Среда, 23 Октября 2019
Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Мектепке дейінгі ұйымда М.Монтессори педагогикасының негізгі принципі және тіл дамуының тежелуін түзетудегі логопед жұмысында Монтессори – терапияның тиімділігі

User Rating:  / 2
PoorBest 

 Сейітова А.Т.,

 «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы КМҚК басшысы

                                                             Махметова Г.Г.,

«Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы КМҚК

 Монтессори  педагог 

 

Монтессори педагогикасының негізгі принципі – балаға өзін-өзі тәрбиелеуге, өз бетінше оқуға, өз бетінше дамуға жағдай жасау. Әдістің ұраны: «Мұны менің өзімнің орындауыма көмектес». Мектепке дейінгі ұйымдарда М.Монтессори технологиясын қолдануға байланысты әрбір педагогтың көкейінде ол кім, бұл технологияның тиімділігі, ерекшелігі неде, стандарт талаптарына сәйкестігі байқала ма, педагогикалық жүйесі қандай?- деген сауал туындауы мүмкін. М. Монтессори (1870-1952) Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Өз ісінің бастапқы негізінде ол жүйе – психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысады. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірбиесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы әсер етуді көбірек қажетсінетіні туралы маңызды тұжырымды құруға мүмкіндік берді.

 

-  Егер өзі қажет етпесе,ешқашан балаға тиіспе.

 - Ешқашан бала туралы жаман сөз айтпа.

 - Баланың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға талпын, нәтижесінде оның бойындағы жаман қасиеттер азая бастайды.

 - Ортаны дайындауда белсенді бол және оған тұрақты қамқорлық жасап отыр.

 - Баланың үндеуіне назар аудар.

 - Қателескен баланы сыйла, өйткені ол өз қатесін қазір немесе артынан түзей алады, бірақ материялды қолданудағы дөрекілікті және өзімен басқалардың қауіпсіздігіне, дамуына түскен қатерді сол мезетте тоқтат.

 - Жұмыс іздеп, таба алмай жүрген балаға көмектес.

 - Балаға қайта – қайта презентация көрсетуден шаршама, оған жаңаны игеруге көмектес.

 -  Оның қоршаған ортасын қамқорлықпен, тыныштықпен, қайырымдылықпен және махаббатпен толтыр. Ізденісте жүрген балаға көмек көрсетуге дайын бол.

- Баламен қарым – қатынаста әдепті мінез – құлық үлгісін қолдан және балаға өзіңнің бойыңдағы барлық жақсы қасиеттерді ұсын.  

     Міне, осы қасиеттерді әрбір педагог Монтессори өз ісінде сақтай білсе, нұр үстінде нұр болатыны сөссіз. Адамның өміріндегі ең маңызды кезең – университетте оқу кезеңі емес, туылғаннан 6 жасына дейінгі ерте кезеңі. Өйткені бұл адамның өмірдегі ең басты қаруы болып табылатын зердесі қалыптасқан кезең. Және де зердесі ғана емес, оның психикасының бүкіл мүмкіндіктері осы кезеңде қалыптасады. Бұдан басқа кезеңдердің ешқайсысында бала зиялы, білікті көмекке осынша зару болмайды. Сондықтан біз Монтессори әдісі арқылы бала дамуының негізгі іргетасын қалаймыз, өйткені жас ұрпақтан біз күшті адамдарды жасауымыз керек, ал күшті адамдар деп біз дербес әрі ерікті адамдарды айтамыз. Сонымен қатар денсаулықтарының жақсы болуларына осы М. Монтиссоридің ілімдері өте қажет деп ойлаймын, әсіресе ойлау, тілдің сөйлеу қабілетінің дамуына әсері зор.

      Балаларда сөз дамуының кідірісі болғанда, бас миы қыртысында сөйлеу аймағының органикалық жеңілісі себепші болған мәнерлі сөйлеудің жүйелі толық жетілмеуі сипатты. Балаларда сөз ақауы айналадағылардың сөзін қабылдау бұзылғанда, сөздің фонематикалық, лексикалық  және  грамматикалық  жақтары бұзылғанда байқалады. Айналадағылардың сөзін қабылдау сезіну көрініс түрлері бойынша бұзылған. Бала егжей-тегжейлі түсіндіру арқылы өтініштің, тапсырманың қайта – қайта көрсетілуіне мұқтаж болады. Фонематикалық бұзушылықтар орта дәрежеден ауыр айқындалу түрлеріне дейін түрленеді. Сөз дамуының кідірісі (СДК) симптоматикалық мінездездеме ретінде РОП ЦНС, ММД, гипертензиондық синдромда, психикалық ахуалдарда қарастырылады.

    СДК бар бала «әке», «ана», «аға», «тәте» деген қайталанып келетін екі буынды алғашқы сөздердің, сондай-ақ, «бер», «мә», «бар», «кел», «апар», «әкел» сияқты қозғаушы-бұйрықты алғашқы сөздердің қалыптасуында қиындықтар көреді. Нәрестелік кезеңде СДК бар балаларда сөз қалыптасуының алғышарттары болмайды, гуілдей өткінші мінезді болса, былдырлау жастан кейін басталады.

