Пятница, 15 Октября 2021

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АУЫЗША ЖӘНЕ ЖАЗБАША СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУ

User Rating:  / 1
PoorBest 

Кусаинова Махаббат Еркебулановна,

СҚО М.Жұмабаев ауданы

«Таман мектеп- бөбекжай- бақша кешені» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Белгілі педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Шәкіртке терең білім беріп,оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. (Нұсқаулық 38бет).

Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігіне байланысты. Заманауи білім беру оқушының білім беру үдерісіндегі дербестігіне, соның ішінде өз бетімен оқу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамытуға оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыруға негізделеді. Өзімнің сабақтарымда «Диалогтік оқыту» әдісі және «Сыни тұрғыдан ойлау» стратегияларын басшылыққа алып, 7 модуль әдіс-тәсілдерін сабақ кезеңдерінде тақырыпқа сай қолдануға тырысамын. Бұл инновациялық технологияны пайдаланудағы мақсатым-адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын, бағалы және нақтылы көзқарастарын қалыптастыру.

Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше өз сабақтарымда «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы диалог пен әңгімелесу шығармашылықпен тиімді өтетіні, оның өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасатыны тәжірибе жүзінде байқадым. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын, және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Аталған ғалымдардың еңбектерінде диалог құруға арналған стратегия ретінде «Талқылау жөніндегі серіктестерді» пайдалануды көздеген. Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады. Диалогтік әдіс қазақ тілі сабағында өте қолайлы әдіс. Диалогтік оқыту дегеніміз   мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады. Сабақта диалогтік оқытуды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны сөзсіз. Қоғамдық пәндерде бұл әдістің жоғары деңгейде жүзеге асатыны белгілі. Соның ішінде қазақ тілі сабағында диалог әр сабақта кездесіп отырады. Сабақ барысында диалогтік оқытуды жүзеге асыру мақсатында әр түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды қолданамын.

Сабағымда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрaқ қоюдың сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты техникаларын пайдаланамын. Грамматикалық ережені қайталауда оқушыға сынақтан өткізу сұрағы қойылады. Мысалы:сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмашылығын aйта аласың ба? Менің ойымша, оқушылардың тілді меңгеруде үлкен нәтижеге жетуде оқулықтардағы дайын диалогтарды оқу, жаттау, аяқтау, толықтыру, мәтін мазмұны, кесте, сызбалар бойынша диалогтар құру әдістері де көп көмегін тигізеді. Интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы диалогтарды өз сабағымда жиі пайдаланамын. Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Оқушылар жұптасып сабақтағы өткен жаңа сөздерді қатыстырып 2 минуттық диалог құрастырып әкеледі. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, 2-3 сұрақпен толықтыруға тапсырмалар беріп отырамын.

Диалогтік оқыту арқылы мен:

-                     oқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырамын;

-                     оқушылардың шынайы қызығушылығын анықтаймын;

-                     оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етемін;

-                     оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесемін;

-                     оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етемін;

-                     әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек беремін;

Қaзақ тілі сабағында да оқушылар постерді қолданады. Оның тиімді жағы оқушы қиялын ұштастыра түседі, идеясын оқулық мәтінімен біріктіре отырып қорғайды. Презентация барысында басқа топ мүшелерінен сұрақтар қойылады, пікірлері білдіріледі. Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық жеткізе білуге, мәнерлі,мағыналы сөйлей білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігін өз көзіммен байқадым.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман талабы .Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі - оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытудын тиімді әдіс - тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану оқыту мақсатында жетудің тиімді жолдарын көрсетеді.Оқытудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы мұғалім оқушының белсенділігін, шығармашылық ізденісін арттырады, пәнге деген қызығушылығын оятады. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технолгиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудын әр түрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал - жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Қазақ тілі мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көтеру үшін шәкірттерінің білім - құмарлық қасиеттерн дамытып, білім алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет.Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту керек, сонда ғана біз басқа ұлт балаларын қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйретеміз. Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі сабақтарында қолданып жатқан жаңашыл әдіс - тәсілдерін өз сабағымда қалай пайдаланып жатқандығы жөнінде әріптестеріммен бөліскім келеді. Оқушыларға XXI ғасырдың талабына сәйкес сапалы білім, саналы тәрбие беру, әрбір мұғалім сабақтарын білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндетке сай ұйымдастырып отыруы керек. Сабақ барысында жеті модульдердің дұрыс, жүйелі ықпалдастыруы нәтижелі болуы керек. Тізбектелген сaбaқтaрымдa жоспарға сай модульдерді өзара бір-бірімен байланыстырдым. Жетi мoдульдi кіріктіре отырып, қысқа мерзімді жоспарыма қолданылатын әдіс-тәсілдер мен негізгі дерек көздерін сабақ барысында қолдандым. Caбaқ өту бaрыcындa оқушылар жұптық, тoптық, ұжымдық жұмыc жacaй oтырып дaму бaғытын зeрттeді. Оқушылaрдыңөзiн-өзi реттеуде, ынтымaқтacтық aтмocферacын құрa oтырып тoп ережеci құрылды. Coл ереженi топтық жұмыс барысында әрдaйым еcтерiңде ұстау керектігін білді. Әр сабақта топ ережесіне бағына отырып, оқушылар жан-жақты ізденіп, бір-бірінің пікірін тыңдап, ортада талдап, дәлелдер келтіріп, ұйымшылдық пен ауызбіршілікте болу керектігіне тоқталып өтілді.Жаңа сабақтардың мағынасын ашуда топтық және жұптық жұмыстар орындалу барысында оқушылардың ұйымшылдықпен бірігіп жұмыс жасау болып табылады. Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Мен өз тәжірибиемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлессіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауда ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайттарды есте ұстаймын:

