«Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Рейтинг:   / 1
ПлохоОтлично 

Сералина Гульден Ерболатовна

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

«Балауса» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, тәрбиеші

«Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы,

сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның

сахнаны сүймеуі мүмкін емес» Ш. Айманов


Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу.

Ανδρικά Nike

 

Театрлық іс - әрекетте ертегілерді пайдалана отырып, баланың ой - өрісін дамыту, сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан – жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан - жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.

Театрландырылған ойындар – ойын қойылымдары болып саналады. Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан – жақты дамыту. Оның бойында өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Диалог арқылы балалар өз пікірін жеткізе білуге үйренеді. Театрландырылған ойындар балалардың ой - өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, қойылым туралы ата - аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Ал, театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды. Театрландырылған ойын барысында, рөлді сомдаған кезде баланың ой-өрісі, қиялы дамиды.

Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көріністеріне таң қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Олар:

Қуыршақ театры.

Саусақ театры.

Көлеңке театры.

Үстел үстіндегі театры және т.б.

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ театры өзі ішінен тағы бірнеше түрге бөлінеді. Олар: қолға киіп ойнайтын, жіп немесе сым арқылы қозғалтатын, суретке түсірген қуыршақтар т.б. Мектепке дейінгі тобындағы балалар қуыршақ тетарын өздері өткізіп көрсетуге де болады. Қуыршақтар театры арқылы балалар ертегінің мән мағынасын түсініп, тілдерін жаттықтырады және ой-өрістерін дамытады. Қуыршақ театрын балалар қызықтап тамашалайды. Балаларға жиі-жиі өткізген дұрыс деп ойлаймын.

Саусақ театрында – саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.

Көлеңке театры – жарық түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысымен болатын театр. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрының сахнасы-экран. Экранды ағаштан немесе қалың картоннан жасайды. Ою-өрнекпен де сәндеуге болады. Кейіпкерлерді көрсету үшін оларды экранның арт жағынан ұстап, көрсетеді. Кейіпкерлерді көрсету үшін жіппен немесе таяқшамен ұстап қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткен кезде қол көрінбейуі керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой өрісерін дамытады.

Үстел үстіндегі театры – сәбилер тобынан бастап үстел үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды).

Театрландыру баланың танымдық белсенділігін көтереді. Театр – балабақшада баланы мәдениетке, әдемілікті көруге, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге, адалдыққа, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Театрдың беретін тәрбиесі өте көп. Театр алды қойылымдар баланың қоршаған орта әлемінің барлық құпияларымен образ арқылы, бояулар арқылы, үн, әуен, дыбыстар арқылы танысады. Қойылған сұрақтарға жауап іздейді. Ойланады, қорытынды жасап, талдай біледі. Ақыл – ойының дамуы мен тілдің дамуы тығыз байланыста болады. Кейіпкердің әр сөзі баланың сөздік қорының белсенділігін арттырады. Дыбыстың дұрыс айтылу мәдениетін қалыптастырады. Кейіпкер рөлі, оның сахнадағы дауыс ырғағы баланың сөйлеу түрінің дамуына әсер етеді. Жас бала тез еліктегіш, үлгі тұтатын заттың бейнелі жағына көңіл аударғыш келеді. Кейіпкерлер күлсе, бірге күледі, қайғырса, бірге қайғырады, қызықты кезеңдерді ескертеді, сәтсіз кезеңіне жылайды, көмекке келуге әрқашанда дайын тұрады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сапалы түрде сәлемдесуге баулу, достықа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Тетр арқылы өткізілетін сабақтар көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай орындауды үйретеді. Балалар қызығушылықпен және ынтамен атқарады. Театр ойыны бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Театрландырылған ойындар арқылы біз балаларды тәрбиелейміз. Тәрбиелеудің құндылығы да, бір жағынан, әр түрлі театрландырылған әрекеттер арқылы жүзеге асады.

Театрландыру ойындары баланың шаршағанын басып, бар мүмкіндігінше сергітеді, қарым – қатынасын, психикасының түрлі жақтарын түзетеді.

Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театр бұрыштары жасалады. Бибабо, саусақтар, үстел және саусақты қолқап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.

Театрландырылған ойындарда балалар сөз ырғағын, мимимкасын, жүрісін, дауысын өзгертіп ойнайды. Мұндай ойындар балабақшада сабақтан тыс уақытттарда өтіліп отырады. Олардың түрлері: қуыршақ театры, көлеңке театры, саусақ театры, қолға кийп ойнайтын театр. Балалар осы әдеби шығармалар мен ертегілердің кейіпкерлерін сахнада ойнап қана қоймай, сол кейіпкерлердің бейнесіне кіріп, шын беріліп, жақсы жағы мен жаман жағын біліп, айыра ойнайды. Мысалы: түлкі әр уақытта қу, аю аңқау, қасқыр сенгіш, қоян қорқақ, Алдар көсе алдағыш, құмырсқа еңбекқор, осындай мінез - құлықтарды бейнелеу арқылы балалардың мінез – құлқы, өмірге көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз балаларға ертегілерді сахнаға қоймас бұрын екі – үш рет оқып, қиын сөздерді жеңіл сөздермен алмастырып, әр кейіпкердің дауысын ырғағымен нақышына келтіре отырып,таныстырамыз. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым рөлдер, ал мінезі салмақты байыпты балаларға жағымсыз рөлдер тапсырылады. Үлкендердің қатысуымен біз әр түрлі ертегілерді балаларға сахналап қойып ойнаймыз. Мысалы: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Құлақ» ертегілері. Күнділікті өмірде, күннің екінші жартсында, балалармен көлеңке театр мен қуыршақ, саусақ театрлау арқылы ойын көрсетеміз. Әр түрлі көрнекі құралдар пайдаланып, дауыс ырғағын келтіре отырып, әңгімелер отырыс бала есінде тез сақталып, қайталап, әңгімелеп беруге де оңай болады деген ойдамын. Өз іс – тәжірибемде, оқыту іс - әрекеті үстінде әр түрлі көрнекті – құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, ойткені олар арқылы түсіндіріп аламын, кейін театр сахналауындағы кейіпкерлеріне қысқаша мінездеме бергіземін.

Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуде театрландырылған ойындардың құндылығы мынада: кез келген тәрбие жұмысын театрландырылған ойындар арқылы жүзеге асырамын. Театр көріністері баланың жан дүниесін тербеп, айналадағы қоршаған дүние әлемімен жақындастырады. Театр көрініс сабақтарында ертегі арқылы жүргізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше. Театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал етеді.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 2016 жыл.

2. Жұмабекова Г. Баланың шығармашылығын ойын арқылы дамыту//Отбасы және балабақша, 2003 жыл.

3. «Бала мен балабақша» журналы, 2002 жыл.

 

 

 

                       

2021 © Филиал АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» по СКО»

 
Яндекс.Метрика