МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Рейтинг:   / 0
ПлохоОтлично 

Ильясова Акбота Амангельдиновна

«Арай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

қазақ тілі пәні мұғалімі

Қазіргі кезде мектеп оқушыларының тіл байлығы өте тапшы. Өз ойын дәл жеткізіп бере алмайды, жазбаша сауаты нашар, тіл тазалығы мен тіл мәдениетіне қатынасы талапқа сай емес. Сондықтан “баланы бастан” деп халқымыз айтқандай,

 

Осы орайда, Елбасы еліміздің білім саласының жаңаша жағдайында әр педагогтің жаңа перспективалық міндеттерін «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Білім беру ісінің 4К моделі: креативтілік, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командамен жұмыс істей білуге басты назар аудару қажет деген [1].

Бала дұрыс сөйлеп, сауатты жазу үшін, ең алдымен, қазақ тілінің заңдылықтарын үйреніп, айтылмақ ойды ауызша да жазбаша түрде дәл әрі айқын етіп жеткізе білу талабы қойылады. Жаңа қоғам ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді.

Біздің ең басты мақсатымыз «Білім беру» саласы бойынша тіл дамыту арқылы дара қатынасқа қабілетті мектеп жасына дейінгі тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Мен өз тәжірибемде тіл дамыту жұмысының негізін мынандай мақсатқа бөліп қарастырдым:

1)   Балалардың бақылағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйретем.

2)   Бала бойында қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс айтып бере алатындай дағдылар қалыптастырам.

3)   Балаларды ана тілін сүюге,оның алтын қорын,тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге,оны сезініп құрметтей білуге баулу.

4)   Балалардың ауызша және жазбаша тілін дамытуға септігі тиетін жұмыстардың оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып тәжірибемде қолданам.

Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлесуге үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу тілін дамытуға, сөйлем құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына аса көңіл бөлген жөн. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез-құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлқығының дамуына тіл маңызды рөл атқарады. Тілдің, сөйлеудің немесе сөздің әсерінен баланың қабылдау сипаттамасы өзгереді. Сөздердің ауызша көрсетілуі мен мән-мағынасын түсіне бастайды, демек, сөйлеу арқылы қабылдаудың сенсорлық типі мән-мағыналық, заттық типке ауысады.

Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс. Бұл бағыттағы жүмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер мен тіл мамандары тиісті әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілдік даму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыруы қажет.

Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.

Сөздің дыбыстық құрамын тексеруде: мектепке дейінгі балалардың дыбыс қолдануда жиі ұшырасатын кемшіліктер – сөз ішінде дыбысты дұрыс айтпау, сөз ішінде дыбыс қалдыру, не дыбыс алмастыру. Мұны анықтау үшін баланың өлең, тақпағын, таныс ертегіні қайталап айтып беруін өтіне отырып, көпшілік балалардың айтуға қиналатын р, л, с, ш, ж, з, б, п, ф дыбыстардың айтылуына мән берген дүрыс. Сонымен бірге баланың сөйлеу қарқыны, екпіні, мәнері де тәрбиеші назарынан тыс қалмауға тиіс.

Грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін тексеру күнделікті өмірде үлкендермен қарым-қатынас барысында жүзеге асады. Баланың бір ойды әртүрлі сөздермен жеткізе алу қабілетіне назар аудару. Мысалы: «Сыртта жел соғып тұр», «Далада жел болып тұр».

Байланыстырып сөйлеу қабілетін тексеру – ақыл-ой және эмоционалдық даму деңгейін байқатады. Оны мына тәсілмен жүргізеді:

ü әңгімелеу (баланың өзі білетін ертегі немесе әңгіме мазмұнын айтып беруін сұрау);

ü өз бетінше әңгімелеуі;

ü жетекші сұрақтарсыз әңгімелей алады;

ü ересек адамның көмегін қажет етуі;

ü мәтін мазмұнын толық жеткізуі;

ü оқиғаны баяндауда бірізділікті сақтайды;

ü кейбір бөліктерінің орнын ауыстырып алады;

ü мәнерлеу құралдарын пайдалану іскерлігі;

ü мәнерлеу құралдарын жиі дұрыс пайдалана алады;

ü мәнерлеу құралдарын сирек қолданады,

ü мәтінді ешқандай мәнерсіз жеткізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үнемі коммуникативтік-тілдік бағытқа негізделіп, оқу іс-эрекеттері қарым-қатынас және мақсатты тапсырмалармен ұйымдастырылуы керек. Осы бағытта түрлі мониторингтер жүргізуге болады.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

Мектепке дейінгі ұйымдардағы сөйлеу жұмысының мақсаты – балалардың сөйлеу мәдениетін меңгеруіне ықпал ету.