-       Сыйластық ( бір – біріне бірдей бағынышта болу);

-       Жауапкершілік ; • Топқа бөлгендегі әр тектілікті ұмытпау;

-       Топтың барлық мүшелерінің кезепен сөйлеу дағдысын үйрету;

-       Тікелей сөйлеуде әлеуметтік қарым – қатынас жасау, дағдыларын қалыптастыру;

-       Мұғалімдердің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету;

-       Топта ұтымды жұмыс істеу.Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім:

-       Оқушының ең алдымен есте ұстау қабілетінің жоғарлауы;

-       Жиі- жиі ой талқасын жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету;

-       Сабақта өз бетімен бақылаусыз отырғаннан гөрі оқушынының жұмыс басты болуы;

-       Бір нәрсеге үйрету мәнді түрде қызығушылығын оянуы;бірлесіп жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің ұлтына, жынысына, қабілетіне, әлеуметтік жағдайына қарамай олардың бір – біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір – біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жеткізуге жағдайлар жасайды.Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап беруін қамтамасыз етуі керек. Сұрақ қоюдің қарапайым түрінен терең ойлауға дейінгі түрлері бар екендігі белгілі. Ал мұғалімнің мақсаты- оқушының ойлау сатысы ең төменгі деңгейден жоғары терең ойлау деңгейі түсінуден басталады. Одан кейін қолдану, анализ, синтезге дейін жоғарлайды. Еркін жазу стратегиясын сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойын қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы – Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар – еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Орыс мектебі жағдайында қазақ тілі пәнінің жүргізуде жекелеп оқу технологиясын пайдалану да тиймді. Жекелеп оқыту дегеніміз – оқушының жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдіс – тәсілдерін, қарқынын таңдау. Сондықтан сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлай білу дағдыларын, топтық жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын дамыту, өзара тығыз қарым-қатынас орнатуға, көшбасшылыққа жетелеу. Мен сабағымды оқыту барысында түрлі іс-қимылдардың ауысқанын, оқушыларымның ісәрекетінің өзгеріске ұшырағанын, сабақ үстінде көп өздеаерін көрсете бермейтін оқушыларымның өзіндік ойын жеткізе алғанын көрдім.

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдану тиімділігі, қажеттілігі мен алға қойған мақсаты қандай болса, оқушыларымның да өзгерісі айқындалғанын түсіндім. Барлық оқушыларымды сабақ барысында топпен, жұппен, жеке-дара жұмыс істеуі барысында барлығының дерлік оқуы жылдам да шапшаң, ойларының анық болуы көп кездесті. Сабақтарымда СТО-ның бірнеше, рөлге оқыту, диалогтік оқытуды қолдандым. Сыныптың сабаққа деген қызығушылығы одан әрі артты, әр топ ортаға шығып,өз тапсырмаларын қорғай білді. Сабақ соңында оқушылардың өтілген сабаққа байланысты пікірлерін білдірді. Сондай-ақ сабақтың өте қызықты, өздеріне ұнағанын айтты.Сабақтарда тақырыпқа сай технологияларды қолдандым, бұл сабақтарда оқушылар өздерін жайлы сезініп, ойларын жинақтап, бір-бірлеріне түсінгенін мейлінше түсіндіріп жатты. Көшбасшылық танытты, жүктелген тапсырманы орындауға алға ұмтылып, топтар арасында қызу бәсекелестік туындады. Бұрын мұндай өзгерісті байқаған жоқ едім. Оқушы басқаруға қатыспайтын, тек мұғалімге тәуелді болатын және даму жан-жақты емес, сыңаржақ бағытта жүргізілетін. Оқушылардың қиялын дамыту мақсатында әр сабақтың соңында қорытындылап: « Не ұнады? Не ұнамады? Қалай өзгертер едің?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс парағын толтырттым. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа технологиялар оқушының жеке тұлғаның күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Осы модуль бойынша түсінгенім, мен іс-тәжірибемде оларды пайдалануды көздедім. Мысалы, қай сабақты алсам да, әр сабақта АКТ-ны көбірек пайдалануға, диалогтік оқытуды, құруды молынан пайдалануға тырыстым. Бастапқыда оқушылар өздерін бағалау кезінде қызық \көрді ме, ұнаған бағаларын қоя беретін, кейін басқа сабақтарда қалай баға қою керектігін де үйреніп алды, дұрыс бағалауды үйренді.Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірлетін білімнің сапасымен өлшенеді.Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Сонымен, қорыта келгенде, айтарым – орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мәнділігі бұдан да кем емес. Сөйтіп, осында жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күнінен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге қалыптасады, өзін – өзі бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді.

Жоғарыда аталып кеткен ғалымдардың пікірі бойынша оқушыны сөйлету, диалогқа түсіру үшін сұрақтар қою, тапсырмалар беру кезінде болады дегендей, осы топтасып істеген жұмыстардың өзі оқушыларды сөйлету, өз ойларын еркін қорғауға, дәлелдеуге тиімді екенін көре бастадым.

 

 

 

 
Яндекс.Метрика