«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЕНГІЗУДЕГІ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫНЫҢ РӨЛІ

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Ильясова А.Ш.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

аға оқытушысы

 

Білім – елдің зияткерлік капиталын қалыптастырушы стратегиялық ресурс. Осыған байланысты білім Қазақстанның барлық даму стратегияларында аса маңызды басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру,

nmd r1 w blanch purple white sneakers 2016

Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептермен қатар қосымша білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтиды [2].

Елбасының қазіргі кезде басты назар аударған бір мәселесі – бүгінгі мақтанышымыз, ертеңгі келер ұрпағымыздың тәрбиесі. Өйткені, бала – өмірдің сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –педагогтердің міндеті. Ал, қазіргі кезде ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын, санасы сергек барша қауымды толғандыруда. Себебі ұлы бабамыз әл-Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма»,- деген екен. Ал ғұлама ғалым А.Байтұрсынов: «Біз әрқашанда білімге ұмтыламыз. Негізінде, ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек, тәрбиелі білім беруде, тәлімді рух қажет.

Тәрбие беруде ата –анамен қатар ұстаздың алар орны ерекше екенін бәріміз білеміз. Ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтардың, рухани мәдени мұралардың сабактастығын сақтай отырып, ұлттық құңдылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеуге жан-жакты даярлау қажет. Бұл орайда оқушыларға ұлттык сана-сезімін қалыптастыру, туған халқына кұрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, тәлім мен тағылым, білім мен біліктерін шыңдау - басты міндет. Осы міндетті дұрыс түсініп, адамзатқа жеткізуде мұғалімнің алар орны ерекше.

Мұғалім рухын бірде бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да деп Адольф Дистервег тұжырым жасағандай: Бір жан бар, адамдықтың шыңына жеткен, ол – ұстаз. Бір мамандық бар, жүз маманның жасағанына жете алмайтын, ол – ұстаздық.

Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт – балалардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге ат салысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.

Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Мұғалім – бұл ақылдың шектеулігін жоятын, сонысымен жер бетіндегі тыныштыққа ықпал ететін және өзіңді-өзің ұстай білуге үйрететін адам. Егер оқушы өзін жаман ұстаса, онда бір адамның мінезі жапа шегеді, ал егер оқытушы өзін дұрыс ұстамаса, көптеген оқушының мінезіне зиян келеді. Егер мұғалім өз ісіне берілген және таза болса, онда оның мыңдаған оқушысы жақсара түседі, және де еліміз мінезі жетілген білімді ұл-қыздарға ие болады. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты тәрбиелікті, білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті, риясыз сүйе білетін ол -ұстаздық мамандықты игерген адам. Олай дейтіні, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жиналықталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатыныста болып,білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мамандық.Әр оқушының осындай талабын қанағаттандыру мақсатында ұстазға үзбей ізденіс, шаршамай шабытпен жаңа әдістерді меңгеріп қана қоймай,оны әр баланың психологиясына,қабілеттеріне сәйкес өзгеріп,нәтижесінде,қоғамға пайдалы тұлға ретінде қалыптасқан ұрпақ өсіріп шығару міндеті жүктеледі. Әр адамның жүрегінде ерекше орын алған, жылы ілтипатымен, даралығымен, қарапайымдылығымен шәкірт жүрегін жақсылыққа бағыттай алған ұстаздар бар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын,ол – ұстаз Аристотель», десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Осы міндеттің мағынасын терең талдай білген әрбір ұстаз, «өзің үйреткеніңді өзің ұстан» деген мұғалімге арналған ережені ешуақытта естен шығармағаны жөн. ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңестігіне шығуына,яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Мұғалім мамандығы - шабытты еңбек. Шеберлік шыңы – баланы танымның қызықты үдерісіне ендіру, ізденіске, жаңалыққа ұмтылдыру. Ол үшін “су ағатын құбырда флейтада ноктюрн” ойнай алу маңызды. Мұғалімнің рөлі оқушының ішкі әлеуетін, оның рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі жоғары адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады [7, 2 том].

Мұғалім өз міндетін орындау үшін қандай кәсіби қасиеттерді иеленуі тиіс? Жеке қызығушылықтары мен қалауларына шектеу қоя отырып,тәуелсіз шындыққа сүйену – нағыз адалдық, өмірді ақиқатынан танып әр қадамы дұрыс – әрекетке негізделіп,өзінің де өзгенің де жанына тыныштық сыйлап, жаратылыстың ешбіріне қиянат жасамай, риясыз сүйіп, өзінің ішкі болмысында рухани – адамгершілік құндылықтарын жетілдіру. Егер мұғалім өз ісін ғана сүйсе, ол жақсы мұғалім. Егер мұғалім ата-анасы сияқты оқушыны сүйсе, онда ол бүкіл кітапттарды оқып шыққан мұғалімнен де артық болады, бірақ өз ісіне де, оқушыға да сүйіспеншілік танытпайды. Егер мұғалім өз ісі мен оқушыға сүйіспеншілігін біріктірсе, онда ол кемел мұғалім.Мұғалімге басты екі қасиет қажет: қарапайымдылық, өз кемшіліктерін ұғыну үшін, және де кемелденуге тілек. Осы қасиетін толықтырып отырған мұғалім ұрпағы, болашағы үшін алаңдамауға болады. XXI ғасыр – білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған,зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

«Ұрпақ тағдыры-ұлт тағдыры». Ұлттың болашағы-білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Ал сол тәрбиені бала бойына нәр беріп сусындату мұғалім мен отбасының тәрбиесі болары сөзсіз. Рухы күшті ұлт озады демекші, осы тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани-адамгершілік, танымдылық білім беру бағдарламасының орны ерекше. Адамның бойына жақсы рухани-адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Әр жеке тұлға өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге міндетті.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым–қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін қосымша білім беру бағытында жұмыс істейтін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Ал оқушыларымыз Омар Хайям айтқандай: Сен жанбасаң лапылдап, Мен жанбасам лапылдап, Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, - оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болулары керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз «Мәңгілік ел» боламыз.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Сондықтан XXI ғасырдың педагогі болашақ жастарды ұлттық негізде тәлім-тәрбие беріп, ұлтқа, Отанға, оның мүддесіне қызмет ететін етіп қалыптастыру. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін шетелдік екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерін қазақстанның мүддесін біріктіріп ойлауға шақыруымыз керек. Солай екен, қазақ балалары және қазақстандық жастар өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленуі Ел-Ұлтжанды болып өсуі қажет. Олар осы мәселенің көшбасшысы болуы тиіс.

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика