Понедельник, 27 Сентября 2021

МАРБЛС ТЕХНИКАСЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

User Rating:  / 0
PoorBest 

Ажданова Р.М.

«Ақ қайың» бөбекжай-бақшасы» МКҚК, Петропавл қаласы

 

 

XXI  ғасырдың ортасы «Ұрпағы  білімді халықтың  болашағы бұлыңғыр болмайды» деген ниетпен жасау нұр үстіне нұр. 

Сондықтан қазақ тілін үйретуде техниканы жаңғырта отырып, бүлдіршіндерімізге тілді үйретуде дәстүрлі емес технологияларды қолдану білім беру сапасының да ажырамас бір бөлігі болып табылады.

Мақсаты:

-                     Балаларды ойындар, оның ішінде Марблс ойындары арқылы қазақ тілін үйретуде қызығушылықтарын арттыру.  

-                     Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда Марблс техникасы арқылы сөздік қорарын байыту.

Міндеттері:

  1. 1.Балаларды Марблс техникасына тарту үшін, қызығушылықтарын арттыру үшін Марблс ойындарды қолдану қажеттілігін анықтау.
  2. 2.Марблс ойын топтамасы арқылы қазақ тілін, мектепке дейінгі мекеме жұмысында балаларды тәрбиелеу және оқыту міндеттерін шешу.
  3. 3.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  4. 4.Балалардың сөздік қорларын Марблс ойындарымен таныстыру, ойнау арқылы одан әрі байыту.

Кез келген оқыту технологиясы ұстаздан үлкен білімді қажет етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын Ойын арқылы оқыту технологиясы түріне тоқталайық.

Ойын арқылы оқыту технологиясы ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынас жасауы арқылы мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Жүзеге асыру жұмысы теориялық және әдістемелік әдебиеттерді қолданудан, осы мәселе бойынша басқа да авторлардың жұмыс тәжірибесін меңгеруден басталды.

Жұмыс негізінде ұлттық құндылықты насихаттау мен тілді меңгеруге байланысты тіл жанашырлары  Дулат Аманжол, Аюбай Құрал ұлы сияқты ғалымдардың ұлттық мәдениетке ерекше рөлін тигізген  педагогикалық және әдеби ұғымдары жатыр.

Бұл мәселе педагогтарға арналған әдістемелік әдебиет ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегені анықталды, ұлттық құндылық арқылы бала тілін дамытуды жетілдіретін арнайы әдеби-әдістемелік жинақтар жоқ. Д.Аманжол, А.Құралұлы, С.Қалиев, М.Оразаев, Ә.Доспанбетовтың еңбектерінде асықты ұлттық салт-дәстүрді бір көрініс ретінде ғана оның қыры мен сырын ашып көрсеткен. Ал қазіргі жас жеткішектер мен бүлдіршіндерді тіл үйретудің алғашқы сатысына бастап сөйлеуін қалыптастыру тақырыбы әлі де болса ашылмаған. 

Баланың сөйлеу тілін дамыту мақсатын бірінші қолға ала отырып, асықты үйретуде оны сабаққа ойын ретінде енгізе отырып, жасайтн ерекшелік – тиімді технологияларды таңдау. Сол себепті жұмысты жүзеге асыру тиімді технологияларды таңдаумен ерекшеленеді, тиімді технологияның бірі ретінде интерактивті оқыту технологиясы таңдалды, бұл дәстүрі және стандартты жұмыс түрлерімен  және мектепке дейінгілерді тілді үйретуде қолданылатын әдістерге қарағанда әлдеқайда тиімдірек.

Тілді үйретуде интерактивті оқыту әдістері балаларға ақпарат алмасуға ғана емес, сонымен қатар оқитын тілде қарым-қатынас жасай білудің практикалық дағдысын алуға көмек береді, өз ойын құрауға, тез ойлануға, әңгімелесушінің репликаларына жауап беруге үйренеді. Осындай сабақтар кезінде оқытушы жай ғана жүргізуші емес, қажет сөзді тез айтуға көмек беретін, қателігін түзей қоятын көмекші ретінде болады.