Сөйлеу мәдениеті екі деңгейді қамтиды: 1) деңгей – дұрыс сөйлеу;

2) жоғарырақ деңгей – сөйлеу мәдениетінің барлық белгілері тән жақсы сөйлеу (дұрыс, дәлдік, қисындық, мәнерлілік және т.б.). Мектеп жасына дейінгі балалармен сөйлеу жұмысының мақсаты – балалар сөйлеу тілін қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.

Балалардың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін жетілдіру жұмыстары мынадай бағыттарда жүргізеді:

-мұғалім немесе тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында баламен қарым- қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт;

-бала тілін дамыту үшін ең тиімді әдісті пайдаланса;

-өтілетін мәтін, тапсырмалар, илюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;

-тіл дамытуда көркем шығармалар, мақал-мәтелдер, санамақтар, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, ертегілер, өлең, тақпақтар, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынса;

-сөздік жұмыстарын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдану;

-жеңіл сөйлемдер құрату және ауызекі сөзде қолдана білу;

-билингвальды компоненттерді қолдану;

-тілдік жаттығулар жүргізу;

іл дамытуда ойын технологиясын қолдану;

та-аналармен қарым-қатынас барысында тіл мәдениетін сақтау.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин да балаларды оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болсада еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», – деген.

Мектепке дейінгі жаста барлық үш ойлау дамиды және қызметін атқарады: көрнекі-әрекеттік, бейнелік және сөздік-логикалық. Олардың әр қайсысы өзіндік қарым-қатынас пен байланысты орнатуға, заттардың сипатын жалпылауға көмектеседі.

Тіл және ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындардың маңызы зор, мәселен оқу үдерісі барысында: «Ұқсастығын тап», «Сурет құрастыр», «Қатармен қой, ата»., т.б. қолданамыз Мектепке дейінгі жас - тілдің қарқынды даму кезеңі. Әнгімелесу функциясымен қатар тіл ойлау тәсілінің функциясын атқарады.

Мектепке дейінгі балаға үлкен адамның сөйлесуі корекциялауға мүмкіндік береді және барлық танымдық процестерін дамытады: назарын аударуға, қабылдауын және есте сақтауды айқындауға,талқылауды құруға және шынвалықтан қиялын бөлуге. Сондықтан да ерте жастан тілді дамытуда қарым-қатынас, сыртқы орта маңызды

 

Балалардың тілін дамыту құралдары

Қарым-қатынас

Сөйлеу ортасы

Көркем әдебиет

Қоршаған орта

Оқыту

Балалардың қабілеттер

 

Сөйлеуді дамыту бойынша сабақтарға қойылатын талаптар:

 Оқыту, дамыту және тәрбиелік міндеттердің өзара байланысы;

 Сабақтың эмоционалды тұрғыда әсер етеуі

 Балалардың жас ерекшеліктері мазмұнының қол жетімділігі;

 Сабақ мазмұнының лингвистикалық сауаттылығы;

 Балалардың сөйлеу әрекетінің белсенді сипаты;

 Оқытудың ұжымдық сипатын жеке көзқараспен ұштастыру;

 Балалардың басқа қызмет түрлерімен айналысу байланысы;

 Сабақты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық және эстетикалық

талаптарды сақтау.

 

Сондықтан да, күнделікті тәрбиеде ауыз әдебиеті үлгілеріне мықтап жүгінуі керек. Жалпы, бала тілінің дамуы бесікте жатқан кезі «бесік жырынан» басталады. Ол жырларда ананың баласына деген ақ тілегі, алдан күткен үміті мен сенімі анық білінеді. ¥лы Абай: «Туғанда дүние есігін ашады – өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», – деген сөз осының айғағы.

Қорыта келгенде, баланың коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін дамыту үшін түрткі болатын екі күш қажет. Осы күштердің бірі болып ең алдымен ата-ана табылады, өз баласының ерекшелігін көріп, оны дұрыс бағалай жэне бағыттай біліп, біліммен, тәртіппен, еңбекпен ұштастырып отырса, бала тілінің дамуына қажетті жағдай жасаса, бұдан балаға, оның болашағына үлкен пайда болары сөзсіз.

 

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика