Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту жолы

Рейтинг:   / 0
КеріӨте жақсы 

 

Таймуллина Бақытгүл Қайроллақызы
Петропавл қаласы
«БЭСТ гимназиясы»КММ
қазақ тіл мен әдебиет пәні мұғалімі

Аннотация

В статье рассмотрены виды работ и учебные приемы развития критического мышления учеников на уроках казахского языка и литературы. Автор поясняет, что грамотное применение стратегии и методов критического мышления через чтение и письмо способствуют не только повышению мотивации обучаемых, но также служат учителю своеобразным инструментом, позволяющим варьировать методы обучения в зависимости от индивидуальных особенностей учеников, а также развитие творческого мышления.

Аnnotation

In the article considers the types of work and teaching methods for the development of critical thinking of students in the lessons of the Kazakh language and literature. The author explains that the competent application of the strategy and methods of critical thinking through reading and writing not only helps to increase the motivation of students, but also serves as a kind of tool for the teacher to vary teaching methods depending on the individual characteristics of students, as well as the development of creative thinking..

Air Jordan 1 Retro High OG "First Class Flight" White/Dynamic Yellow-Black

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілген. Демек, Тұңғыш президентіміздің үмітін ақтау әрбір ұстаздың парызы деп білемін.
Сондықтан өзімнің кәсіби іс-тәжірибемде жаңа педагогикалық технологияның мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға және білімнің басты мазмұны адамгершілікке баулуға жұмыс жасаймын.
Білімді көтерудегі жүйелі және кешенді әрекет оқу-тәрбие үрдісімен тығыз байланысты және мұғалім өз тәжірибесінде қазіргі заманға сай әдістемені, дамыта оқудың түрі мен формасын толық меңгергені абзал. Өз тәжірибемде тіл мен әдебиет пәнін шын мәнінде танымдық, тәрбиелік құрал ретінде жүргізуді мақсат етіп қойдым. Мысалы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын әдебиет сабақтарында қолдану өте тиімді. Сондықтан менің таңдап алған жеке мәселем: «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» болып табылады.
“Сыни ойлауды дамыту” жобасы авторының бірі Ч.Темпл күтілетін нәтижелерді нақты айқындап, жазба жұмыстарын жиі орындатып, ой-өрісін дамытатын сұрақтар қойып, пәнді әлеммен, күнделікті өмірмен байланыстыру керектігін айтып өткен. Сондықтан мен өз сабақтарымда «Өрмекші», «Балық сүйегі», «Кластер» әдістерін жиі қолданамын.
«Өрмекші» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жеңіл және күрделі сұрақтар қойып,оған жауап беруге үйренеді.Бұл әдіс арқылы оқушылардың тілдік қоры,ойлау қабілеттері дамиды.
«Кластер» немесе «Топтастыру», «Жинақтау» әдісі оқушылардың ойын жинақтауға, топтастыруға, ассосациялауға тиімді. Бұл әдіс сабақтың әр кезеңінде де қолайлы. Топта, жұпта, ортақ пікірлерін плакатқа маркермен жазып, тақтаға іліп қойып түсіндіреді немесе қысқаша ойларын сынып алдында айтады.
«Фишбон» әдісі проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады. Оқыту процесінде бұл әдіс оқушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді.Сабақтың тақырыбына байланысты балықтың басына проблемалық тақырып жазылады, олар балықтың астыңғы сүйектеріне проблемаларды тізіп жазады.Жоғарғы бөлігіне шығу жолдарын жазып кетеді.Бұдан шығатын нәтиже сабақта оқушылардың қызығушылығын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттырады, ауыз екі сөйлеу тілін дамытады.
Қазіргі таңда білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту болып табылады. Сондықтан оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.
Мысалы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясын орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану өте тиімді. Әсіресе, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша Блум таксономиясы арқылы біртіндеп сұрақтардың күрделілік деңгейін арттырып беру, сөйтіп барып негізгі мақсат етілген нәтижеге алып келу арқылы, біріншіден, оқушының қандай да болмасын қиын проблеманы шешуге өздігінен келуі табиғи түрде жүзеге асатындығына көз жеткіздім. Соның нәтижесінде оқушының өз жұмысының нәтижесін көзімен көруге, қуаныш пен қанағаттану сезімінің пайда болатындығын байқадым. Мұның өзі оқушыларымның менің пәніме, менің сабақтарыма деген қызығушылықтарының артуына септігін тигізді деп ойлаймын. Тіл мен әдебиет сабақтарында өздігінен зерттеу әдісіне негізделген тапсырмалар, яғни белгілі бір тақырыптар бойынша сирек кездесетін және мағынасы түсініксіз сөздер және бүгінгі күні қолданыстан шығып қалған мақал-мәтелдер мен көнерген сөздерге зерттеу жасатамын. Нәтижесінде мақал–мәтелдердің мағынасын ашып, соның негізінде тақырыпқа байланысты эссе жазуға үйренді. Көнерген сөздердің сөздігін жасады. Сабақта пікірталасқа, ойталқыға, сөз жарысына, сөзталасына үйретемін. Жазушы немесе ақындар рухымен тілдесу мақсатында бірінші жақта хат жаздырып, оқушы сезімін оятуға, тәрбиелеуге тырысамын. Нәтижесінде оқушым қалалық Мағжан оуларына қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ол «Мағжан өлеңдеріндегі теңеулер» тақырыбына ғылыми жоба жазып,қорғады.
Біз, яғни мұғалімдер үшін, оқушының дамуы, өсуі үнемі көз алдыңда өтеді. Қазіргі уақытта менің оқушыларым көркем шығарманы оқуға және талдауға әбден төселген. Өздерінің ой-пікірлерін іркілмей ашық айта алады және ұсыныстарын да білдіреді.
Ұстаз қай уақытта болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек! Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.
«Шәркіртсіз ұстаз – тұл», - демекші алдағы уақытты жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012ж;
3. Әдістемелік нұсқау хат, 2018-2019 оқу жылы
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Алматы. 2008ж..
5. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 19-25 сәуір, 2013ж .

                       

2016-2017 © «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

 
Яндекс.Метрика