Воскресенье, 29 Ноября 2020

Белсенді оқуды тиімді ұйымдастыру арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту

User Rating:  / 0
PoorBest 

Ильясова А.Ш., «Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы

Ислямова А.Е., Айыртау ауданы «Сырымбет орта мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі 

   "Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап

келеміз"  Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-25 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасының 6-шы «Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету» міндетін негізге ала отыра, оқытудың инновациялық технологиялары

nike headquarters Sneakers

Сол себептен тәжірибемнің жетекші идеясы- танымдық теория негізінде белсенді оқуды ұйымдастыру. Белсенді оқу арқылы оқушылардың танымдық дағдылары дамып артады. Белсенді оқудың тиімділігі неде?

Белсенді оқуды тиімді ұйымдастыру арқылы оқушылардың оқуға деген ішкі уәжін  артады? Белсенді оқу арқылы танымдық қабілеттерін арттыруға болады (сындарлы ойлау, мәселелерді шығармашылықпен шешу, т.б.)

Белсенді оқу арқылы білім сапасы артып, кең ауқымды дағдыларын дамыту сияқты мақсаттар қарастырылады.

Бұл мақсаттардан мынадай нәтижелер күтуге болады:

-Белсенді оқытуды тәжірибеде қолдану үшін оқушылардың көзқарастарын оңтайландырады;

-Жеке, жұпта, топта жұмыс жасап, нәтижеге қол жеткізеді;

-Оқушылар бірін- бірі үйретіп, өз бетімен тақырыпты меңгере алады;

-Шығармашылық тапсырмаларды орындайды;

-Алған білімдерін әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауда қолдана алады;

   Оқу үдерісін ұйымдастыруда белсенді оқуды тиімді қолдану үшін бастауыш сынып мұғалімі ретінде, бастапқыда, ұтымды әдіс-тәсілдерді зерделедім. Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегиялары бастауыш сыныпқа  арнап құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.      Сын тұрғысынан  ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар. Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы,  кубизм , дискуссиялық өрнек,  кластер, ішіне сыртына,  синквейн,  т.б. СТО бағдарламасын бастауыш сыныптар сабағында осы жүйемен өтілген  сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа, елге, айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, көсбасшылық, танымдылық  қабілеттері қалыптаса бастады.

Белсенді оқу әрекетінің тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізу. Ал белсенді оқу үдерісіндегі нәтиже дегеніміз ақпаратты әрі терең түсіну және мазмұнын айта білу. Мысалы, оқылым дағдысын дамыту мақсатында, «Қызыл телпек» ертегісінің мазмұнын жоспар бойынша баяндау үшін оқиға картасын құрастыру немесе ашық сұрақтар қою арқылы ойландыруға бағыттау. Негізгі мақсат-ертегіде басты ойды анықтау.

         Белсенді сабақты ұйымдастыруда Ричард Дарант «Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді назарда ұстау қажет: - сабақтың жақсы жоспарлануы, оқу мақсаттарының нақты белгіленуі; - оқытудың мазмұнды, жаңалыққа толы және мақсатқа бағытталуы; - оқушыларға сабақтың ұнауы және олардың өздерінің білім алуына қызығуы; - оқушылардың табыс критерийлеріне қол жеткізуі; - оқыту үшін бағалауды тиімді қолдану; - сабақта жоғары деңгейлі ашық сұрақтарды қолдану. Табысты саббаққа оның тиімділігі тұрғысынан келесі талаптар қойылады: - сабақтың өне бойында әрбір оқушының белсенді танымдық әрекетте болуы; - жаңалық ашу арқылы оқудың ұйымдастырылуы; - сабақ барысында әрбір оқушының өзінің және сыныптастарының әрекетіне эмоциялық қолдау көрсетеуі; - сабақта оқушылардың танымдық әрекетке  ынталануы; - сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы (басқаруы) және рефлексия жасауы - сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың және шығармашылық тапсырмалардың болуы; - оқу мақсаттарына қол жеткізу, т.б. Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету – мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді.

        Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, танымдық  сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Мұғалімдерге мынадай ұсыныс жасаймыз:

Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы пәнге деген қызығушылығы артады;

Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болуына жағдай жасайды;

Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;

Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға

ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.    

Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға  білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты  сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің  сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының  іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге  қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы  айқындалады

 

         Әдебиеттер тізімі:

1.А.Х.Әлімов. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. Астана:«НЗМ» ДББҰ, 2014.

2.Т.Н.Ермекова, А.А.Қасымбек, Н.О.Абдижаппапрова, А.Б.Бипажанова. Қазақ тілі мұғалім кітабы. А.: Арман ПВ, 2016.

3.Шимырбаева Ж.К. Идришева З.Е. Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды.  АОО НИШ ЦПМ,- Астана, 2015.

Ғаламтор материалдары:

http://www.tilortalyq.kz/kk/534.html «Қазақ тілі сабағында ойналатын ойындар жинағы».

-Уильямс К. Как мы можем проявить потенциал одаренных и талантливых учеников? / Inside Information

 

 

 
Яндекс.Метрика