Тілді үйретуде интерактивті оқыту әдістері мектепке дейінгі балалармен мемлекеттік тілде коммуникативті білім, білік, дағдыны меңгеру үрдісін және ойынға белсене қатысуын үйретеді.

Қазіргі уақытта балаға толықтай жан-жақты дамуда, балалармен күнделікті сөздік жұмысын жүргізу – тіл дамытудың негізгі міндеттері болып отыр. Қазақ тілін оқытудағы басты қайнар көз – ойын әдісі, Ойын технологиясын қолдануда ең ұтымды тапқан өзім үшін әдіс – Марблс тастары.

Марблс техникасы арқылы кіші жастағы балалардың психикасын, сөйлеуін дамытуға болады. Езімнің дамуы, тіл дамыту қолдың моторикасын дамытумен қатар, ойлау, жалпы таним процесстері дамиды. «Марблс» тастарын қазақ тілін оқытуда қолдану  –балаларға қызықты естіп қазақ тілі оқытумен тең, яки, мемлекеттік тілді үйренуге деген құмары артатыны сөзсіз.

         Марблс тастарынының тарихы ежелден бастау алады. Марблс ойыны алғашында Батыстан тараған. Ежелгі адамдар тастан жасап, марблс ойындарының басы сонау ғасырдан бастау алатынын дәледеді. Себебі, археологиялық қазба жұмыстарында Египет Пирамидасында, ежелгі қалалар, оның ішінде Ацтек қаласында қазба жұмысында табылды.

         Негізінде Марблс табиғи материалдан жасалған. Оған дәдео 1815 жылғы фарфор шариктер, кейінне Германиядан, АҚШ-та дамығаны туралы интернет желісінде біраз ақпарат бар.

Сол себепті әсемдік жағынан балалардың шығармашылық талғамын дамытады, қызығушылығын арттырады, сол себепті сөйлеуге деген құмарын, белсенділігін арттыруға болады.

Баламен қазақ тілін үйрету үшін ойын ойнау, динамикалық, эмоционалды жағымды, баланы шаршатпайтындай әсер беруі тиіс. Сол кезде ғана бала мемлекеттік тілді үйренуге, есте сақтауға, қайталауға кері байланыс береді. Осындай инновациялық құралдардың бірі – Марблс тастарын пайдалану арқылы қазақ тілін үйрету.

Балаларды тастармен ойнату арқылы жаңа нәрсе жасау, сөйлеуді, ұсақ моториканы дамыту, қабылдау, логикалық ойлауын қалыптастыруға болады.

Сыртқы қарапайымдылығы мен қолжетімділігіне қарамастан, Марблс бірқатар міндеттерді шешуге септігін тигізеді. Атап айтқанда,

ü    Баланың сенсорлық талғамы артады;

ü    Жұмысты өз бетімен бастау икемділігі дамиды;

ü    Баланың таным үрдістері бірқатар дамиды;

ü    Қимыл-қозғалыс, ұсақ моториканың дамуына да әсер береді.

ü    Топтастыру, салыстыру, реттеу тәртібін қалыптастырады.

ü    Санау бойынша ритм қалыптасады.

ü    Заттың көлемі, саны, шамасы туралы түсініктері нығаяды.

Әрине, бұл міндеттерді басқа да жолдармен байқауға болады, дегенмен, Марблс техникасы бала үшін қызықты, оңай, әрі тартымды.

Сөз соңын Бенедикт Спиноздың дана ойларымен аяқтауға болады: «Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:ойлану - ең ізгі жол,  еліктеу – ең жеңіл жол, тәжірибе жолы – ең ауыр жол», ендеше ұстаздықтың дана жолында, бала тәрбиесі мәселесінде ойлана отырып, тәжірибе жасауға талпынайық!

 

 

 

 

 
Яндекс.Метрика