та өте жоғары. Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ал ата – ана бұл үдерісте қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса, жұмыс табысты болмақ.

 

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика