Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Балаларды қазақ тіліне үйрету сапасын педагогикалық инновациялық техноголияларды қолдану арқылы жетілдіру

Рейтинг:   / 0

Күлбаршын Кажкенова

«Петушок» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

СҚО Петропавл қаласы

 

Қазіргі таңда қоғам алдында туған жерін, елін, халқын сүйетін, тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жақсы білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, озық ойлы, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Заманға лайық тәрбие мен білім беру – жаңа технологияларды, инновациялық жаңашылдықты, шығармашылдықты қажет етеді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы педагог өзінің білімділігін, біліктілігі мен шеберлігін нығайта түседі. Жаңа технологияларды іріктеп, олардың негізінде оқыту, үйрету түрі біздің балабақшамызды кеңінен қолға алынған. Қазақ тілі маманы ретінде мен де тіл үйрету үдірісінде дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар жаңа инновациялық әдістерге көп көңіл бөлетін болдым. Ол үшін мен алдыма «Баланы тіл үйретуде қай әдіс-тәсіл тиімдірек» деген проблеманы қойдым.

Сонымен, бала тіл үйреніп жүр... Оның бұл әрекетінде үлкендер нені байқайды? Әдетте тіл меңгеруінің  жетістіктері немесе қиыншылықтары, яғни сәйкестілігі байқалады.  Ал көбінесе, осы жас кезеңіне бекітілген нормаға сәйкес емес болмауы. Кім баласын осы нормаға, яғни тілдік даму нормасына сәйкес үйретсе, әдетте осы «нормативтік» сипаты көрініп тұрады.

Баланың жасына сай тілдік даму нормасынан шығып қалуының өз себептері бар. Тілдік даму қиыншылықтарын түсіндіру себептері өте көп. Психологиялық себептер бар: мысалға, баланың есте сақтауы, зейіні, тағы да басқалары. Психофизиологиялық себептер де бар: ойлай, ұғыну, және ақпаратты өңдеу сияқты белгілі бір типтерінің басқасынан үстем болуы. Сондай-ақ физиологиялық факторлар да орын алады. Мысалға, туа біткен немесе жүре келе пайда болған тілге байланысты кемістіктер (патологиялар), әлеуметтік факторлар және де т.б. Осы факторлар жиынтығы бала әрекетінің  жан-жақты қалыптасуында  тұрақтылығы соншалықты, тіпті осы себептердің кез келгенін тілді меңгеру қиыншылықтарына  жатқызуға болады.

Подробнее...

«Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру»

Рейтинг:   / 1

 

Жахина Гаухар Абаевна,тәрбиеші

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, МКҚК «Ивушка» балабақшасы

Мақсаты: Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне енгізу.

Міндеттері: Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой - өрісін, дүниетанымын жетілдіру. Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу.Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту,ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап,әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ес - кере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Подробнее...

«Балалардың ой-өрісін ұлттық ойындар арқылы жетілдіру»

Рейтинг:   / 1

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Саумалкөл ауылы

«Колосок» ясли бақшасының тәрбиешісі

Амержанова Динара Темешевна

 

        Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.

Подробнее...

Мектепке дейінгі ұйымда ата – аналармен жұмысты ізгілендіру

Рейтинг:   / 0

Дюсенбекова Гулден Бейсеновна

СҚО, Мамлют ауданы

«В.М.Скачков атындағы Қызыләскер

орта мектебі»  КММ

«Қарлығаш» толық күнді шағын орталық

тәрбиешісі

Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.

Подробнее...

                       

2016-2017 © Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по СКО»

 
Яндекс.Метрика