ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИАЛЫҚ АМАЛ-ТӘСІЛ – СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Калиева Толкынай Аманжоловна

«№1 Саумалкөл орта мектебі» КММ

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,

Саумалкөл селосы

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді. Заман талабына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің сапасын жақсарту – туындап отырған қажеттілік. Сондықтан, қазіргі кезеңде, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы.

Air Max 270 Men

     Осыған байланысты ҚР педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап, 7 модульді меңгеріп, сабақтарда қолданудамын. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасына қатысып, білім жинақтадым. Осы модульдердің ішінде ең тиімдісі -7 модульді ұштастыратын, сабақтың әр кезеңінде қолданылатын модуль- сыни тұрғыдан ойлау. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде жүзеге асырылып жүрген әлемінің он сегіз елінде сынақтан өткен «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы Қазақстанда бұл технология 1997 жылдан бастап етек  жая бастады.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: - шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; - күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; - үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштар, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз. Бұл әдіс оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын дамытуды саналы және ойымен қабылдауын көздейді. «Баланы тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз - ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз жеткізудеміз.

Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен, оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - аталмыш теорияның негізгі мақсаты.Бұрын оқу, тәрбиелеу үрдісінде, мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақтарымда сыни түрғыдан ойлаудың әдістерін қолданған ө те тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің тиімділігі - оқушыға үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренушінің қызығушылығын, сенімін арттыратын әдістердің бірі.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің мақсаты - барлық жастағы оқушылардың кез келген мазмұн түсінікке (оқу материалына) мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау, сындарлы ойлау арқылы оқушыны сыни ойлаудың биік шыңына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің міндеттері:

• Сыни ойлау арқылы барлық жастағы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуды іске асыру;

• Сын тұрғысынан ойлаудың озық әдістерін игеру арқылы оқушыларға терең білім беру;

• Әрбір оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Мені қызықтыратыны аталған әдіс арқылы оқушыларымның өзі ізденіп дәлелдеуі. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Әсіресе, әдістің тиімді тұсы-оқушыларым еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге дағдыланып келеді. Оқушыларымның Сыни тұрғыдан ойлауға, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасай алуы сияқты жан-жақтылық іс-әрекеті тәжірибемде көрініс тауып отыр.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі - менің сабақ беру әдісімді ғана өзгертіп қойған жоқ, менің терең сенімімді қанағаттандырып, кәсіби намысымды оятты. Менің оқушыларым өздерінің сенімділіктерімен, еркін ұстауларымен таңқалдырады. Тақырып туралы сөйлеуге қорықпайды, сұрақтар қояды. Ал өздерінің еңбегінің жемісін көргенде, жақсы баға мен мақтауларға бөленгенде, қуанғандарын көрсеңіз. Әр баланың жан-дүниесіне үңілсеңіз бір нәзіктікті сезінесіз, ал егер оны абайлап түртсеңіз, олар сөйлейді және де бар даусымен сөйлейді. Сондықтан менің міндетім – осы нәзіктікті тауып, оларды жақсы көру.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдісінің принципі мен тұжырымдамасын іс-тәжірибеммен ұштастырғанда қандай нәтиже береді - деген сұрағымның жауабын өз тәжірибемде тауып келемін.

Тұлғаны сыни тұрғыдан дамыту мақсатында, сабақ үш сатыдан құрылады.

I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)

II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)

III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

       Ой шақыру кезеңінің басты міндеті - алдағы жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту, дайындау. Ой шақыру кезіндегі жүмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары болады. Қай тәсіл болса да, ол тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады. Сабақтарымда түрлі суреттер, ұлы адамдардың сөздері мен ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Іс-әрекетті ой елегінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойған міндеттерді шешуге ынталанады, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, оқулықтағы мәтіндерге сүйенеді. Сабақта берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі. Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін постерге түсіру арқылы жеткізеді.

Бірінші сатысында, оқушылардың қызығушылығын арттыру, ынтымақтастық атмофераны қалыптастыру мақсатында әр түрлі тренингтер, СТО стратегияларын қолданып, әр түрлі жұмыстар жүргіземін. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруға тырысамын. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын . Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту сатысында үйренушінің белсенділігі, ынта-жігері артады. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

         Ойлану мен үйренуге бағытталған екінші саты «Мағынаны тану». Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оқушылар белсене жеке, жұпта, топта жұмыс істеуге кіріседі. Табыс критериясын құру арқылы мәселелерді шешу жолдарын іздейді. Балаларға презентация дайындау, қосымша материалдар іздеу жұмыстары ұнайды. Қабілеттері төмен оқушыларға өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады,   дарынды оқушылардың көмегімен білімдерін жетілдіреді, соның арқасында сенімдері  арта түсуде.

Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін ІNSERT стратегиясына тоқталып кетейін: Тақырыппен  танысу барысында,

Y- білемін;

- - білмеймін;

+ - мен үшін жаңалық;

? –мені таң қалдырды;

белгілерін қоя отырып, мәтінді оқу тапсырылады. ІNSERT- оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күрделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны тануды жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыс құруға дағдыландырады.

        «Ой толғаныс» СТО технологиясының 3-кезеңі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл кезең сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды кезең болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойлану стратегиясы»т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады. Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады. 7 модульді ықпалдастыра қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру - біздің міндетіміз.

 Мен, осындай жұмыс барысында, өзімді әрі «әсем сөз» маманы, әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын психолог ретінде сезініп, оқушыларымды үйретуде халқымның ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.

Сындарлы оқыту теориясы негізінде білім алған оқушы өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни түрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшы- нысын, қызығушылығының артқанын, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауап-кершілікке үйренеді.

«Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін» қағидасын ұстанган сындарлы оқыту теориясы - бүгінгі күннің талабына толық жауап беретін бағдарлама. Көптің көңіліндегі күмәнді сұрақтарды толық серпіп, өзінің мазмұндылығын дәлелдеп келе жатқан жүйе.

Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа бағдарламасы жағдайында жеке тұлғаның құзреттілігіне бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі құзреттілігіне тікелей байланысты.

Нәтиже:

Озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі  шығармашылықты тұлға болып дамиды.

— «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамуға негізделген сабақ оқушының ой — өрісін дамытып, жан-жақты терең білім алуына жағдай жасайды,

— Әрбір технология жаңа әдіс -тәсілдермен ерекшелінеді. Осы әдіс -тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады.

— « Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірбие жинайды.

«Орташа мұғалім- айтып береді,

Жақсы мұғалім -түсіндіреді,

Үздік мұғалім- көрсетеді,

Ұлы мұғалім- қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А.Уорт айтқандай оқушының  құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибиемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келгенде М. Жұмабаев айтқандай жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

  1. Ақыл көріністері;
  2. Ішкі сезім немесе көңіл көрністерінің;
  3. Қайрат көріністерінің дамытуы – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика