Среда, 23 Октября 2019
Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Жеке тұлғаның қабілетін анықтаудағы педагог тағылымы

User Rating:  / 0
PoorBest 

Ильясова А.Ш., аға оқытушы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»
СҚО, Петропавл қаласы,
Молдагожина Роза Дюсеновна,
бастауыш сынып мұғалімі
СҚО, Қызылжар ауданы
«Петерфельд орта мектебі» КММ

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деген [1].

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми - теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Бастауыш сынып мұғалімі болу мен үшін үлкен мақтаныш әрі бақыт. Жас бүлдіршіндерге сабақ беру, оларды оқу мен жазуға үйрету мен үшін үлкен қуаныш және бастауыш сынып мұғалімі болу басқа мамандықтардан гөрі өзіме ыстық, жүрегіме жақын. Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту мәселесі ҚР «Білім туралы» Заңында қарастырылған. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Осы бастауышта мұғалім болып істеп келе жатқаныма 34 жыл. Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде 2 сыныптың оқушыларымен жұмыс жасап жатырмын. Оқушының жетістігі – мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында.
«Ұстаздық – ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу – үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін 3. Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу – абыройлы іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы мақсаттарының бірі: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру 4. Осы мақсатты негізге ала отырып, мынадай мәселемен жұмыс жасаймын: «Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту».
Өзектілігі: Бастауыш сынып оқушылары үшін тіл білім алудың көзі болып саналады. Оқушы тілінің дамуы жоғары болса, ол оның өмір жолында, сыныптастарымен қарым-қатынасына, сонымен қатар, мектепте нәтижелі оқуына әсер етеді.
Жек тұлғаны дамытудағы мақсат – оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету.
Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі. Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы. Сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана мәселе емес екендігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады.
Сөйлеу әрекеті - тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол - адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету - тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау.
Оқушылардың қазақ тіліне, әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылығын дамыту мақсатында күнделікті сабағымды жан-жақты, түрлі әдістемелік, баспасөз материалдарын, ғылыми әдебиеттерді пайдаланып және оқытудың заманауи технологияларын енгізе отырып өткіземін. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, өз сабақтарымда қазіргі таңдағы инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағымда озық педагогикалық технологияларды пайдалануым жақсы нәтижелер бергенін көрудемін.
Ұсынылған тапсырманың түрлері мен жаттығулар жүйесі сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуға көмектесті.
Тіл үйретудің практикалық, қатысымдық бағытталуына септігін тигізді.
Кез келген сабағымды тақырып бойынша жаңалықтармен таныстыру арқылы бастауды дәстүрге айналдырдым. Қызығушылықты ояту арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін қызықты өтуіне себеп болады. Мен өзімнің сабақтарымда СТО технологиясының элементтерін пайдаланамын. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады.
Брунер оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) [5].
Қорыта келгенде, мақала көлемінде ана тілі сабақтарында оқушының тіл байлығын арттыруға жәрдемі тиетін әдіс-тәсілдер мен іс-әрекет түрлері қарастырылды. Осындай жұмыстар жүйелі жүргізіліп отырса, кез келген мұғалімнің мақсатына жететіні даусыз.
Әдебиеттер тізімі
1.2018 ж. 10 қаңтар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
2.Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы.
3.Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2016 жыл.
4.Егемен Қазақстан, - 2012 жыл, 29 қыркүйек.
5.Шымырбаева Ж.К., Идришева З.Е. «Активные упражнения для создания обучающей коллаборативной среды», АОО НИШ ЦПМ. – Астана, 2015 г.

 
Яндекс.Метрика