Воскресенье, 29 Ноября 2020

Коммуникативтік дағдыларды дамыту арқылы оқушылардың сындарлы ойлауын жақсарту

User Rating:  / 0
PoorBest 

Шамшиева Айжан Қажығалиқызы., Ақжар ауданы «Талшық ОМ» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Ильясова А.Ш., «Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы

     Жаңартылған бағдарламаның бір ерекшелігі - өзіндік іс-әрекеттік компонент. Мұғалімдердің алдына қойған міндеті - оқушыларды өмірге бейімдеу. Ол үшін оқушылардың бойындағы дағдыларды, атап айтқанда, коммуникативтік дағдыларды дамыту маңызды. Қазіргі таңда

Nike React Element 87

    Осы өзімнің әдістемелік мәселемді шешу үшін коммуникативтік оқыту технологиясы тиімді болып келеді. Бұл технология өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп, көптеген мұғалімдердің тәжірибесінен орын алды. Коммуникативтік технологияда тілдік қарым-қатынас алдыңғы орынға шығарылады да, басқа жұмыстар осы бағдарға бағытталады. Қазақ тілі пәнін оқытудың жалпы мақсаты – түрлі сөйлеу жағдаятында ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлғаны қалыптастыру. Коммуникативтік  дағдыларды дамыту жұмыстары оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіреді, тілдік қорын байытады, өздігінен жұмыс істей алу қабілетін арттырады, шығармашылық жұмыстарды (эссе, хат) сапалы жазуда көп көмек береді. Сабақтарда коммуникативтік дағдылар арқылы оқушылардың сындарлы ойлауын дамыту үшін деңгейлік тапсырмаларды қолдану қажет.

      Мен өзімнің күнделікті сабақтарымды бақылау жұмыстарында жиі кездесетін тапсырмалардың бірі- хат немесе эссе жазуға дайындық кезеңінде коммуникативтік технологияны оқытудың кешенді әдістерімен байланыстыра қолдануды жөн санаймын. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында тыңдалым әдісінің маңызы зор. Бұл арада мәтінмен жұмыс кезеңдерінің жүйесін сақтау шарт. Оқушымен мәтіналды жұмыс жүргізгеннен кейін, мәтінді тыңдату арқылы мазмұнын есте сақтау қабілетін арттырамыз. Топтық жұмыс барысында (айтылым) оқушылар өзара бір-бірімен тілдесе отырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтауда бірлесе әрекет етеді, өз ойларын ортаға салады. Тақырыпқа ұқсас мәтіндерді оқу (оқылым), талдауда мәтінге тақырып қою, бірлесе жоспар құру жұмыстары да оқушылардың қызығушылықтарын оятады. Суреттер бойынша ауызша әңгіме құру, жағдаяттарды шешу, оқиға себебін анықтау жұмыстары оқушылардың қиялын дамытып, ойларын сан – саққа жүгіртеді. Бұл жағдайда оқушылар айтар ойын өмірдегі кездесетін оқиғалармен байланыстырады, яғни коммуникативтік дағдыларымен қоса оқушылардың функционалдық сауаттылығын да қатар дамытады. Осыдан ортақ ой түйіндегенде, жазылатын эссенің тақырыбы да айқындалып, жоспары құрылады. Тақырыпқа сәйкес қолданылатын зат есімдер, сын есімдер, етістіктерді тағы басқа сөздерді топтастыру мақсатында постер құрып, оны қорғау сайысы да шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Енді жекелеген оқушыға дайын жоспарды негізге алып, «Пирамида» әдісі бойынша тапсырма ұсынамын: берілген сөздерден ұнаған бір сөзді таңдау, сол сөзден сөз тіркесін жасау, осы сөз тіркесінен сөйлем құрастыру, соңында мәтін немесе эссе жазу (жазылым). Эссе жазуға дайындықта жаттығулармен жұмыс жасау, тәжірибелік дағдыларға үйрету,   сұрақтар арқылы оқушыны әңгімеге тарту, қосымша дерек көздерімен өздігінен жұмыс жасату, баяндама, хабарландыру, жарнама жасату арқылы да оқушыларды өз деңгейлеріне тән жұмыс істеуге үйретуге болады. Әрине әр мұғалім өз сабағының режиссері болғандықтан, бұл ұсынылған жұмыс түрлерін өз қалауынша таңдап, шартын өзгерте алады: ең бастысы оң нәтиже – оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Коммуникативтік дағдыны дамыту барысында оқушының жазу мәдениетін арттыруды да есте сақтаған абзал. Мен осы жұмыстарды орындау барысында көптеген нәтижеге қол жеткіздім, ең бастылары: оқушылардың сөйлеу қабілеттері жетілді; ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді; өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдауда жауапкершіліктері мен көшбасшылық қабілеттері артты; шығармашылық қабілеттері дамыды.

       Осындай жүйелі атқарылған жұмыстың нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы оқушылардың білім сапасы артады.

               Қорыта келгенде, барлық білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын үлкен мақсаты -  ол білім алушының жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, олардың өздігінен ізденуін арттырып, шығармашылығын дамыту болып табылады.  Қазіргі интербелсенді оқыту әдістері бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, теория мен практика бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады.

 

 

                      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Әрінова Б.А. Озық технологияларды қолданудың коммуникативтік компетенция қалыптастырудағы орны. «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде», 2008, № 1, 11-13 б.

2.Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4, 20-23 б.

3.Қасбаева Г.С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5, 17-22 б

 

 

 

 
Яндекс.Метрика