Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 1 сыныпта сапалы оқытуға жеткізетін тиімді әдістер

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Тыныбекова Айнұр Еркинкызы  

Бәйтерек орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бәйтерек ауылы, СҚО

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында «Төртінші басымдық – адами капита сапасын жақсарту» деп атап өтті. Соның ішінде ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс . Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттігін атап өтті.

Trava Mista Cano Alto

 

2016 – 2017 оқу жылынан бастап Қазақсан мектептерінде 1 – сынып оқушылары түбегейлі «Жаңартылған білім беру мазмұны» бойынша оқытылуға көшті. Оқу бағдарламалары өзгертіліп, үштілділік енгізіліп, бағалау жүйесінің формативті болуы  өскелең ұрпақтың функционалды сауаттылығының дамуына ерекше ықпал етеді.  Біз болашақта оқушы қоршаған ортамен байланыстырып, ондағы туындаған жағдааяттарды шеше білуге, өз пікірі мен ұсынысын айтуға негіздеп үйретуіміз керек. Осы айтылғандарды басшылыққа ала 1 – сыныпта негізгі пәндердің берілуі және оқытудағы тиімді әдістерге тоқталғым келеді.

Пәндерді оқытуда пәндерді,бөлімдерді, тақырыптарды кіріктіру, сондай – ақ пәнаралық жүзеге асыру құралдары – ортақ тақырыптар – бағарламаның бірден бір ерекшелігі болып табылады. Өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданатын әдіс - тәсілдерім: жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болатын. Аталған әдістерді өз сабақтарымда кеңінен қолданудың барысында нәтижеге қол жеткіздім.«Сауат ашу» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс - әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты - жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. Диалог арқылы сөйлесу -  оқушының сөздік қорын молайтып, дұрыс сөйлеуге, бірін – бірі тыңдап жауап беруге зор ықпал береді. Мысалы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айту барысында,сонымен қатар «Өрмекші » әдісін қолданған кезде оқушылар өз ойларын айтуға тырысады.Сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы оқушыларды сауаттылыққа жаттықтырдым, бала сөздегі барлық дыбысты және оны дауысты, дауыссызға ажыратты.

Сауат ашу пәнінен тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары тұтас сабақ барысында іске асады. Әр сабақта қалыптастырушы бағалауға оқушы үйреніп келеді. Бастапқы кезде оқушылар бірін – бірі бағалай алмаса, жүйелі жұмыстың нәтижесінде әділ бағалап, бір – бірінің жіберген қателіктерін ашып айтып, өз ұсыныстарын білдіріп келеді. Сабақта «Жетістік баспалдағы».

«Бағдаршам», «Смайликтер», «Блоб ағашы», «Бармақпен бағалау» әдістері арқылы бағалау жұмыстары жүреді. Математика пәні 1- сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; «ондық», «жүз» сандарымен таныстыру басталады. Бұл пәнде математиаклық бағыт оқушылардан дәлдікті, нақтылықты, ғылымилықты талап ететін пән ретінде қарастырар болсақ, міндетті түрде математика, физика, химия, биология пәндері қажет. Біздің заманымыз – электроника заманы, оны қанағаттандыру үшін ғылыми-техникалық пәндерді жақсы меңгеріп, медицина, кибернетика, экономика т.б салалардан биікте болуымыз шарт. Математика пәні бойынша кеңістіктегі және жазықтықтағы фигураларды модельдеу, шамалар, монеталар мен пиктограмма, диаграмма тақырыптарын өту барысында «Ойлан,Жұптас.Бөліс», «Топтық жұмыс», «Айналмалы бекет» әдістері оқушыны тақырыпты меңгеруде өмірмен байланыстырып түсінетініне бейімдейді. Сонымен қатар сабақта электронды оқулықта берілген тапсырмаларды оқушы жете түсініп өз бетімен жұмыстануға жаттықты. Сабақ барысында планшетке маркермен жазу арқылы оқушылар тапсырмаларды қызыға орындап, бір – бірінің жұмысын таксеріп түзетулер жасауға төселді.

Дүниетану пәнінің мазмұны қоғамдық – гуманитарлық ғылымдардың кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді. Оқушы ең алдымен өзі, үйі және отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға ықпал ету бағдарламадағы басты ерекшеліктер болып белгіленген. Осыны басшылыққа ала 1 – сыныпта оқушылармен «Сұрақ - жауап», «Сұрақты ұстап ал», «Стикердегі сауал» әдістері арқылы тақырыпты түсіндіру жүмыстары өтті. Оқушылар «Өсімдік бөлігі - жапырақ» тақырыбын өту барысында табиғат аясында жапырақты қолдарымен ұстап, оның түсі мен ерекшелігін ұстап практикада саралап, өз біліктерін толықтырады. Сонымен қатар өсімдіктің тұқымдарын жинақтап, оны көлемі мен формасын ажыратуға көз жеткізіп, өсімдікті аялап өсіру, табиғатты аялау сезімдерін қалыптастыру бойынша жұмыстарын іске асырдым. Бұл сабақтағы жаңадан енген «Ұлы дала тарихы», «Көне жазбалар» оқушының тарихқа алғашқы қадам бастауға ықпал тигізеді. Жаратылыстану - жаңадан енген пән. Бұл пән бойынша оқушы табиғи білік құмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой – өрісінің кеңеюіне, қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай біліу біліктерін дамытуға көмектеседі. Бұл сабақта зерттеу жұмысына көп көңіл бөлемін. Бұл сабақта да топтық жүмыс, жұптық жұмыс, сәйкестендіру, «Ыстық орындық», «10 сұрақ» әдістерін тиімді қолданамын. 1 – сыныпта өтетін өз сабақтарымда оқушыларды сындарлы сөйлеуге, зерттеуге бағыттауда, қызығушылықтарын оятуға, сыни тұрғыдан ойлануға ынталандыру жұмыстарын өткізуді басшылыққа алдым. Соның қорытындысында оқушылар аз да болса өз ойларын ортаға салып  білім – біліктерін сабақ барысында көрсетіп жатады. Қорыта келе білім – өмірде өз қажеті мен орнын таба алатындай бала санасына дару керек.

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика