Среда, 23 Октября 2019
Жаңалықтар / Новости
  Педагогтердің кәсіби даму траекториясын шыңдау және үздіксіз білімін жетілдіру мақсатында  Қазақстан Республикасы Президенті  Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялайды. В контексте реализации программы «Рухани жаңғыру» и Послания Президента Республики Казахстан Н. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» от 10 января 2018 года АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» объявляет конкурс видео-уроков и видео-лекций «ПАНОРАМА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИДЕЙ» 
   |   

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың өзін – өзі бағалауының қалыптасуы

User Rating:  / 1
PoorBest 

Ильясова А.Ш., аға оқытушы
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»
СҚО, Петропавл қаласы,
Саурбаева К.К., бастауыш сынып мұғалімі
СҚО Аққайың ауданы
«Дайындық ОМ» КММ

Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының бір аспектісінде: «Бастауыш білім беру – бастауыш оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуы, оның қабілеттілігін табуы және біріңғай дамуы, оқуға деген құштарлығын арттырып, білімін қалыптастыруы» - деп айтылған

 

Өспелі жас және педагогикалық психологиясында бастауыш мектеп жасы ерекше орын алады: бұл жас аралығында тек өзін - өзі ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар оқу әрекетін де игереді, ерікті психикалық функциялары қалыптасады, рефлексия пайда болады, өзін - өзі бақылау, іс – қимыл ішкі жоспарлармен сай келеді.
Р.Бернстің айтуынша Өзін-өзі бағалау – адамның қабілетіне, мүмкіндіктеріне, жеке сапаларына, сонымен қатар сыртқы келбетіне деген қатынасы. Адамның өзі туралы пікірі өзінің нақты жан дүниесіне сәйкес келгенде бағалауы дұрыс (адекватты) болуы мүмкін. Кейбір жағдайда өзі жайлы пікірі басқалардың пікірімен сәйкес келмесе және әр түрлі болса өзін-өзі бағалау дұрыс емес, яғни адекватты емес болады.
Бала мектепке барған кезде оның күн тәртібі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады. Күнделікті оқу қажеттілігінен көптеген өзгерістер туындайды. Оқыту және тәрбие процесі барысында белгіленген нормалар мен құндылықтарды меңгере отыра, оқушы басқалар тарапынан (мұғалім, құрдас) баға беру пікірлерінің әсерінен өзінің оқудағы нәтижелеріне, сондай-ақ өз-өзіне тұлға ретінде белгілікті түрде қарай бастайды. Мектепте алған бағадан оқуға деген ынтасының дамуы тәуелді болады, негізінен соның салдарынан кей жағдайларда қатты күйзеліске ұшырайды. Мектепте алған баға өзін өзі бағалау дамуына тікелей әсерін тигізеді. Бастауыш мектептегі үлгерім бағасы жалпы тұлғаны бағалау болып табылады және баланың әлеуметтік мәртебесін анықтайды.
Американдық авторлардың көптеген зерттеулерін зерделей келе мектепке дейінгі және төменгі сынып жасында өзіне өзі баға беру дамуының айтарлықтай алға басушылығын атап көрсетуге болады. Бірақ бұл түсінікті кеңірек талқылау айқын шешім шығаруға, өтіп жатқан өзгерістерді айтарлықтай сипаттауға мүмкіндік бермейді. Өзін өзі бағалауды бағаланатын қасиеттер туралы түсініктерден бөлек қарастыруға болмайды. Сондықтан өзін өзі бағалауды өзің туралы жалпы түсінік тұрғысында қарастыру қажет. Ғылымдағы деректерге сәйкес субъектінің қандай екенін туралы түсінік құрамына субъект үшін жеке маңызынан айырылған құнды - бейтарап қасиеттер жатпайды. Бұл қасиеттер субъектіге жоғары позитивті немесе негативті құндылықтармен үлестіріліп беріледі.
Баланың өзіндік сана-сезімі оқу барысында жүзеге асырылады. Өзін өзі бағалау критерийлері біркелкі емес. Тұлға өзін екі түрлі тәсілмен бағалайды: өзінің алдына қойған талаптарын іс әрекетіндегі нақты нәтижелерімен сәйкестендіру және өзін басқа адамдармен салыстыру. Неғұрлым алдына қойылған талап жоғары болса, соғұрлым оны қанағаттандыру қиынға түседі.
Кез келген іс әрекеттегі жетістік пен сәтсіздік тұлғаның осы іс-әрекетіндегі өз мүмкіншілігін бағалауына айтарлықтай әсер етеді: сәтсіздік алдына қойған талаптарды төмендетсе, жетістік оны жоғарылатады. Салыстыру да өте маңызды: тұлға өзін өзі бағалау кезінде тек өзінің жетістіктерін ғана есепке алмай, жалпы әлеуметтік жағдайды ала отыра ерікті немесе еріксіз түрде өзін басқа біреулермен салыстырады. Сондай-ақ тұлғаның жалпы өзін өзі бағалауына жеке ерекшеліктері және бағаланатын қасиет пен іс-әрекеттің қанша маңызды екені әсер етеді. Жеке өзін өзі бағалау түрлері өте көп. Адамның жеке құндылықтар жүйесін, нақты қандай қасиеті және іс-әрекеті басты болып табылатыны білмей тұра адамды бағалау мүмкін емес
Өзіне - өзі баға беру жеке тұлғалық құрылым, ой іс-әрекетінің жеке тұлғалық шегі ретінде анықталады. Өзін өзі бағалаудың әдістері мен тәсілдері өзін өзі бақылау, талдау, өз өзіне есеп беру, өзін өзі бақылау, салыстыру болып табылады. Өзін өзі бағалау формасына қарай (барабар, аса көтерілген, аса төмендетілген) мотивацияланған адам белсенділігін көтермелеуі немесе керісінше басуы мүмкін. Өзін өзі бағалау тұлғаның тұтас өзіндік сана-сезімін маңызды бөлшегі. Ол адамның өзімен, сондай-ақ қарым қатынасқа және өзара әрекетке түсетін өзге адамдармен үйлесімді қатынасына түсуіне қажетті жағдай жасайды. Өзін өзі бағалаудан адам іс-әрекетінің табыстылығы, болашақта тұлғаның дамуы бағынышты болады. Төменгі мектеп жасындағы оқушының өзін өзі бағалауы мектептегі бағасына, айнадағыларының пікіріне, ата-анасының берген бағыт-бағдарына байланысты болады.
Төменгі сынып оқушысы оқу барысында мақсат қою білуі және өзінің тәртібін бақылай білуі қажет. Өзін өзі қадағалау үшін өзі туралы білуі қажет. Өзін өзі қадағалау процессінің қалыптасуы өзін өзі бағалау деңгейінің дамуына байланысты. Төменгі сынып оқушылары өзін өзі бақылауды үлкендердің басшылығымен немесе құрдастарының қатысуымен жүзеге асыра алады. өзі туралы түсінік төменгі сынып оқушыларының өзіні өзі баға берудің негізі.
Өзін-өзі бағалауы бірдей емес кіші мектеп жасындағы балалармен әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасын мақсатты түрде қолданса, оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі бірдей болады, ал жетістікке жету мотивациясы жоғарылайды, сәтсіздіктен қашу мотивациясы төмендейді Өзін-өзі бағалау деңгейінің дамуы бастауыш мектеп жасындағы балаларда жетістік мотивациясының дейгейін тиімді әрі статистикалық көтеруге мүмкіндік береді. бастауыш мектеп жасында өзін-өзі бағалау деңгейін дамыту бағдарламасы жетістікке жету мотивациясының деңгейін жоғарылатудың тиімді құралы болып табылады. Тәжірибелі зерттеу нәтижелері кіші мектеп жасындағы мотивация, мақсатты қалыптастыруға болатын, мотивация ортасының жылжымалы бөлігі екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Төменгі сынып оқушысында өзін өзі бағалауының қалыптасуы оның үлгеріміне ғана байланысты емес. Отбасындағы тәрбиелеу стилі, отбасындағы құндылықтар да үлкен маңызға ие. Өзін өзі тым жоғары бағалайтын балалар кумир принципі бойынша, сыншылдық емес жағдайда тәрбиеленеді және өзінің ерекшелігін ерте сезінеді. Отбасыларда өзін өзі жоғары бағалайтын бала тұлғасына назар айтарлықтай талаппен үндеседі. Өзін өзі бағалауы төмен балалар үйде үлкен бостандыққа ие, бірақ бұл бостандық шындығына келгенде ата-аналардың балаға және бір біріне деген немқұрайдылығы.
Осы орайда жаңартылған білім беру оқушының өз-өзін бағалауында сансыз септігін тигізеді. Себебі мектеп жасындағы балалар мектептегі оқытуда да өзін бағалау, өзара бағалау, өзгені бағалауды іс жүзінде сабақтарда үйреніп отырады. Кейін бұл күнделікті жұмысқа айналады. Сол арқылы да өзін- өзі бағалауы қалыптасады. Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады.
Қорытындылай келгенде, тәрбиелеу мәдениеті балаға әсер етудің дұрыс үйлесуін қалыптастыруда екенін атап өткіміз келеді. Өзін-өзі бағалау сияқты күрделі жеке сапаны қалыптастыру, ата-аналардың, педагогтардың және мектеп психологының бірлескен күштерімен ғана мүмкін. Баланың өзін-өзі бағалауынан қазіргі уақыттағы мотивациясы ғана емес, сондай-ақ алдағы уақытта ол белсенді, өнегелі, өз мүмкіндіктерін іске асыратын тұлға бола ма, әлде өмір бойы өзіне сенімсіз, ешнәрсеге бейімделмеген адам болып қалатыны тәуелді. Біздің қоғамымыздың күрделенуіне байланысты, балаларға мектеп пен өмір арасындағы байланысты сезу қиынға түсуде, көбінесе оқушылар қарқынды уақытта ойдағыдай бейімделе алмайды. Өзін-өзі бағалауының бірдей болуы қоғамда ойдағыдай бейімделудің негізгі шарты болып табылады. Ал жетістікке жету мотивациясы қиындықтарды жеңуге, оқуға ниеттер туғызатын, баланың ішкі күштерінің көзі. Бала өзіне сенімділікті және іштей қанағаттануды сезінеді. Осылардың барлығының негізінде: оқушының өзіне сенімділігі мен жағымды мотивациясы – өмірдегі ертеңгі жетістік деген қорытынды жасауға болады.

Әдебиеттер тізімі:
1.Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б.
2. Абеужанова, А.Б. Критериалды бағалау - құзырлықты қалыптастырудың тиімді жолы (жаңа форматтағы сабақ) [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал / А.Б. Абеужанова // География в школах и вузах Казахстана: МКИ РК.- Алматы, 2015.- № 6 (60).- Б. 22.- ISSN 1814-8387
3.Блэк П., Уильям Д. (2009). Педагогические исследования: формативное оценивание. Британский научный журнал исследований №29.
4. Болатбаева, К.Н. Критериалды бағалау жүйесі: теория және тәжірибе // Система критериального оценивания: теория и практика [Мәтін]: Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық журнал / К.Н. Болатбаева // 12 жылдық білім беру: ҚР МАжҚКМ.- Алматы, 2014.- №3.- Б.30.
5.Дудкина О. И.,Буркитова А. А.Формативное оценивание в начальной школе. Практическое пособие для учителя: «Білім», Алматы, 2012.- 89 с.
6. Логвина И., Рождественская Л. Инструменты формирующего оценивания в деятельности учителя-предметника. Пособие для учителя. – Нарва, 2012. – 48 с.

 
Яндекс.Метрика