Жеке тұлғаның сөйлеу тілінің дағдысын дамыту

Рейтинг:   / 0
КеріӨте жақсы 

СҚО, Петропавл қаласы

«С.Шаймерденов атындағы қалалық

классикалық гимназия» КММ

Дефектолог-логопед : Мурзахметова

Казиза Мухомеджановна

Аннотация

В этой статье рассматриваются способы эффективной работы, которые помогают логопедам в достижении профессиональных цел и задач. На основании научных исследований совершенствует имеющиеся методы и разрабатывает новые.

Annotation

The article is devoted to the development of research skills of the individual. The author describes the methods of research work at the lessons, in particular at the lessons of the Kazakh language. In this article for the development of research skills in students, the author offered examples of the organization of creative activity at various stages of the lesson.

Girls Nike Air Force 1 Shadow White Sail Stone Atomic Pink CZ8107-100 – Buy Best Price Adidas&Nike Sport Sneakers

 

ХХІ ғасыр ұрпағына білім мен тәрбие берудегі басты нысан – құзыретті оқушы қалыпсатыру. Осы орайда мектеп жасындағы оқушыны Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет!

Логопедияның зерттеу объектесі - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.

Қазіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады. Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен оның бұзылуын түзету барысының негізгі бағыты болып есептеледі.

Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздін тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам адамды өзара қатыстыру, байланастыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады.

Сөйлеу – ойлай білумен тығыз байланысты болғандықтан, ең бірінші баланың дамуын білдіретін құбылыс. Бұл құбылыстың себептері әртүрлі және көптеген. Өкінішке орай, сөйлеу мүкісі бар, оның ішінде, дыбыстауда қателік жіберетін балалар саны жылдан-жылға азаю орнына көбейе түсуде. Психологтар мұның себебі балалардың ата-анасымен қарым-қатынастарының (сөйлеу) болмауы мүмкін деп санайды.

Өкінішке орай, сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар көбінесе мектеп алдында ғана, ең жақсы жағдайда, бес жылдан кейін логопедке барады және баланың сөйлеуін дамыту үшін ең маңызды болып табылатын үш жас жоғалған болып саналады. Логопедтің түзету жұмысы әлеуметтік пен педагогикалық маңызымен, нығайтуымен жүргізіледі. Баланың денсаулығын нығайту технологиялары маған әрбір сөйлеу кезінде түзетуге көмектеседі. Сондықтан артикуляцияларын дамытуға арналған жаттығуларда, жалпы және ұсақ моторикасында, есту, көру, ойлау қабілеттерін дамытуда фонетикалық логотренингті «Ойлаймыз, қимылдаймыз, дамимыз» деген жүйені қолданамын. Осы жүйені тәжірибемде жетілдіру мақсатым – баланың өмірде өз қабылдау деңгейін арттыруға және еркін өз пікірін жетікузе бейімдеу. Аталған жүйе көзге арналған жаттығуларды, релаксацияны қолданамын. Осы әдістердің басты сипаты-баланың қимыл – қозғалыстарын дамыту. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру үшін логопед ең көп дидактикалық ойындарды қарастыруы керек.

Жаттығуларды логопед баламен бірге айна алдында орындайды. Бала бұл үшін дұрыс артикуляцияны жасай білуі, өзінің артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпын,қозғалысын көзбен бақылаусыз-ақ сезіне білуі тиіс,мұның өзі жаттығу жолымен қол жеткізілетін тиісті дағдыны қажет етеді. Бала егер бір қимылды тиісті жасай алмаса, шпательді немесе зондты пайдаланып, механикалық көмекті қолдануға болады. Ағаш шпателмен немесе зондпен тілді жоғарғы тістердің артына көтеру. Дәл осы кезде, бала тілдің қай жерде екенін нақты сезіне бермейді. Балалардың тілдік дағдыларын дамыту аясында шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру мақсатында сөздік жұмыс мазмұнын өлең жолдарымен толықтыруды тәжірибемде дәстүрлі түрде жалғастырып келемін. Ал өлең жолдары балалардың танымына, қабылдауына жеңіл болғандықтан сөздік қорын бағыттауға көмектеседі. Оның дәлелі әр сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар бере отыра дағдыларын дамыту.Оқушыларға сюжеттік суретер бойынша әңгіме құрастырту,одан әрі өрбөун ойлап табу және өз әңгімесін сауатты бітіруге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу тілі – бұл сөйлеу әрекетінің ең күрделі түріне жатады. Байланыстырып сөйлеу тілі өзіне тән белгілерімен, сонымен қатар жүйелілігімен, бірізділікпен, баяндау ерекшеліктерімен сипатталады, яғни логикалық бірізді айтылған сөздерді игеріп, оның компоненттерін, яғни сөйлемді,сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлеу.

Арнайы сыныптардың толымдылығын анықтауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін басшылыққа алу ұсынылады.

Адам баласы өмір бойы сөйлеу тілін жетілдіреді, тіл байлықтарын меңгереді. Өз ойын сөзбен жеткізуге қажеттілік жасына қарай кеңееді, өзгереді. Дами келсе бала тіл бірлігінің қиын түрлерін қолдана бастайды. Сөйлеу тілі қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауға ғана емес, сонымен қатар әлемді тануға көмектеседі.

Сөйлеу тілін меңгеру - бұл іс-қимылды танудың маңызды бір түрі. Сөйлеу тілінің бұзылыстарының арасында жиі кездесетін кемістік – дыбыс айтуының бұзылуы. Дыбыс айтуының бұзылуы баланың ойлау процесіне және психиканың басқа барлық жағына әсер етеді. Осыдан тек танымдық іс-әрекетінің дамуы ғана зардап шекпейді, сонымен қатар баланың тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді. Дыбыс айтуын уақытында жою нәтижесінде баланың оқу мен жазуды дұрыс меңгеруіне ықпал етеді.

Қазіргі уақытта сөйлеу тілінде кемістігі бар балалардың санының артуына байланысты, дефектология мамандығына көп көңіл бөлінуі керек және әдіістемелік жағынан қазақ тіліндегі оқулықтарды шығаруды ойластыруымыз керек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Өмірбекова Қ.Қ. Сөйлеу тілі жалпы дамымаған (IVдеңгей), балалармен логопедиялық жұмыс ұйымдастыру. Оқу әдістемелік құралы.Алматы,2015

2. Өмірбекова Қ.Қ Дыбыс айту кемшіліктері және түзету жолдары. Оқу құралы, - Алматы, 2005.

4. Тулебиева Г.Н, Оразаева Г.С. Практикалық логопедия (әдістемелік оқу құрал), - Алматы, 2010

                       

2016-2017 © «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

 
Яндекс.Метрика