Среда, 23 Октября 2019
Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Кері байланыс – оқыту сапасының кепілі

User Rating:  / 0
PoorBest 


Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы
аға оқытушы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»
СҚО, Петропавл қаласы


ХХІ ғасыр талабы жеке тұлғаны жан-жақты зерделі, зияткер, өмірде өз орнын табуға бейімдеу. Қазіргі таңда педагогтер оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі қалыптастырушы бағалау (кері байланыс) үдерісін жан-жақты талдауда.

Жалпы білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету жаңартылған бағдарламаның мұғалімге арналған нұсқаулықта атап өтілген болатын. Сонымен қатар «Қазақ тілі» пәні бірқатар маңызды мақсаттарды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетілген:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік дағдыларды (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауатты қолдану дағдыларын қалыптастырады;
оқушылардың қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны құбылыс ретіндегі заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
қазақ тілі жүйесінің құрылымын, тілдік бірліктерді және олардың табиғатын танып біледі.
Мұғалімге арналған нұсқаулықта белсенді оқу барысында мұғалімдер барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыру, оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерді қолдану, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиістігі нақты атап өтілген. 
Қазіргі таңда білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында кері байланыс өзінің өзектілігін байқатып отыр. 
Жалпы тәжірибеде белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы: 
−тақырып немесе сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?;
−сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, қабілеттерінің деңгейлері әртүрлі, саны, жынысы және т.б.;
−жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?.
Оқыту үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы сапалы білім алуға жетелейтін үдерістің бірі. Ұсынылған мақалада оқыту үдерісіндегі кері байланыс жүргізудің қадамдары мен әдістері көрсетілген. Кері байланыстың маңыздылығы мен қағидаттары ұсынылған. 
Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері.
Мұғалім кері байланысы уақытылы болуы тиіс, туындаған даудың
әрқайсысына қолдау көрсете отыра тоқтату керек.
Бір сөзді қайта қолданудан қорықпаңыз, себебі айтылған ойдың түсінікті
болғаны маңызды.
Кері байланыс субъективті және ой талқылауға ашық.
Кері байланыс үдерісіне қатысушыларға мәселені жан-жақты талқылауға
жеткілікті уақыт берілуі тиіс.
Сіз беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болуы керек.
Оқушы сабақтың қай кезін фокус етіп алып тұрғаныңызды біліп, бар күшін
салуға мүмкіндік алатындай болуы шарт;
Кері байланыс барысында адам қандай да сезімге ие, соның негізінде өзіндік
пікір қалыптасады. 
Сезімнің жағымды болуына назар аударыңыз.


001
Қазіргі уақыттағы нақты құрылымдалған кері байланыс оқыту үдерісін тиімді басқарудағы үздіксіз әрекет болып табылады. Ол педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы ақпаратпен алмасу және әрбір әрекеттің себеп-салдарын анықтайтын кезең. Адам ақпарат алмасу барысында өзінің жеке жетістігінің нәтижесі мен сөйлеу әрекетін көрсете отырып, өзінің пікірін білдіреді.
Кері байланыс оқушыларға оқу қызметін түзетуге және түзетуге мүмкіндік береді және оқу материалын сапалы меңгеруіне мүмкіндік беретін үдерістің бір қыры. Жеке тұлғаны оқыту үдерісіне белсене қатысуға тартудың сыры – ынталандыу, алға жылжыту, өзінің білім анықтауға мүмкіндік беру, басқамен пікіралмасуға және сыныптасының жұмысын бағалауға мүмкіндік беру болып табылады.
Оқыту үдерісіндегі кері байланыс - оқу мен оқытудағы ақпарат жүйесі кезіндегі ішкі және сыртқы байланыстың нәтижесі.
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланысты қамтамасыз ететін үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төмендегі кезеңдерден тұрады:
-Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
-Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
-Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп отыру.
-Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай етіп ынтымақтастыру.
-Оқушы өз оқуы барысында өзін «жасаушы/құрушы» ретінде қабылдау.
Кері байланыс – бұл оқу тапсырмаларын шешетін және мұғалімдерге оқудағы жетістік деңгейлерін анықтауға мүмкіндік беретін, оқу үдерісінің жүруі туралы ақпарат беретін құрал.
Кері байланыс әрекеттесуге және ойлау бағыттарын өзгертуге немесе оқушыларға өз қателерін жөндеуге, өзара сыйластық пен мейірімділік атмосферасы орнату арқылы жүзеге асады. Кері байланыс құралы арқылы оқушы алға жылжу үшін нақты ұсынымдар мен оқуда өзінің әлсіз тұстарын білуге ақпарат алады, ал мұғалім үшін өзінің әрекетіне өзгерістер енгізуіне (жаңа әдістерді таңдау, оқу техникасын, сабақтың уақытына өзгерістер енгізуге) және оқудағы кедергілерді жоюға мүмкіндік болады.
Коммуникация
Оқушыларды өз ойларын түрлі тәсілдермен жеткізуді сұраңыз – хат, сурет,
қойылым, карта, мүсін және т.б. арқылы.
Тасымалдаушы құрал – бұл хабарлама. Белгілі бір дәрежеде қарым-қатынастың
қалай болатындығы жайлы суреттейді. Басқа тасымалдау құралдарын қолдана білу мұғалімдердің оқушылар түсінігін түрлі жағынан көруіне көмектеседі.
Ойластырылған диалог
Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог барлық оқушылар өз ойларын айта
алатындай, түсінігін оятып, анықтай алатындай ойластырылған, рефлексиялық, бағытталған болуы керек. Оқушылармен сұхбаттасу сапасын талқылап, мақсатын айқындап, қандай жағдайда жақсартуға болатынын сұраңыз.
Минуттық қағаз
Сабақтың өн бойында оқығанды естеріне түсіріп, ең негізгісін (пайдалысын,
ұқсамайтынын, маңыздысын) анықтап, ол туралы бір минут уақыттың ішінде
жазады.
Кері байланыс парағы
Модератор қатысушыларға кері байланыс парағын тарата отырып, берілген
сұрақтарға жауап берулерін өтінеді. Сабақ қатысушыларына сауалнама түріне
қарай белгі қоюға немесе жауаптарын жазу ұсынылады. Сұрақтар қарастырылып жатқан тақырыпқа қатысты да болуы шарт, қатысушыларға ойларын анықтап алуға жағдай жасайды. Сын жазылған сауалнамалар кіші топтарда бір-бірімен салыстырылуы мүмкін. Жауап табуға мүмкіндік берілсе абзал.

Әдебиеттер:
1.Каирова Д.Т.Қалыптастырушы танымдық кері байланысты ұйымдастырудың тиімді жолдары: Әдіст. құрал. / Т.Д. Каирова. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. – 50 б.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017

 
Яндекс.Метрика