Жеке тұлғаның қабілетін дамыту мұғалімнің тағылымы

Рейтинг:   / 0
КеріӨте жақсы 

Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«БЭСТ» гимназиясы
қазақ тілі пәні мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Нұрмағамбетова Қымбат
Жамбырбайқызы


Аннотация
В данной статье рассмотрены пути развитие творческого мышление личности через применение интерактивных методов на уроках казахского языка. Автор в своей статье поясняет для развитие коммуникативных навыков детей необходимо на уроках применять разные подходы, групповые работы в зависимости от индивидуальных особенностей учеников.

Annotation
This article discusses ways to develop creative thinking of a person through the use of interactive methods in the lessons of the Kazakh language. The author in his article explains for the development of children's communication skills it is necessary to use different approaches in the lessons, group work depending on the individual characteristics of the students.

Adidas Yeezy shoes

 

Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын.
Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде, ұлағатты саналады.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда жаңа инновациялық және интерактивтік әдістемелер сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту мәселесі ҚР Білім туралы Заңында қарастырылған. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде оқушыларымен жұмыс жасау.
Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында.
«Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін.
Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы мақсаттарының бірі: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру. Осы мақсатты негізге ала отырып, мынадай мәселемен жұмыс жасаймын:«Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту».
Өзектілігі: Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл білім алудың көзі болып саналады. Оқушы тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар, мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Жеке тұлғаның қабілетін дамытудағы мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.
Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі.Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана мәселе емес екендігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады.
Сөйлеу әрекеті-тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол-адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету- тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау.
Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың заманауи технологияларын енгізе отырып өткіземін. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді.
Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастауды дәстүрге айналдырдым. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуіне себеп болады. Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады. Мысалы, «Бағдаршам» әдісі
Ұйымдастыру: ұжыммен жұмыс.
Мақсаты: оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту
Сипаттамасы: Әрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сәйкес карточкалар таратылады. Мұғалім олардан сабақты түсінген-түсінбегеніне сәйкес карточкаларды көтеруін сұрайды. Жасыл карточка көтерген оқушылар барлығын түсінген боп есептеледі. «Не түсіндің?» сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл карточка көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі. Себебі бұл жүйе арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әлі де жетілдіру керектігін білуге болады. Өйткені бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды.
Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуативті әдіс болуы керек себебі: ситуативтілік сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Сөйлеуге үйрету үшін қажетті ситуацияларды мынадай қадамдар арқылы беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» «ым-ишара» деген сияқты т.б. тапсырмалар арқылы ситуациялар құру;
ә) белгілі бір ситуацияны жасайтын сурет немесе ситуацияны дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Әр сабағымды тартымды да, қызықты етіп өткізуге тырысамын. Сабақ тақырыбының мазмұнына сай дидактикалық үлестірмелі жаттығуларды беремін. Мысалы, жұппен жұмыста өз көршіңмен бірлесіп диалог құру және оны сахналау. Бұл оқушылардың бір-бірімен қатынасын жақсартып, сахналауда тапқырлық пен ептіліктерін дамытады.

Ал топтық жұмыста оқушыларға сурет бойынша ертегі құрастыру тапсырылғанда, олардың тек сөйлеу тілі ғана емес ойлау, қиялдау қабілеттері де дамиды. Топпен жұмыста тақырыпты меңгеру, бір-бірін тыңдау, ой бөлісу, қабылдау, қорытынды шығару қабілеттерін дамыту, достық, бірлік қасиеттерге баулу т.с.с сабақтың үш негізгі мақсаты орындалады. Шығармашылық тапсырмада оларға эссе жазу немесе постер құру сияқты тапсырмалар беріледі, яғни бұл жерде олардың ойын жүйелеу, талдау және оны көркем сөйлеу арқылы жеткізу қабілеттері дамиды.

Сабақ барысында түрлі сөздік ойын жаттығулар, оқушыларды өздігінен сөйлеуге мәжбүр етерлік арнайы ұйымдастырылған ситуациялар (жағдаяттар) грамматикалық жаттығулар, шағын мәтіндер, әңгімелеу, сахналандыру, әңгіме құрастыру, жұмбақ жасыру, мақал-мәтелдерді пайдаланып оқыту жұмыстарын жүргіземін.
Ойын барысында оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіру жұмыстары өрбуде. Менің пайымдауымша ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегінен жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді , әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру – оның рухани әлемін байыту,жеке дарындылығын дамыту.
Қорыта келгенде, мақала көлемінде қазақ тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс-тәсілдер мен іс-әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні сөзсіз.

Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319 Бiлiм туралы Заңы.
2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2016 жыл.
3. Егемен Қазақстан, - 2012 жыл, 29 қыркүйек.
4. Шымырбаева Ж.К., Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды», АОО НИШ ЦПМ. – Астана, 2015 г.


СҚО Петропавл қаласы «БЭСТ гимназиясы »КММ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нұрмағамбетова Қымбат Жамбырбайқызы «Жеке тұлғаның қабілетін дамыту мұғалімнің тағылымы»
атты мақаласына
ПІКІР

Мақаланың мазмұны атауына сәйкес келіп тұр. Осы мақалада білім беру саласындағы әлемдік кеңістігіне ұмтылуға байланысты елімізде болып жатқан өзгерістер шәкірттеріміздің дербестігін,ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін жаңа заманымыздың жағдайына сай пайдалана білуіне жетелейтіні туралы жазады.
Мақала авторы жеке тұлғаның қабілетін қалай дамыту керек жолдарын қарастырған. Мақала кіріспесіне тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы жастарда екені, яғни мұғалім қалай білім, тәрбие берсе, Қазақстанның болашағы сол деңгейде болатыны жөнінде айтқан. Бұл жерде мұғалімга ауыр міндет жүктеліп отырғаны жөнінде ескерген.
Автор мақаласының ішінде ұстаздық жолының өте жауапты екені туралы еске сала кеткен екен. Осыған орай, дәлел ретінде кемеңгер жазушымыз М.Әуезов данамыздың асыл сөздерінен де мысалдар келтіре білген.
Әрине, қандай болмасын білім беру үрдісі әрбір мектептің бастауыш буынынан басталатыны сөзсіз. Автор бастауыш сыныптарының оқушыларында шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмаларды жүйелі түрде қалай берілуі керек екенін де түсіндіре кеткен екен.Бастауыш сыныптарда дамыған шығармашылық дағды қабілеттері орта, жоғары буындарға жалғасуға тиіс деп пікір білдіреді.
Автордың түсінігі бойынша, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеу нәтижелері білім беру үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы өздінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасын оятады депті . Мақаланың тақырыбы ашылған.
Жаңа ғасырдың – жаңа талабы бар демекші жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі де қазіргі өмірдің талабына сай болуы керектігін автор шеберлікпен көрсете білді.
Ұсынылған мақаланы жариялауға болады деген пікірдемін.

Пікірсарапшы: «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» аға оқытушысы Г.Әлжанова

                       

2016-2017 © «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

 
Яндекс.Метрика