    СДК бар бала сөздің қосымша бөліктерін пайдаланбайды. Фразалық сөздердің дамуы ұзақ уақыт бойы стереотипті болып қалады. Жүйелі пікір білдірудің қалыптасуына логопедтік жұмыстың ең соңғы мерзімінде ғана жеткізіледі. Сөз дамуының кідірісі бар балалар үшін «эхолалия» болуы тән. «Эхолалияның» болуы – импрессивті сөздің бұзылу нышындарының бірі. СДК бар балаларда қабылдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау сияқты жоғарғы жүйке қызмет функциялары бұзылған,  тез шаршағыштық байқалады: сабақтарда балалар бөгде шуылға оңай алаңдайды, есінейді, көздерін уқалайды, құлағының ұшын уқалайды, денесімен тербеледі. Еңбекке қабілеттілік тәулік уақытына, метеоахуалға, айдың фазасына байланысты сабақ ағымында өзгереді. Істің бір түрінен екінші түріне ауысуы жапа шегеді, сәйкес тапсырмаларды балалар педагогтің үйрету және бағыт беру көмегімен меңгереді. Астенизацияның атап өтілген клиникалық көріністеріне байланысты, СДК бар бала жүйке ауруы дәрігерінің немесе бала психиатрының қадағалауымен логопед-мұғалімнің, педагог-психологтың кешенді психолого – педагогтік сүйемелдеуін қажет етеді. Соңғы үш жылда қала бойынша СДК бар балалардың анықталуының жоғарлауы байқалады: 2010ж.-82 бала, 2011ж.-106 бала, 2012ж. -84 бала анықталған.

    СДК бар бала жүйке ауруы дәрігеріне тексеріске жіберіледі, медикоментозды ем қабылдайды, бір-бір жарым жыл ағымында логопед сабақтарына амбулаторлы қатысады.

  Монтессори әдістемесі логопед тәжәрибесіне өзінің бірегей құрал-жабдықтарымен, сабақтың үшсатылы тәсілдерімен маңызды өзгерістер еңгізді. Монтессори әдістемесін қолданғанда СДК бар балаларда іс-әрекеттерін сөзбен мотивациялау қалыптасады. Бейімділік кезеңі ахуалдық сөз қалыптасуының дайындық кезеңі болып табылады. Практикалық өмірдің жаттығуларын (ПӨЖ) пайдаланғанда СДК бар бала көңіл-күйі өзгереді, сөз мотивациясы басым болады, оны жазбаша сөз бірінші болып тұратын, презентация деген сабақтың өзгеше түрі қызықтырады. ПӨЖ кезеңінде алғашқы іс-әрекеттерін сөзбен білдіру қалыптасады. Мәнерлі  сөзде «мә», «бер» деген қозғаушы сөздер қалыптасады. «Шектеулермен» жұмыс төмен мнестикалық қабілеттілікке байланысты белгілі бір қиыншылықтар тұрады. Шектеулер «жақынды даму аймақтарын» есепке алғандағы күрделіліктің дәрежесі бойынша ұсынылады. Сезіну тапсырмаларын меңгеру кезеңінде ой өрісінің қарқынды дамуына мүмкіндік ашылады. СДК бар бала «ананы бер», «мынаны бер» деген екі сөзден тұратын жай фразаның, сөз тіркесінің қалыптасуына алып келген себепті-тергеулі қатынастармен танысады.

    СДК-де өзіндік пікір білдіруінің қалыптасуы сырттай араласушылықсыз, сынаушылықсыз еркін мінезді болады. Іс – әрекетті таңдау СДК бар балада коммуникативтік іс-әрекетке түрткі болатын эмоционалды фонды жасайды, ал содан соң фразалық сөзді қалыптастырады. Бала бір тапсырманы жиірек таңдаса, зейін қоюы, өзін-өзі ұстай білуі жоғарылай береді, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі жақсарып, ұсақ моторика жетіле түседі. СДК бар бала шығармашылық аймағында талғамды, қарандаш, ермек саз сияқты бұрыннан белгілі заттарды жиірек таңдайды, бұл «Көмектес!», «Көрсет!», «Бұл не?», «Қалай?», «Қайда?», «Бер!» деген сөздерді ересек адамдарға кенеттен айтуға әкеліп соқтырады. Алдымен енжар сөздік, ұғыну қалыптасқан, содан соң енжар сөздік белсендігі түрленген сезіну аймағында, сөздің даму аймағында М.Монтессоридің үшсатылы сабағы аса тиімді. көпдүркіндік принціпі әр түрлі вариацияларымен еркін пайдаланады. Қарқынды жұмыс жыл ағымынды СДК бар балаларда диалог, фразалық сөз қалыптасады. Сөздік қорды байыту және байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс өткізіледі. Математика аймағы когнитивті қызметтерін дамытады. Әдеттегі әдістермен және тәсілдермен СДК-нің түзете-дамыту жұмыстары арқашан тиімді нәтиже бере бермейді. СДК бар балалар қосымша ынталандыруды қажет етеді, оларға бір мезгілде сезіну саласын дамытатын, олардың сөйлеу және ойлау белсенділігіне жағдай жасайтын орта қажет, бұл Монтессори бөлмесі болып табылады.

     Жоғарыда айтылғандарға сүйене отыра Монтессори әдістемесін қолдану тәжірибесін білім беру жүйесіндегідей денсаулық сақтау жүйесінде логопедтер, түзетуші педагогтар, психологтар, тәрбиешілер өз тәжірибесінде де кеңіне пайдалануға болады.

 

 
Яндекс.Метрика